Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3420 0 пікір 26 Желтоқсан, 2012 сағат 06:48

Оқырман лебізі

«Abai.kz» порталының оқырмандарынан хат жиі келіп тұрады. Соның бір - Орынбек Айтбенбетовтің Қарағандыдан жолдаған үшбу тілек хаты.

Жыл ауысар шақтағы жылы лебізге толы хатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Abai.kz»

Құрметті редакция!

«Abai.kz» порталының оқырмандарынан хат жиі келіп тұрады. Соның бір - Орынбек Айтбенбетовтің Қарағандыдан жолдаған үшбу тілек хаты.

Жыл ауысар шақтағы жылы лебізге толы хатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Abai.kz»

Құрметті редакция!

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қазақ қоғамында үлкен серпіліс пайда болды. Бұл баршамызға белгілі жайт. Дегенмен тәуелсіздікпен бірге қоғамымызға әлемнің әр шалғайынан қажетті-қажетсіз ақпараттар тасқыны ағылды. Осынау кезеңде ұлтымызды, қоғамымызды дұрыс жолға бастайтын пікірталас алаңы қажеттілігі туындады. Әрбір БАҚ өзінің қал-қадерінше жол табуға тырысып келеді, дегенмен жаңа инновациялық технологиялар дәуірінде электронды ақпарат құралдарының маңыздылығы көзге шалынды. Бұл істің бастауында қаламы қарымды журналистер легі болғаны қуантып жүр. Қазақ теледидарына ерекше леп әкелген Қасымның «Шынның жүзі», Сәуленің «Ақжүніс», Нұрекеңнің «Бетпе-бет» т.б. бағдарламалары осы сөзіміздің дәлелі іспетті. Бүгінде Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай» ток-шоуы еліміздің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін үзбей көретін сүйікті хабарына айналды десем артық болмас. Әр хабарында қарапайым халықтың көкейінде жүрген мәселелерді дөп басқан тамыршыдай дәл тауып жүрген осынау бауырымызға көрермен алғысы шексіз. Отбасы, ошақ қасынан ұзамайтын қордаланып қалған сұрақтар бүкіл елге тарап, өз шешімдерін тауып та жатыр. Ал электрондық БАҚ арасында «Абай.кз» порталының шоқтығы биік, алатын орны ерекше. Қазір кез-келген көкейкесті мәселе, ұлт мұратын ұлықтайтын, ұлтшылдықты, отансүйгіштікті насихаттайтын дүниелерді де осы порталдан табасың. Бұл кейбіреулер көкіп жүргендей, қазақ журналистикасының қарымы өзге тілді БАҚ тан нашар деген кертартпа ұғымды теріске шығарып отыр. Бұған сан  мыңдаған оқырманның «Абай.кз»-тің әрбір жарияланымын асыға күтетінінен онда жарияланған материалдарды қызу талқылап жатқандығынан байқауға болады. Осы орайда Дәурен Қуат бастаған «Абай.кз» ұлттық порталы ұжымының тілі шұрайлы,сөзі шырайлы журналистеріне үлкен шығармашылық табыстар тілеп, Қазақ Елінің егемендігін нығайту мен дамыту жолында еселі еңбек ете беріңіздер дегім келеді.

Құрметпен,

Орынбек Айтбенбетов.

Қарағанды облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 399
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 218
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 235
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 230