Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3738 0 пікір 22 Желтоқсан, 2012 сағат 06:12

«Таңғы шық» елі тұңғыш рет әйел президентті сайлады

Оңтүстік Кореяның тарихында тұңғыш рет әйел адам - билеуші «Сэнури»  консервативтік партиясының үкілі үміткері Пак Кын Хе 51,6 пайыз дауыс жинап, ел президенті болып сайланды. Оның «Сэнури»  партиясы биыл парламенттік сайлауда да жеңіске жеткен еді.

Онымен тайталасқа түскен Біріккен демократиялық партияның өкілі Мун Чже Ин 48 пайыз дауысқа ие болды. 60 жас­тағы Пак Кын Хе - мемлекеттік төң­ке­­ріс арқылы билікке келіп, Оңтүстік Ко­рея­ны 1963 жылдан 1979 жылға дейін бас­­­қар­ған генерал Пак Чон Хидің қызы. Ке­реғар тұлға Пак Чон Хи, бір жағынан, дик­татор­лы­ғымен аты шықса, екінші жа­ғынан, ол - оң­түстіккореялық «эко­но­ми­­ка­лық ғажа­йып» авторы. Ал заңгер, құ­қық қор­ғау­шы, президент әкімшілігін бас­­қарған Мун Чжэ Иннің әкесі кезінде КХДР-дан көшіп келген екен. Биылғы сайлауда мерейі үстем бол­ған Пак Кын Хе 2008 жылы да прези­дент­тік додада бағын сынап, партияласы, қазіргі пре­зи­дент Ли Мен Бактан жеңіліп қалған еді. Бар өмірін саясатқа арнаған әйел пре­зи­денттің ері, бала-шағасы жоқ. Оң­түстік ко­рей елінің 18-президенті бо­лып сай­ланған Пак Кын Хе 2013 жылдың ақпан айында өкілеттілігі аяқталатын Ли Мен Бакты ауыстырады.

"Айқын" газеті

0 пікір