Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3772 0 пікір 19 Желтоқсан, 2012 сағат 09:15

Ұлдай Ибайдуллаева. Қалам ұстағандар қайыр сұрамайды

Желтоқсанда қазақ жастары жазалаушы алып машинаға құр қол қасқая қарап тұрды. Сол күндері ұсталғандары, тергеу кезінде саусақтарын итке талатты, қарулы жендет басынан тепті. 1986-дағы «нәзік жандар» қатарында тележурналист қыздар алдыңғы сапта болды, ошағының қамы үшін бір төсін кесіп, оң қолымен сәбиін қорғап, сол қолымен садақ тартқан тегі түрік амазонкалар жұрағаттары намысын таптағандарға алаңда тапжылмай тұрып, үнсіз сес көрсеті. Жазалаушы машинаның теріс үгіт, өтірік насихатын естідік, көзбен көрдік. Осы озбырлық пен кемістушілік кеудеде намыс отын лаулатты. Желтоқсанда «Осы біз кімбіз?» деген сұрақ сананы қамшылады. Оқиға дүбәралардың ұлттық болмысын есіне түсірді. Уақыт бізге империяның қуаты иделогиясының күл-қоқысын арашалап, жас мемлекеттің айбатты насихат құралы жаңа телевизиясын жасауды жүктеді. Алдымызда ендігі міндет ұлт-азаттық реңдегі хабарлар дайындау болатын. Бұл парызды ойдағыдай атқардық. Желтоқсаннан кейін менің замандастарым телеэкранға өз келбетін жаңаша айшықтады. Біз бостандықты аңсаған бабалардың армандарын бұхараға жеткізіп, сүйінші сұраған қарлығаштар болдық. Бірақ, бүгінде олар ұмыт қалды.

Желтоқсан және тележурналисттер

Желтоқсанда қазақ жастары жазалаушы алып машинаға құр қол қасқая қарап тұрды. Сол күндері ұсталғандары, тергеу кезінде саусақтарын итке талатты, қарулы жендет басынан тепті. 1986-дағы «нәзік жандар» қатарында тележурналист қыздар алдыңғы сапта болды, ошағының қамы үшін бір төсін кесіп, оң қолымен сәбиін қорғап, сол қолымен садақ тартқан тегі түрік амазонкалар жұрағаттары намысын таптағандарға алаңда тапжылмай тұрып, үнсіз сес көрсеті. Жазалаушы машинаның теріс үгіт, өтірік насихатын естідік, көзбен көрдік. Осы озбырлық пен кемістушілік кеудеде намыс отын лаулатты. Желтоқсанда «Осы біз кімбіз?» деген сұрақ сананы қамшылады. Оқиға дүбәралардың ұлттық болмысын есіне түсірді. Уақыт бізге империяның қуаты иделогиясының күл-қоқысын арашалап, жас мемлекеттің айбатты насихат құралы жаңа телевизиясын жасауды жүктеді. Алдымызда ендігі міндет ұлт-азаттық реңдегі хабарлар дайындау болатын. Бұл парызды ойдағыдай атқардық. Желтоқсаннан кейін менің замандастарым телеэкранға өз келбетін жаңаша айшықтады. Біз бостандықты аңсаған бабалардың армандарын бұхараға жеткізіп, сүйінші сұраған қарлығаштар болдық. Бірақ, бүгінде олар ұмыт қалды.

