Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2565 0 пікір 20 Қараша, 2012 сағат 21:00

Оңтүстік Қазақстан облысы – 80 жыл: Сайрам ауданының сыйы

Сайрам ауданында тағы бір білім ошағы пайдалануға берілді. Өтеміс ауылына қарасты № 38 Абай мектебі облыстық бюджет есебінен бой көтерді. Нысанның құрылысы биылғы жылдың сәуір айында бас-тау алып, келер жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда, мердігер компания мерзімінен бұрын оқушылар мен мұғалімдердің игілігіне тапсырып отыр. Заман талабына сай тұрғызылған екі қабатты мектепте қазірде 320 бала, ал дайындық тобында 52 бала білім алуда. Жаңа білім ұясында тәлім алғалы жатқан оқушылар да қуанышты. ОҚО-ның 80 жылдығына 80 нысан іс-шарасына сайрамдықтарда осылайша өз үлесін қосты. Өңірде 1000 балаға арналған балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Сайрам ауылының орталығында орналасқан жеке меншік бөбекжаймен өңір басшысы Асқар Мырзахметов арнайы танысып, салтанатты ашылу шарасына қатысты.

"Астана" деп аталатын бұл балабақшада балаға барлық жағдай қарастырылған. Зәулім үш ғимараттан тұратын бөбекжайдағы балалардың сауатын ашатын кітаптар қорыда қаланған. Одан өзге жазғы, қысқы бассейнмен қатар ойын алаңшалары да бар. Жеке кәсіпкер әрі аудандық мәслихаттың депутаты Низамхан Сүлейменов балабақшаны өз қаржысына тұрғызған. Әрине, «Балапан» бағдарламасы аясында.

Ғимарат пен оған қажетті құрал-жабдықтарды қамтыған кәсіпкерге енді мемлекет жалақы мен коммуналдық төлемдерді үлестіріп отырады. Бұл мемлекетке үш есе тиімді. Кәсіпкер алдағы уақытта тағы да дәл осындай бақша салып, олардың санын көбейтуді көздеп отыр. Оны облыс басшысыда қолдайды. Дегенмен мұны өзге аудандағы кәсіпкерлерге де үлгі етіп, көрсету керек. Яғни балабақшасы жоқ ауылдарда осы тәжірибені кеңінен қолдану қажет. Балабақшаның ашылғаны жергілікті жамағаттың да қуанышы болды. Өйткені 130 жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, бүлдіршіндер үш тілде білім алып, сауат ашатын болды.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619