Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
2395 1 пікір 26 Тамыз, 2022 сағат 14:31

Сенатқа жаңа облыстардан депутаттар сайланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан келген алты жаңа депутат сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:

Абай облысынан – Байахметов Бақытжан Кәкенқаджыұлы, Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы;  Жетісу облысынан – Толамисов Амангелді Ғабдылқарымұлы,  Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы;  Ұлытау облысынан – Медебаев Советбек Тұрсынұлы, Серік Жаманқұлұлы Шайдаров сайланды.

Үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатының 311-і дауыс беруге қатысқан.

"Барлық өңірлер кворумға сай болды. Алты мандатқа барлығы 12 кандидат қатысты (әр облыстан төрт адамнан). Дауыс беру, сондай - ақ басқа да барлық сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті", - деп жазды ОСК.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2245
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2601
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2571
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687