Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3172 0 пікір 24 Желтоқсан, 2012 сағат 08:41

Қазақстанның премьер-министрі Астана-Щучинск автобанымен жүру үшін төлем алу жүйесімен танысады

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов Астана-Щучинск автобанымен жүру үшін төлем алу жүйесімен танысады, деп хабарлады ҚР орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев.

«Бүгін, 24 желтоқсанда Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов Астана - Щучинск автомагистралінің учаскесінде болып, жүру үшін ақы алу жүйесінің енгізілуімен танысады», - деді А. Әбиболлаев дүйсенбі күні брифингте.

Оның айтуынша, 25 желтоқсанда С. Ахметов үкімет отырысын өткізіп, онда суға тариф қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізу мәселесі қаралады.

«26 желтоқсанда С. Ахметовтың төрағалығымен ұялы байланысты дамыту перспективалары және оның қазіргі жағдайы қаралатын кеңес өтеді. Сондай-ақ,  премьер-министрдің төрағалығымен «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өтеді.

Апта ішінде үкімет «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

0 пікір