Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 2571 2 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 15:16

ОА президенттері Достық жөніндегі келісімге қол қойды

Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің президенттері 21 шілдеде қырғыз жерінің Шолпан ата қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде Достық, көршілік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл сәтті тарихи оқиға деп атады.

"Бұл маңызды құжат біздің елдердің одан әрі жақындасуына, қазіргі әлемде болып жатқан қауіптерге қарсы бірлесіп қарсы тұруға ықпалын тигізеді. Бұл тарихи сәт, бұл келісім Орталық Азияның одан әрі гүлденуіне үміт береді", - деді Жапаров.

Сонымен бірге бес елдің басшылары кездесу соңында "Аралды құтқару" қоры президентінің уәкілетін одан әрі созуға келісіп, Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастық тұжырымдамасын, "Орталық Азия үшін жасыл міндеттер және 2022-2024 жылдары аймақты дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады.

Орталық Азия елдері басшыларының келесі бесінші бас қосуы 2023 жылы Тәжікстан астанасы Душанбеде өтеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1401
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1233
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 989
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1065