Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3614 0 пікір 26 Желтоқсан, 2012 сағат 07:18

Абдурақын Нұрхалық. Зиялы және қазақ

(Шахановтың кешінен кейінгі ой)

Бүгінгі қоғам шындығын ертектерде айтылатын аузын арандай ашқан әждаһа десек, Мұхтар қолына алмас семсер ұстанған батыр іспетті. Ұлтымызды тұншықтырып отырған жаһандану үрдісі,  жаппай ұлтсыздану, жағымпаздық, жалтақтық, үркектік сияқты бүгін күн шындығын басқалар білмей ме? Әлде білсекте  жалған зиялылыққа салынып «патшаның жаңа киміндегі»  тыр жалаңаш қалған патша кейпіне ұқсағымыз келе ме? Жоқ, бұл уақыт еншісіндегі шаруа ма, дәуірдің өзі нүктесін қоя ма? Әйтеуір елдің бәрі үнсіз тек Шаханов Горкидің дауылпазындағы шағаладай жалғыз шырылдайды, зарлайды, долданады, буырқанады. Біреулер: «ол бар-жоғы жеті кллас бітірген шала сауат, ал кеуде, ұрма, есерсоқтау, эмоцияға берілгішғ ақымақ жан» дейді.

Шаханов өлеңіндегі тапқыр ұйқастар мен терең тамырлы мифтерден бастау алатын тың философиялық ойлары кімді болсада бей-жай қалдырмайды, оның жан әлеміндегі пәктік, рухындағы  сергектік, сонымен бірге оның шығарған әндеріндегі адам жанын тербейтін сардаланың самалы, ұйтқи соғып ұйқыңды шайдай ашатын жағымды бораны, жұрттың оны төбесіне хан көтеруі, оның кештерінде көрерменнің көптігі адам таңғаларлық. Осыншама адамдардың ықыласына бөлену ақымақ адамға тән нәрсе ме?

Адам өте зиялы, асқан ақылды болсада болмайды. Ондай адам барлығын тек ақыл таразысына салып өлшейді, жүрек лүпілі, ар, рух бәріде тек мидың басқаруында болып шектеліп қалады. Сосын да олар шұңқырды басқысы келмейтін сақтанғыш та сабырлы болып алады. Олар асқан прагматиктер болғандықтан тіпті олардың  жақын туысы өліп жатсада, ол өз асығыс шаруасын тастамай айналыса береді, өмірде бәрі болады, ол тіршілік заңдылғы деп қарайды. Бүгінгі европалықтар ақылдың шыңына шығып мендік санасын шексіз шарықтатып, өзінің жеке бастық жан, тән рахатын өмірге ұрпақ әкеліп онымен бөлісудің өзі әділетсіздік деп қарап тұқымдары құрып барады. Ал Мұхтар болса керегін кітаптан емес, өмірдің өзінен судан кебек алтын сүзіп алғандай алған, адами жүрекпен барлық нәрсеге қарай алатын нағыз қазақ. Ондайлар досқа адал, сертке берік,  мейірімді, маххабатта тұрақты болары анық.  Қонаев атамыздың адам таңғаларлық маххабатын Шаханов былай жеткізді: Қонаев көкеміз елу бес жыл асыл жары Зухра мен отасса да орталарында шыр еткен шикі өкпе болмапты, сонда да олар «жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал маххабат таусылмайтын әңгіме» деп таңды таңға жалғап тәтті әңгімелерін үзбеген екен. Аталас ақсақал, қара сақалдары тұқым жалғау тіршілік заңы деп ақылмансығанда атамыз кемпірінің қостауын да тыңдамай,  «түрі жаман есектерде әдемі қодықтар тудыра алады» ал біздің ортамызда тамаша маххабат бар, ол таза сезім,  тұнған философия емеспе?»,  деп бұл пәниден тұл кетіпті. Мұхтардың оқиғалы жырлары деталді әдемі таңдап,  философияға шеберлікпен ұштасады, Шаханов шыңыда осы шығар. Азаматтығы өзі айтқандай «адам кейде содырлау да болу керек» дегенге ұласқан өз алдына таусылмайтын әңгіме.

«Abai.kz»

0 пікір