Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3466 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 08:52

«Астана» президенттік спортклубы «Real» және «Barcelona» клубтары сияқты жұмыс істейді – Шөкеев

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Республикада құрылған «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы «Real» мен «Barcelona» клубтары сияқты жұмыс істейді, деп мәлім етті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

««Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы - құрамына еліміздің алдынғы қатарлы спорттық имидждік жобалары кіретін бірлестік (...) Бұл клубтың мақсаты әлемдік аренада Қазақстан Республикасының имиджін насихаттау болып табылады. Біздің мақсат - «Real», «ЦСКА», «Barcelona» сияқты әлемдік грандтарға ұқсас ұлттық кәсіпқой спорт клубын қалыптастыру», - деді Ө. Шөкеев дүйсенбі күні клубтың тұсаукесерінде.

Оның айтуынша, клубтың құрамына «Астана» баскетбол командасы, «Астана Дакар Тим» ралли-командасы, «Астана» футбол командасы, «Астана» су полосы командасы, «Астана Арланс» боксшылар командасы, «Астана» ат полосы командасы, «Астана» велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы және қазақ күресін дамыту жөніндегі «Қазақстан Барысы» кіреді. Ауыр атлетикадан екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинді қаржыландыру жеке жоба ретінде енгізіледі.

Клубтың президенті 2004 жылғы бокстан олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев.

Клубқа оперативті басқаруды «Астананың» бас менеджері, ҰӘҚ-ның бұқарамен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов жүзеге асырады.

0 пікір