Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3556 0 пікір 18 Желтоқсан, 2012 сағат 10:34

Айтақын Бұлғақов. Елбасының иесі ме, киесі ме?

Айтыстың алтын діңгегі атанған Сүйінбайдың қорғаны болған қызыл жолбарысы, замамында жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа ауысқаны туралы айтылады аңызда. Ғұмыр бойы: «Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп жырлап өткен абыз ақын көз жұмар алдында өзінің қасында болғандарға Алатау жақты нұсқап тұрып, киелі жолбарысының қырғыздарға қарай тау асып кеткенін айтыпты деген әңгіме де  ел ішіне кеңінен тараған, әлі күнге дейін айтылады. Кейіннен қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айматов Алматыға жолы түскен сайын Жамбылдың  жатқан жеріне  барып жерге аунайтынын көздерімен көргендер бар.  Сондайда  қариялар мен жергілікті жұрттың сөз ұстарлары:  «Баяғы Алатау асып,  қырғызға кеткен жолбарыс Шыңғысқа қоныпты» десетін. Шешесі  қазақтың шаппырашты руынан шыққан Шыңғыс Айтматовтың өзі де  Сүйінбай мен Жамбылдың жолбарысы өзіне пір болғанын аңғартып: «Жамбылдың жолбарысы менің жанымда, қазақтан қашан кемеңгер, данышпан шығады сол кезде өз жұртына қайтар», - депті дегенді газеттерден оқып, теледидардан естідік. Сол аңыз деп те айтуға келмейтін әңгіме бүгінде  шындыққа айналғандай. Талдықорғандағы «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі  тапсырмамен Талдықорған қаласындағы, Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры, сазгер Әли Алпысбавпен арнайы сұхбаттасу барысында, сазгерді суретке түсірген еді.

Айтыстың алтын діңгегі атанған Сүйінбайдың қорғаны болған қызыл жолбарысы, замамында жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа ауысқаны туралы айтылады аңызда. Ғұмыр бойы: «Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп жырлап өткен абыз ақын көз жұмар алдында өзінің қасында болғандарға Алатау жақты нұсқап тұрып, киелі жолбарысының қырғыздарға қарай тау асып кеткенін айтыпты деген әңгіме де  ел ішіне кеңінен тараған, әлі күнге дейін айтылады. Кейіннен қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айматов Алматыға жолы түскен сайын Жамбылдың  жатқан жеріне  барып жерге аунайтынын көздерімен көргендер бар.  Сондайда  қариялар мен жергілікті жұрттың сөз ұстарлары:  «Баяғы Алатау асып,  қырғызға кеткен жолбарыс Шыңғысқа қоныпты» десетін. Шешесі  қазақтың шаппырашты руынан шыққан Шыңғыс Айтматовтың өзі де  Сүйінбай мен Жамбылдың жолбарысы өзіне пір болғанын аңғартып: «Жамбылдың жолбарысы менің жанымда, қазақтан қашан кемеңгер, данышпан шығады сол кезде өз жұртына қайтар», - депті дегенді газеттерден оқып, теледидардан естідік. Сол аңыз деп те айтуға келмейтін әңгіме бүгінде  шындыққа айналғандай. Талдықорғандағы «Алатау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі  тапсырмамен Талдықорған қаласындағы, Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры, сазгер Әли Алпысбавпен арнайы сұхбаттасу барысында, сазгерді суретке түсірген еді. Ертеңінде газетке беру үшін сол суреттерді компьютерге көршіргенде, таң-тамаша қалдық. Алпысбаевтың  кабинетінің төрінде, қабырғаға ілінген Елбасы портретінің жоғары тұсынан жолбарыс бейнесін көргенде, осынау тылсымның сырына үңіліп, түрлі жорамалдарға ден бергеніміз де рас. Бұл не? Елбасының иесі ме әлде киесі ме дегенді ойлай отырып,  ақыры Ұлы жазушы Шыңғыс ағамыз айтқан «қазақтан қашан кемеңгер, данышпан шығады сол кезде қызыл жолбарыс та өз жұртына қайтар» дегені шындыққа айналған-ау деп тұжырым жасадық. Ылайым солай-ақ болғай, қазақ елін жиырма жылда әлемдегі әлеуетті мемлекеттерге теңестірген және болашақта одан да биік мәртебеге жеткізем деп отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның туған халқы қазқтың бағы асып тұрғанын бүгінде алыс-жақындағылардың барлығы мойындайды.

Өздеріңіз байқап қарасаңыздар, Елбасы портретінің жоғары жағындағы жолбарыс бейнесі анық байқалады.

Айтақын Бұлғақов,

Алматы облысы.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар