Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 2454 2 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 15:14

Рахмон: Аймақты тұрақсыздандыруға тырысып жатқан күштер бар

Қырғызстанның Шолпан ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. 

Онда сөз сөйлеген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Аймақты [Орталық Азия] тұрақсыздандыруға тырысып жатқан әртүрлі күштер бар" деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, белгілі бір күштер әлеуметтік желі арқылы азаматтарды әртүрлі акцияға тартып жатыр. Сол себептен аймақтағы жағдайды барынша жіті қадағалап отыру қажет.

"Орталық Азия үшін ең қауіптісі бүлдіруші діни радикализм идеологиясы. Бұл тұрғыда аймақта салафизм мен ваххабизмнің күшеюі өте қауіпті тенденция. Соңғы оқиғалар діни радикалдар өдерінің мақсаттарына жетуі үшін кез-келген қарсылық акцияларын пайдалануға дайын екенін көрсетті", - деді тәжік президенті.

Былтыр мамыр айында Тәжікстанның Таулы Бадахшан автоном облысында халық көтеріліп, Душанбе-Хорог тас жолын жапқан.

Ресми мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде 16 адам қайтыс болып, 220 адам ұсталған. Кейін билік бұл аймаққа "антитеррористік операция" жүргізгенін мәлімдеді.

Қазақстанда биыл болған Қаңтар оқиғасы кезінде кемінде 238 адам қайтыс болды, Қарақалпақстан оқиғасында 18 адам қаза тапқаны хабарланды.

Үш елде болған оқиға да күшпен басылды. Интернет өшірілді, шекаралар жабылды. Үш елдің билігі де бұл оқиғаларға сыртқы күштің әсері бар дегенді айтты.

Abai.kz

2 пікір