Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3978 0 пікір 3 Желтоқсан, 2012 сағат 09:19

ЕКСПО - ҰЛТҚА ЖҰҒА МА, ӘЛДЕ ДАҢҒЫРА ЖОБА МА?

20 жылдың ішінде езілген халықтан ерікті ұлтқа айналғанымызға өкінбейміз. Аллаға шүкір, қазақ деген халықтың барын әлемге танытуда тойдан той болып жатыр. Алайда, елдің егемен болуы - әлемге танылу емес, ұлттың мүддесі ұрын түрде емес, ашық мақсатқа жету жолымен жүзеге асқанына не жетсін! Көңілді күпті етерлік бір жайт - әлемнің алдына түсіп алып, бізді таныңдар деген көкезу сөздің ұлттық идеяға айналып кеткендігі. Осыны қойсақ қайтеді? Әлде ас батпай ма? Әлде өзімізді өзіміз даңғыра даңқпен асырауға көштік пе?

Иә, біз не көрген халықпыз? Өткен ғасырдың басында машинаны алғаш көріп, шайтан арба атап,  атқа қонып тұра қуыппыз. Онымыз бүгінде анекдотқа айналды. Мәселе онда да емес, талай халықтың кембағалдығы бар, әркімде де жетіп жатыр...

Алайда, біз не көрмеген халықпыз? Бір ғасырда қаймағымыз сылынып, жартымыз қырылып, бала-шағадан қалпына келген жұртпыз. Сондығымыздан ұлттық кодымызды әлі жаңғырта алмай, мәңгіріп, өзара тұтастығымызды сезіне алмай, бірімізді біріміз бақталас көретін балалығымыз қалмай келеді.

Аллаға шүкір, жақсылықты да көріп келеміз. Әріге бармай, 20 жылды алсақ та, әлемдік үрдіске татыйтын той-томалақтың талайын істедік. Тіпті, егемендігі елу жылдан әріге кететін елдер атқармаған жақандық жаңалықтарды жасап жатырмыз!

Міне, енді Алла-тағала жар болып, ЕКСПО деген ұлы жәрмеңкенің тайқазанын орнатпақпыз. Тәңір жарылқады!

Десек те, осы біз - неге ұтқышбыз, жұрт - ұтылғыш? Мәселе, күлшелі бала екендігімізде. Мәселе, ата-баба қанымен қорғалған қыруар байлық көмілген  апайтөс даламыздың арқасында! Бәлкім, соны саудалауды да үйренгенімізде болар... Әйтпесе, ауызымен орақ оратын еброкіндікшіл еброжұртшылық неғып бізге тайқазанды ұстата салады? Мәселе - олардың қазанға саларының жоқтығында және біздің қазы-қартамыздың оларға оңай олжа болатынына әбден сыралғы болғандықтарында.

Жә, жарайды. «Байдың боғын байғұс қызғанады».  Халық болғасын жақсыны да, жаманды да көру - Жаратқанның ісі. Десек те, жақсылыққа да жанымыз мезі болатын түрі жоқ па? Жоқ!  Ел болып қуанып-ақ жатырмыз. Алайда, бір жылда 150 миллиард теңгені игере алмай отырған билігімізге сенімнен гөрі күдік көп. «Кірген із бар да, шыққан із жоқ» дегендей, бірнеше бесжылдыққа азық болар талай қыруар қаржы таланып жатыр,жыртық шелектің түбінен сорғалағандай шетелге ағуда...

Жарайды, көрменің арқасында астанамыз тағы бір құлпырар,тіпті, әлемдік мегополиске айналар. Бірақ ол ұлтқа не береді? Әлемдік деңгейде ас беріп, той жасаған халықтың, 4-5 миллион келгіншілерге жайылып жастық, төселіп төсек болуынан не ұтамыз? 10 миллион қазаққа 5 миллион жатбауыр жат тілімен келіп жапырып кетпей ме? Ауыз су мен жылуға әупірімдеп, баспанасыз бүрсеңдеп, айдалаға шашылған халқымыздың әлеуметтік деңгейі мен меңгерген технологиясы кешегі ата-бабамыз ішіп-жеген қымыз-шұбаттан, қазы-қартадан, ата-бабамыз  істеген торсық пен шаңырақтан, арбадан қаншалықты озбақ? Әлде бұл көрме қазақты әлемге төселетін сырмақ етудің бір жолы ма?

Халық үшін ЕКСПОның маңызы Астанаға келіп-кететін миллиондаған адамдардың ішіп-жеп, кекіріп кетіретін даңғой мақтанның жүзеге асуында емес, одан әрі әлемге ұстаз боларлық әлеуетке жетерлік алғышарт болу-болмауында!

Міне, сол үшінде Астанаға салынатын, жақандық қонақтарға сойылатын малдың есебі емес, халыққа жұғатын, мемлекетке келетін тікелей саяси-экономикалық-әлеуметтік пайданың тиімін жариялау - жобаның басты мәйегі болу керек! Бұл жоба ұлттық құжат ретінде мөлдір судай көрнекті түрде жария болып, оның іске асуын  шенділермен бірге халықтың көзі түсетіндей, әлемге әккі ұры секілденбей, өзімізге өзіміз сыпайы сыралғыдай бетіміз ашық болғаны жөн.

Сырым Дат

«Abai.kz»

0 пікір