Желтоқсан және тележурналисттер

Көпке белгіліні келістіріп айту қиын. Қазақ теледидарына жұмысқа 1986 жылдың жазында келдім. Үш мың адам жұмыс істейтін Қазақстанның ең ірі, мемлекеттік телеарнасының кеңселері мен техника жабдықтары орналасқан қазақ радиосы Желтоқсан көшесі мен Республика алаңындағы 2-ші аппараттық студиясы жоғары қарай «Қазақтелефильм» болып жалғасып жатқан қалашық болатын. Желтоқсан оқиғасының нағыз куәгерлері - қазақ радиосы мен теледидарының қызметкерлері еді. Жұмыс орнымыз алаңға жақын жайғасқандықтан, қайсымыз қандай пиғылда болсақ та, бұл оқиғаны көруге мәжбүр едік. Алғашқы сағаттан бастап басшылар «алаңға жоламаңдар» деп қатаң ескертті.                                                                                                Кабинетіміздің терезесі алаңға қарап тұратын. Сол күні редакцияда бірге жүргендер ұлттық бет-бейнесіне қарап үнсіз екіге жарылдық. АСК-2 (қазіргі Тимирязев көшесінің бойындағы «Хабар» арнасы отырған биік ғимарат) кешенінде қарагөздер мұңайып, терезеге телміріп тұрмыз. Күнде бірге жүрген қызметкерлер арасында салқындық орнап, қайнап жатқан «теленің» мазасыз жұмысы тоқтап қалғандай, мылқау тыныштық орнады. Екі еркек әріптесіміз желкемізден «Если бы у меня было ружьё, то я бы незадумываясь перестрелял бы всех этих баранов» деп зіркілдеді. Басшылардың «ол жаққа бармаңдар» деген күндізгі ескертуін тыңдамастан, жұмыстан шыққан бойда алаңға қарай асықтық. Бұл кешкі  сағат 18.00-19.00-дар шамасы болатын. Ұжым үлкен болғандықтан бір-біріміздің жүзімізді білгенімізбен, жыға танымайтынбыз. Алаңда «Алатау» арнасының бірінен бірі өтетін, қарасаң көз тоймайтын сұлулары түгел жүр екен. Есте қалғаны, «топ модель» дейтін ұзын бойлы Гүлия, бұйра бас Боран, Уәлихан, басқа да қыз-жігіттер болды. Қыздардың бірі орыстың шұрайлы тілімен рух көтерер сөз айтып, арасында қазақтың хандық тарихының айтулы көбасшы тұлғаларды жеті атамыздан бері қарай тізіп жатты. Елден ерекше белсенді режиссер Яхин Рубикжанды, тұмақ киген Тұңғышбай ағаны, басқа да өнердің қас жұлдыздарын «тірілей»  алғаш осында көрдім. Алаңда редакцияның қыздары - Зухра, Шәрипа, Назгүл, Роза бірге тұрғанбыз. Шәрипа Жамқаева студенттерге «шыршаны жұлмаңдар», «Менің елімді» айта беріңдер» деп, үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатты. Сағат 22.00-лер шамасында бетке соққан судың екпінінен біз бір-бірімізден адасып, бөлініп кеттік. Су шашылғанан кейін алаңдағылардың қарасы селдірей берді. Үстіміздеге шашылған су сыртқы киімдеріміз мұз болып қата бастады. Біршама уақыттан кейін алаңға қайта оралып, мінбеге қарай жақындай бергенде, Розаны  қуаты қол сүйрей, қапталы ашық әскери жүк машинасына лақтырып жіберді. Біздер жан ұшыра алаңнан төменгі, «студия» дейтін қазіргі «Қазақстан» арнасының ғимаратына қарай қаштық.Мен қазіргі Желтоқсан құрбандарына қойылған ескерткіш алдында жазда су ағып жататын арыққа жақындағанда аяғым тайып құлап түстім, біреу басымнан теуіп өтті. Басымды көтере бергенде алдымда қашып бара жатқан екі қызды әскери жендет иығына түскен шаштарын қолына орады да, екеуінің басын бір-біріне соғыстырып жатқаны, қыздардың шыңғырған жан даусы әлі құлағым да, көз алдымда. Желтоқсандағы бас жарақаты 26 жыл бойы жан азабын тартқызып келеді. Сонымен, Роза  жоқ болып кетті. Ол Алматыдағы аудандық ішкі істер бөлімінің бірінде қамалыпты. Көбіміз бойдақпыз, пәтер жалдап тұрамыз. Қалада пәтері бар жалғыз әріптесіміз - Назгүл, бәріміз сол үйге топырлап қонып жүрдік. Үш күннен соң Назгүл Розаны, денсаулық министрліген қайырымды бір қазақты тауып, алып шықты. Розаның, тергеу барысында, қолын итке қаптырған, бірақ ол ешқайсымыздың атымызды атамаған. «Мен алаңға барған жоқпын, қасымда ешкім болған жоқ, жұмыспен бет алды өтіп бара жаттым» деп міз бақпай үндемей отыра бердім, «бағыма қарай, тергеуші жігіт тау халқының өкілі болды»,- деп күле еске алатын. Жаңа жыл жақындағанда Роза екеуміз Кеңсай зиратының етегіндегі таулы қыраттағы пәтерімізге оралсақ, Маша әжей «көздеріңді жоғалтыңдар, қаншықтар, мә!»,- деп, түйіншегімізді бетімізге лақтырды.Жасырын редакцияны паналап қонып жүрдік. Жаңа жылдан кейін басқаша дүрбелең басталды. Алаңға барған қыздардың суретін ұстаған қара киімді «сөйлемейтін» жігіттер қаптады. Дирекцияның кезекті отырысынан оралған редакция басшысы Баймұрат Жоламанов ағай Зухраның суретін көргенде зәрем қалмады. «Тыныш жүрмейсіңдер-ау!» деп ымдап, көзі күліп, ризалық сыңай танытты.Марқұм әрдайым жарқылдап жүретін ісіне тындырымды кәсіби биші қыз Зухра осы оқиғадан кейін ұзақ уақыт бас киімін көзіне түсіріп киюды әдетке айналдырды.Бұл алып ұжымның  бір редакциясының басынан өткен оқиғаның ұшқыны  ғана.

