Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4195 0 пікір 26 Желтоқсан, 2012 сағат 07:34

Мағжанға – Сәбиттен

(Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным - Алаш!..» зерттеу кітабынан үзінді)

1931 жылы 15-мамырда соңғы нүктесін қойған «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты тарихи зерттеуінде С.Мұқанов:

«Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарына саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ... Мағжанға шейін өткен қазақ ақындары көбіне өлең үлгісін күншығыс елінен, әсіресе, араб, парсыдан алатын. Мағжан орыс мектептерінде оқып, көбіне Еуропа, оның ішінде, әсіресе, орыстың әдебиетін тез меншіктенді. Абай қазақ әдебиетіне Еуропа түрлерін шетпұшпақтап кіргізсе, Мағжан дендеп кіргізді. Еуропаның әдебиет түрлерімен қазақ оқушылары Мағжан арқылы толық танысты... Мағжан өлеңдерінде сыршылдық (лирика) жағы күшті келеді. Мағжанның өлеңдерін оқып отырғанда оның сол өлеңді жазып отырған уақыттағы жан жүйесінің құбылысы (душевное переживание), ішкі сезімнің толқыны көрініп тұрады. Мағжан өлеңінен құр ғана ұйқасқан сөздерді көрмейсің, ақынның ішіндегі әйгілейтін айнаны көресің. Сыршылдық жағынан Мағжан көп ақынға бәйге бермейді»,- деп жазды.

Кеңестік идеологияның тылсым түрмесінде жатып, ату жазасына кесіліп, одан он жылға концлагерьге жер аударылған ақынның шығармашылық жолына мұндай жоғары баға берген Сәбит Мұқановты Мағжан Жұмабаевқа қарсы қою, ұстазымыз Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай, «тіпті ұят» (Т.Кәкішұлы, К.Ахмет. Сәбит Мұқанов, А.Арда. 2005. 161-бет). Өзінің азаматтығын ол Мағжан Карелияда тұтқында жүргенде дәлелдеп, 1934 жылы қарашада хат жазып, онда әдебиеттегі маркстік талапты, таптық күресті мойындаса, онда социализмнің адасқан ақынды кешіре алатынын, осы сапарда бір жола тазарып келсе, жазушылар одағының есігі ашық екенін айтқан. Бұл жай хат емес, әдеби ортаға ресми шақыру еді. Араға арандатқан сөз араласпау үшін Сәбит Мұқанов бұл хатты орысша жазған. Мағжанға және 1933 жылы 21-ақпанда Мұхтарға жазылған хаттың түпнұсқасын бізге сексенінші жылдардың аясында Сәбеңнің шырақшысы боп жүрген тұста пікірлес досым Құлбек Ергөбек  ұсынып еді.

«Мағжанға - Сәбиттен.

Мағжан! Мен жақын күндері сізбен бірге тұрған Әуелбеков деген жігітпен кездейсоқ кездесіп қалдым, түрмедегі кесімді уақытын бітіріп, үйіне қайтып келеді екен. Егер ол Сіздің адресіңізді дұрыс берсе, онда менің бұл хатымды аласыз. Бұған сіз алғашында таңданып та қаларсыз. Ол орынды да, өйткені сіз бен біз мүддесі мүлдем кереғар екі таптың өкіліміз. Алайда сіздің қазіргі жағдайыңызды бетіңізге баса айтқым келетіні мынау. Біздің өкіметтің жазалау саясаты адамды қанауды мақсат етпейді, қайта еңбек арқылы қайта тәрбиеленуге мүмкіндік береді.

Сіз жұмысшы табының алдында үлкен қателіктер жібердіңіз, оның идеясы мен мүддесіне қарсы шықтыңыз. Большевиктер: керек кезінде күш те қолдана алатынын үнемі айтып келді, айтып та жатыр, бірақ бұл зорлық күш өзіне ұнамайтынның бәрінің көзін жоя береді деген сөз емес. Буржуазия табымен жұмысшы табы татуласпайды, оны жояды -  деген болатын Ленин. Алайда кейбір тұлғалар қайтадан түлеуі мүмкін. Ондай жағдай тарихта бірнеше рет қайталанған.

Сіз, біздің қазіргі сөз өнеріміздің ұлы шеберлерінің бірісіз. Қазақтың жазба әдебиеті тарихы дәуірлік маңызы бар туындыларды дүниеге әкелген үш ірі ақын мен жазушыны біледі, олар: феодалдық әдебиеттің шыңы - Абай, буржуазиялық әдебиеттің шыңы - Сіз және кеңестік әдебиеттің шыңы - Сәкен. Біздің сынымыз мұны әлденеше рет атап өтті.

Иә, Сіз, 1928 жылы «Тоқсанның тобыры» мен «Толғау» атты 2 өлең жаздыңыз. Бұл өлеңдеріңізде кеңестік идеологияға қарай қадам басуға тырысқаныңыз байқалады. Бұл шығармалардың негізгі құрылымын дұрыс түсінсем де, кейбір жағымды тұстарын бағалай алмағанымды мойындауға тиіспін. Біз сізді сол пікірімізбен үркітіп алдық па, әлде басқа себептері болды ма, бұл қадамыңызды одан әрі жалғастыра алмадыңыз.

Буржуазия табының жойылуы және оның мәдениетінің күнінің батқанын біз, коммунистер ғана емес, сол таптың өз өкілдері де мойындап отыр. Бұған ағылшынның буржуазияшыл жазушысы Уэллстің Сталин жолдаспен әңгімесі мысал бола алады (Бұл сұхбатты Сізге оқып шығуды өтінемін, «Большевик», № 17, 1934 ж.).

Кім де кім талқаны шыққан буржуазиялық мәдениетті қалпына келтіруге ұмтылып, өліп бара жатқан тапқа қызмет еткісі келсе, онда «құмды суарып, егін екпе» деген қазақ мәтелінің керін құшады. Сондықтан да әлемнің адал ниетті интеллигенттері пролетариаттың өсіп келе жатқан мәдениетіне шұғыл бет бұрып, оған үлес қосуға тілек білдіріп отыр. Сөйтіп адамдар өздерінің азаматтық парызын өтемек. Өйткені адамзат қоғамы оның бір бөлігінің екінші бөлігін қанаудан тек пролетариат диктатурасы арқылы құтқара алады. Біз, коммунистер, оларды қайта тәрбиелеуге бар күшімізді жұмсаймыз. Мысалы, Сіздің кешегі пікірлесіңіз   Мұхтар Әуезов бүгін өзінің қателігін мойындап, кеңестік жолға түсті және ол жазушы коммунистермен бірдей партия мен үкіметтің қолдауына ие болып отыр.

Сталин жолдас жазушы Уэллспен сұхбатында: жекелеген адамдар субьективті түрде социализм идеясына қарсы шықпауы мүмкін, бірақ буржуазиялық диктатураның күшпен құлатылуын мойындамауы арқылы оның қорғаушысы болып шығады - деген болатын.

Сіздің кінәңізге пролетариат мемлекеті қашан кешірім жасайтынына қарамастан, мен сізге бір сұрақ қойғым келеді: болашақта сіздің ақындық қаламыңыз кімге қызмет етеді?

Сіз маған жауап береді деп сенемін.

Соңғы екі-үш жылда мен Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімінде оқыдым. Қарашаның 20-да Алматыға тұрақты қызмет істеуге барамын. Отбасым әзірше Москвада қалады. Оларды алып кетуге мен желтоқсанның аяғында келемін.

Сәлеммен - Сәбит. 2/-ХІ.1934 ж.»

Менің адресім: Москва, 21, Остожкенко, 53, 62-бөлме (алпыс екінші). Мұқанов Сәбитке».

«Abai.kz»

0 пікір