Жексенбі, 19 Мамыр 2024
1406 0 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 14:26

«Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасы жарияланды

«Алматыны дамыту орталығының» сайтында Алматы әкімдігі даярлаған «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қала тұрғындарының талқысына түседі.

Қазақстанның Еңбек Ері, ұстаз Аягүл Миразова  осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келетінін айтты.

«Қала әкімдігі өте  үлкен,  ауқымды, жан-жақты қамтылған «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала»  атты 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары көрсетілген жобаны ұсынып отыр. Терең ойланатын болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, ол үшін біраз жұмыс атқарылу керек. Осындай жобаның іске асуына қала тұрғындары  қуанып атсалысады деп ойлаймын», – деді Аягүл Миразова.

Оның айтуынша, қала әкімінің білім беру саласына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.

«Сапалы білім алу үшін, мектептің материалдық, техникалық жағдайы, сапалы ұстаздардың сапалық құрамы әрбір сыныпта отырған оқушылардың санына байланысты. Мектептегі ахуалға байланысты адамдар балаларын жақсы мектепке бергісі келеді. Сол мектептің басшысының іскерлігіне, ұстаздарына тікелей байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да қолжетімді сапалы мектеп болу үшін, осы жағына да қатты көңіл бөлу керек. Ал осы бағдарламадағы 2025 жылға дейін сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек дегенді  қуана-қуана қабылдаймыз. Бұл – өте дұрыс. Осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келеді», – деді ол.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі. Жоба жеті бөлімнен тұрады, олар: «Жайлы қалалық орта», «Тұрақты экономикалық өсу», «Басқарылатын урбанизация», «Әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Смарт сити», «Қауіпсіз қала».

Алматыны кеңістіктік дамытудың негізгі міндеті – жайлы қалалық орта құру және қаланың барлық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру. Ол үшін үш басым бастама айқындалды: Алматыны көпорталықты дамыту, қоғамдық көліктің дамыған жүйесі және аудандардың байланыстылығы, жаңа тарифтік саясатты енгізу және шығындарды азайту арқылы ТКШ қызметтерінің сапасын жақсарту.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2148
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2553
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2375
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661