Комсомол ұйымының хатшысы Гүлжан Хамитқызы  суретінен таныған талай қазақты «терісімен» арашалап алды. Ауылдан шыққан бізді «мамба» дейтін. Алматыда туып өсіп, Мәскеу мен Санкт-Петербург университетеінде білім алған, ана тілін білмейтін, білгілері келмейтін құрбылармен алаңда тіл табыстық.Олар ұлт намысы аяққа тапталған тұста қара табандармен бірге абыройды атан түйеге артты. Әріптесіміз, орыс тілді журналист алаңға барғандарды қорғап, Ғалия Әженова көп жапа шекті. Есте қалған оқиғаның бірі - сол күндері төрағаның техника саласының орынбасары Крылов көке «алаңға барғандарың анықталса, жұмыспен қоштасасыңдар» деп қайталап қадап айтқаны. Оқиғадан кейін төрағаның бірінші орынбасары Сағат Әшімбаев ұжымның алдында біздің сөзімізді ашық сөйледі. Оның тұтыға  айтқан жалынды сөзі мен жабырқаулы жүзі, мұңды жанарын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.Содан кейін басшымыз ауруханада ұзақ жатыпты, жүректегі желтоқсан қайғысы Сағат Әшімбайұлын қайтпас сапарға біржола алып кетті.Сол күндері қазақ теледидарының директоры, ұлтжанды, әділ басшы марқұм асыл ағамыз Рафаэль Бәйкенұлы Жұмабаевқа  әкеміздей арқа сүйеп едік...

Тәуелсіздік таңын қарсы алған әріптестер

 

1991 жылға дейін желтоқсан туралы дауыстап айта алмадық. Ол туралы сыбырласып сөйлесетінбіз. «Не істей аламыз?» - деп аулада, бұрыш-бұрышта күңкілдеп жүретінбіз.

