Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Анық 3118 3 пікір 25 Тамыз, 2022 сағат 16:22

Біз бауыр болмаймыз ешқашан!

***

Біз бауыр болмаймыз ешқашан!
Туыс та сен емес күткен.
Отандас болу жоқ,
аталас та емеспіз, енелес... тіптен.

Езгіні еңсерер Рухың жоқ,
азаттық алар ойың жоқ –
өзіне өгейлік қылғандар
жарытпас жамағайын боп.

Өздеріңді өздерің баршадан
"Үлкен Ел" сайлап алдыңдар –
кішірсек кімге де іні боп,
"ағалар", қайда қалдыңдар?!

Есепсіз көп, бірақ,
түр - тұлғасызсыңдар...
Тым аянышты.
Болсаңдар да алпауыт... Ұлымыз!
Қор етпес Құдай арысты!

Барлығын да белден басқанда,
кімдерден бақ асырдыңдар?!
Іштарлық ірітіп іргеңді,
айуанша аласұрдыңдар.

Бейтаныс сөздейін сендерге
о бастан Еркіндік деген,
шиеттей шағыңнан шынжырға
шырмалған, дертің мықты ел ең.

Үйлеріңде үндемей,
"пәледен құтылар" үмітсізсіңдер,
Молотов қоспасын өртеп біз,
кешеміз ырықсыз күндер.

Жүрегімде Елімді жылытар
тулаған тым ыстық қаным,
керек пе көрсоқыр, жер - көкті
улаған туыстықтарың?!

Жанарларымыз бар жаужүрек,
жаусатар жауыққандарды,
қару - жарақсыз да жасынбыз,
қас жұртқа – қауіп бар мәңгі.

Еңсемізді жиып, есейдік...
Ерледік құса ғасырда
біз мергендеріңнің Өр Елді
мөрлеген нысанасында.

Озбырлар қиғанда топшыдан
Отаным тізе бүккен-ді,
бас көтердік те біз төңкердік...
Түгелдей түзедік кемді.

Дұғада дірілдеп, тығылған
атжалман, азбандарыңа
енді ес жию жоқ,
жуынады олар өз қандарына.

Жоғарыдан жолдар
жаңа "Сөз" сен үшін бұйрық –
Біз көтерілдік те от кештік,
барлығын Ел үшін қидық.

Пұт – патшаларың бар сендердің,
ал, бізге – Еркіндік қымбат...
Біз бауыр болмаймыз ешқашан!
Сорлы жұрт, сертімді ұқ, тыңдап!

Анастасия Дмитрук

Аударған Алаштуған

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар