Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1928 0 пікір 28 Шілде, 2022 сағат 14:45

Тамызда "Мектепке жол" республикалық акциясы басталады

Алматы қаласындағы жағдайы төмен отбасынан шыққан 19 мың оқушыға  әкімдік мектеп формасы мен оқуға қажетті керек-жарақтарын сатып алуға көмектеседі. Оған жергілікті бюджеттен 800 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Биыл акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады және "Мектепке жол - Шекарасыз Жақсылық" ұранымен өтеді. Ол аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған.

"Қазірдің өзінде мектептерде оқушыларға оқу жылына дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін жедел желілер, сенім телефондарының жұмысы ұйымдастырылды", - деп хабарлады басқарма басшысы.

Бұл шара елімізде 2008 жылдан бастап  1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіліп келеді. Іс-шараға қатысатын балаларды іріктеу үшін, алдымен әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобындағы» (қада­ғалаусыз және панасыз балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар және мигранттар, қайыршы балалар, далада жұмыс істейтін балалар және т.б.) балаларды анықтау үшін рейд жүргізіледі.

Содан кейін рейдтердің қоры­тындысы бойынша «тәуекел тобындағы» отбасылардан шыққан және әлеуметтік көмек­ке мұқтаж бала­лардың персо­налды тізімдері жасалып, білім беру органдарына және де­меушілерге беріледі.

Акция кезінде білім беру мекемелері мен ұйым­дарын­да сенім телефондары мен қо­ғам­дық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйым­дас­тырылады. Ірі сауда орта­лық­тарында гума­нитарлық көмек пункттері орнатылады. Акцияны ұйымдастырушалар қатарына:

1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

2) Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері;

3) Білім басқармалары;

4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;

5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;

6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, сондықтан қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, меценаттарды, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөлімдеріне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.

Жедел желі байланыстары хабарландыруда Алматы қаласы білім басқармасының сайтында көрсетілген.

Алатау ауданы бойынша: 87006131198

Алмалы ауданы бойынша: 87470448553

Әуезов ауданы бойынша: 87025395397

Бостандық ауданы бойынша: 87772806650

Жетісу ауданы бойынша: 87472940554

Медеу ауданы бойынша: 87759194000

Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498

Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814

Сөз соңында Л.Жылқыбаева журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қазіргі уақытта 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік мектептердің 1-4 сыныптарының барлық оқушыларын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, мемлекеттік мектептердің оқушылары қайтарымды негізде 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз етілетінін, ал 2-сынып оқушылары жаңа оқулықтар алатынын нақтылады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1998
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577