Тележурналистер бұл оқиғадан кейін 92 жылдары ғана  желтоқсанда өз көзімен көргендерін жаза алды. Теленің жастары Ұлбосын Айтөленова мен Сәуле Жиреншина, Жамбылдан Серік Аббасов (Шах)  көрерменге дүбірлі 86-ның шындығын жеткізуге көп еңбек сіңірді. Әріптестер көк тудың желбірегенін, Президенттің алғашқы ресми сапарларын, алаш ардақтыларын ақтау, ұлттық теңге, Алматы метросы құрылысының басталуы, басқа да айтулы оқиғаларды көрсетті, айтты, жазды. Олар бұрын тек орталық теледидардың тілшілері баратын жабық тақырыптарға қалам тарты. Біздер Қазақстан мұнайының мәселесі мен болашағы жайлы ана тілде тұңғыш хабар таратып, «Аждаһадан арылу» атты полигонның зардабы мен жабылғаны туралы репортаждар топтамаларын жаздық. Қазақстанның батысындағы «Азғыр», «Тайсойған», «Ява»  сияқты ажал апандары мен Семейдегі Дегелең тауындағы 101-К шахтасына түсіп, көзбен көрдік. «Капустин-Яр» полигон топырағының астында қалған Дәулеткерей бабаның құлыптасын аршу рәсіміне қатысып,Аякөз қаласындағы полигон сынағында қақталған,  жасынан бұрын қартаятын көз көріп, құлақ естімеген маймыл кейпіндегі керең, соқыр балалар туралы аса құпия  ұсталған интернаттан хабар таратық. Нарық пен тәуелсіздіктің қатар келуі адамзат тарихында өте сирек кездесетін құбылыс. Әріптестер еліміздің ішкі-сыртқы экономикадағы, тарихымыздағы қалыптасу кезеңінде елбасының саясатын көрерменге  жеткізді. 1992 жылдардан бастап тәуелсіз арналар мен ресейлік «сары» басылымдар белең алды. Елге түрлі бағыттағы діни секталар ентелеп енді.Халықтың тарихи тамырын елемейтін, жалған мәдениетті дәріптеуші қаптаған БАҚ-қа бірден-бір төтеп берген - жалғыз Қазақ теледидары мен радиосы болды.Оның отымен кіріп, күлімен шыққан замандастарым еңбегінің қайтарымына ештеңе дәметпеді. Қыз -жігіттер күн-түн демей, редакцияларда қона жатып, жұмыс басынан табылды. Баласын босана сала, тура  перзентханадан хабарын жасауға келген Қапышова Ләззатқа да таң қалған жоқпыз. Сол тұста әріптестердің кішкентайлары қасиеті шаңырақ «Қазақстан» арнасының ауласында ойнап өсті.Әсіресе қыздар жағы Махамбет айтқандай, артар жүкке шыдады, тартар бейнетке төзген кәтапты қара нарлар болды. Себебі олардың мойнында жас мемлекеттің мақсат мұратын насихатау сияқты зіл батпан жауапкершілік тұрды.Жас әріптестер, аға-апаларың азат елдің жаңа телевизиясының болашағына осылайша үлес қостық. Тәуелсіздік таңдары әріптестерге де сәулесін шашты.1994 жылдың наурызында телерадио комитетінің тарихында бұрын-соңды болмаған «кісі есігінде» үйсіз жүрген радио мен телемамандар «қазақтелефильм», «телеорталықтың» басқа да саланың жүздеген жастары Алматының төрінен жайлы жатақхана мен 54 отбасы қоныстанатын пәтерге қол жеткізді.Бұл игі істің басында Заманбек пен Шерхан, Ғаділбек  ағалар тұрды.

«Қазақстан» арнасындғы 2002 жылғы «аласапыран» - отандық телемектептің қирауы

Қазақ теледидарындағы дәстүрдің үзілуі Шер-аға Мұртазаның қызметтен кетіп, 1994 жылы «Қазақстан» Телерадио Корпорациясына Ләйла Бекетова-Храпунова төрайым болып келген күннен басталды. 1986-1988 жылдары «Алатау» арнасында режиссердің көмекшісі, атшабар қызметін ғана атқарған Ләйла Бекетованың басшылығына тележурналистер ашықтан ашық қарсылық акциясыға  шықты.Тәуелсіз мемлекеттің айбынды насихат құралы-алып ұжым жастарының үздіксіз наразылығы биліктен  қолдау тауып,  Бекетова-Храпунова орнын босатуға мәжбүр болды.Білетін аға-апалар «ана қатынан аулақ жүріңдер,ешкімге айтпаңдар» деп сыбырлады: «Ләйла сендерге, «арызқойларға» ерегісіп арнаның таңдаулы техникасын, «алтын қорының» бір бөлігін, АСК-2 аппараттық студияны «Хабарға» басқада «бірдеңелерді» беріп жіберді-мыс». Жолы болған «қара тізімге» ілікпеген қарсылық акциясына қатыспаған басқада  әріптестердің бір тобы «Хабар» агенттігіне ауысып, жан сақтады.1995-2001 жылдары «Қазақстан» арнасының ахуалы күн санап әлсірей берді, еңбек ақы 5-10 теңге, қаламақы мүлдем төленбеді. Техника тозды. Іссапарға бару тоқтатылды. Әріптестер еңсесі түсіп, тұрмыс биледі. Сол жылдары редакцияларда компьютер деген атымен болмады. Қазақ теледидары тарихындағы айтулы реформа 2001 жылы арнаға төраға болып келген Ғалым Доскен мырзаның командалық  ауысуынан кейін басталды.

