Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2225 0 пікір 18 Қараша, 2012 сағат 21:27

Ауылды көркейткен еңбек адамдары арнайы марапатталды

Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормония ғимаратында облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесіне орай шаруа қожалықтары төрағаларын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер басшыларын және осы салаға қатысты ғылыми зерттеу институт директорларын облыстың 80 жылдық мерейтойы аясындағы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Тәуелсіздіктің арқасында кәсіби мерекелерді кеңінен атап өтіп жатырмыз. Оның ішінде облысымыз үшін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесін атап өту ерекше құрмет. Өйткені,  Елбасының ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлуінің арқасында дәл осы салада облыс толағай табыстарға қол жеткізіп отыр» -деп, атап өтті А.Мырзахметов. Сонымен қатар өңір басшысы мемлекеттің мүмкіндігі артқан сайын ауыл шаруашылығы саласына да мол мүмкіндіктер туып отырғанын жеткізді. Мәселен, төмен пайызбен несие, субьсидиялар бөлініп, көптеген жеңілдіктер қарастырылуда. Соның нәтижесінде және диқандардың маңдай тер, табан етінің арқасында биыл облыс рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. «Жалпы, біз бүгінгі таңда кеңес дәуірінде игерілген жерлерді толық қамтып отырмыз. Алдағы уақытта суармалы жерлерді игерудің көлемін ұлғайтуды жоспарлаймыз»,-деді облыс әкімі. Сөзін қорытындылай келе, аймақ басшысы барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін, еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі. Жиын соңында облысқа белгілі өнер майталмандары ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен еңбеккерлеріне арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636