Арна қызметкерлері жас-кәрісінің хабарлары жабылды,  «жарамсыз» деп танылып, жұмыстан шығарылды. Қысқартуға алдымен беделді,  белсенді журналисттер ілікті. Сол тұста редакцияларымызға компьютерлерін көтерген телекәсіптен хабарсыз қыз-жігіттер қаптады. Жай келген жоқ, екпінмен, «біз қазақ теледидарын «қайта құрамыз» деп келіп, араға 4-5 жыл салып «біз жасадық» деп қайта кетті. Жарты ғасырдан асқан  тарихы бар Қазақ теледидарының өткенін аға буын жасап кеткен еді. Шығармашылық топтың талай жылғы қабілеті мен еңбегі  зая болды.Теледидардың дамуында дәстүр жалғастығы айрықша рөл атқарады.Осылайша отандық теленің  шеберханасында шыңдалған, дәстүрлі мектептің соңғы тәрбиесін көргендер телевизиядан біржола аластатылды.Кейбірі жұмыссыздықтан тағдыр тәлкегіне түсті, айықпас дертке шалдықты, бірі қалалық автокөлікте жолаушыдан жол ақысын жинаса, біреулері Қытай асып ала қап арқалады. Талантты журналистер - Абдулла Сүлейменов пен Асы Байбатша осы әділетсіздікті көтере алмай, теледидарға қайтып баруды армандаумен өмірден ерте кетті. Сол уақытта қызмет істеген әріптестердің атына күйе жағылды. Сөйтіп, қазақ телевизиясы ұзақ уақыт  «командалық ауысу» сырқатынан әлі де айыға алмай келеді. Туа біткен телемамандар, менің замандастарым үлгі тұтқан-Камал Смайлов, Сұлтан Оразалы, Ғаділбек Шалахметов, Роза Темірғалиқызы, Әділбек Тауасаров, Болат Маженов, Феруза Перзадаева, Шолпан Қаратайқызы, Жанна Ахметова, Асқар Бапишев, Фатима Мамырбекқызы, Светлана Татенко, Ғұсман Игісінов, Мәриям Айымбетова,Тыныс Өтебаев, Қажы,Клара Қорғандар,Роза Жүнісова,Рабат Жәнібеков, Роза Хайруллина, Елжас Қасиманов,Төкен Қаймолдинов, Лұқпан Есенов, Жеңіс Мақатаев, Мэлс Байсанбаев, Жүрсін Ерманов,Гүжан Ерғалиева, Александр Понамаревтар жалғастырған телемектеп біржола опат болды.Олар қазақ телевизияның классикалық үлгісін жасап берді. Біздер де, Сіздер де жұмыс істеген телеарналарда сол үлгіні заман талабына сай, безендіріп пошымын ғана өзгерте алдық.Ардагерлеріміздің адамгершілік, кәсіби шеберлік, ұстаздық дәстүрін жоғалтып алдық. Өкініштісі, олардың аты бүгінде аталмайды, ұмыт қалып, аға- апалардан ұят болды.Ал,біздер өзімізден кейінгі жастарға дәстүр сабақтастығы, ұрпақтар жалғастығын тапсыра алмадық.

...Талайдың тағдырына араша болған әріптестер  налып, «осылай кете береміз бе?» деп туладық. «Үлкен дарияны кесіп өтуден, құдретті адаммен жауласудан және көппен айтысудан қорық» дейтін халық сөзін еске алдық. Бірсыпыра әріптестер жаңа команданы үйреткенше, алты айдан бір жылдай «қолбала» қызметін атқарды.Олар «Қазақстан» арнасының экранынан бұрынғы қызметкерлерді «қабілетсіз», «арнаны жеке басына пайдаланған» деген сияқты ауыр сөздерді айтудан жалықпады. Бірақ 2002-2005 жылдары «қабілетсіздер» дайындаған біраз хабарлар эфирге қайталанып беріліп жатты. Мысалы, тамыздың 29 күндері, яғни, президент полигонды жабу туралы жарлығына орай жасалған «Елім-ай»  полигонның қасіреті туралы деректі хабарды эфирге дайындаған шығармашылық топтың аты жөндерін түгел өшіріп беретін.

«Қабілетсіздер» жыры Ғалым Боқаш мырза Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған тұста дастанға айналды.Хабарлары жабылып, намысқа тиер сөздерді көтеріп, жұмыссыз қаңғып қалған ондаған журналистер мен теле мамандар тағдыры жайлы парламентегі аға-апалар   естімеген, көрмеген болып сырт айналды, бірде-бір БАҚ жағын ашпады, әйтеуір егемен елде өмір сүруге құқығымыз болғанына қуанып жүре бердік. Бірақ,«қалам ұстаған қайыр сұрамайды» деп түйдік.Осы нәубаттың ақиқаты мен мән-жәйін төрағаның орынбасары- «елім, ұлтым» деп жүрген азаматтар, режиссер Сламбек Тәуекел ағамыз бен  бас редактор Тұрсынжан Шапай мырзалар біледі.Алдына барған әріптестер «Тұрсынжан ақын ғой, жерге қарады» деген-ді.Сонымен, 2002 жылдың 14 қаңтарында біз тобымызбен ата-анамыздың үйіндей болған қара шаңыраққа қарайлай-қарайлай кете бердік. Кетіп бара жатып көзде жас, кеудеде өксік тығыны тұрды. Кеше желтоқсанда алаңда жыламадық. Бүгін неге егілдік? Неге? Бұл туған үйдей болған Қазақ теледидарын, қыздарымыз бойжетіп,  жігіттеріміз азамат атанып, бізді экран арқылы миллиондарға танытқан, қолымыздан жетектеп, телекәсіпті үйреткен аға-апалар, бірге жүрген әріптестерді қимау шығар. Әлде, өз басымызды ата заңда жазылған құқығымызды қорғай алмаған  санаға сіңген құлдық, күңдік психология - бейшара түрімізге деген шарасыздық ызасы ма? «Неге бұлай?», «Қалай болды?», «Әріптестер неге үнсіз қалды?» деген сауалдар жанды жегідей жеп келді, міне, арада 10 жылдан аса  уақыт өтті. Өткенді еске алуға түрткі болған күзде «Алматы» арнасынан тобымен кеткен жұмыссыз қалған жас әріптестердің тағдыры алаңдаңдатса, бүгінгі БАҚ беттері мен ғаламтор парақтарындағы жастар жағы «теледидарды біз жасадық» алдымызда үлгі болар ешкім жоқ дегенді жиі айтатын болды. Ол рас.

Орайы келгенде атай кетсек, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасын» дейді халқымыз ақыл-ойдың астанасы-Алматының «Алматы» арнасы қазақтың мүддесін күйттейтін үлкен арналардың «тұмсығы батпайтын» өзекті тақырыптар көтеріп межелеген мақсатына жетіп жүрді.Елімізде тележурналистердің тобымен жұмыстан кетуге мәжүбір болуы, тосын жағдай емес, өкініштісі әріптестер қауымы тіл, ұлттық мүдде, журалист құқығы төңірегіндегі майданда басы бірікпейтін сыңайлы?

...«Қытығыңа тисе, құмырысқа да шағады»,- дейді дана халық бізде құмырсқа секілді жер басып жүргенімізді білдіргіміз келді. Сіздерге де өкпе жоқ, «танымасын сыйламас» деп атам қазақ тегін айтпаған. Жас әріптестер, қоғамның «командалық дерттің» құрбаны болған ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарының жаршылары көп нәрсені білген, түйген тірі куәгерлері, жүздерін желтоқсанның ызғары қарыған, аға-апаларының өткені осындай болды.

...Кейде бабалардың «қатын басқарған, ел оңбайды» деген қағидасын мойындау да керек.Шындығында күндер өте келе Ләйланың қаһарына ілікендердің жолы болмапты.Арада жылдар өтіп, қатарымыз сиреп, шашымызға ақ қырау жармасқан сайын, желтоқсанда «ұлттық арымызды таптатпаймыз деп, алаңда тапжылмай тұрып, үнсіз қасарысқан» тележурналист  құрбы қыздардың балғын жүздері санада ескірер емес...

...2002 жыл 14 қаңтары. Түнгі эфирден қайтқанда үйді-үйімізге тарататын, бір қадам артық аяқ баспайтын қырсық шал - Толя атай таң атқанша қыңқ етпей, даңғырлаған дәу көне автобусымен түнгі Алматыны асықпай  аралатты. Сонымен, бәрімізді қоймашы Шура мен Толя әкей шығарып салды. Бізді түсінген, қазақ телевизиясының ардагерлері, көненің көзі - осы екі кісі еді. Қазақтың «әкең өлсе, өлсін, әкеңнің көзін көргендер өлмесін» деген сөзінің астарын сол кеште түсінгендейміз.

Автобуста бәрі де, өнерден құр алақан емес әріптестер таң атқанша  жыр оқып, би билеп, әндетіп, 2002 жылдың 15 қаңтарында   тобымызбен Алматының жұмыссыздар қатарын  толықтырдық.

Қазан, 2011жыл

Ұлдай Ибайдуллаева, экс-тележурналист

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар