Жексенбі, 19 Мамыр 2024
1764 1 пікір 27 Маусым, 2022 сағат 12:02

Томирис Байсафаны өлтірген дағыстандық сотталды

Мәскеудің Измайловск аудандық алқабилер соты коллегиясы Дағыстан үкіметінің бұрынғы төрағасының ұлы Мұртазәли Меджидовтың ұлын кінәлі деп таныды.

Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, Қазақстан азаматы Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікке ілінген. Сот Меджидовты 13 жылға бостандығынан айырды.

Бұл ақпаратты Мәскеу қалалық сотына сілтеме жасаған Мәскеу қалалық жаңалықтар агенттігі хабарлады.

2018 жылы Томирис Байсафаны өзі оқитын оқу орны ғимаратынан құлаған. Көп ұзамай жарақатынан ауруханада қайтыс болған. Куәгерлер сөзінше, оның өліміне Меджидовпен арадағы конфликт себеп болған. Меджидовке бастапқыда "кісі өліміне дейін жеткізді" деген айып тағылып, кейін оны "кісі өлтірді" деген бапқа ауыстырған. Прокуратура сөзіне қарағанда, Медведов оны әуелі ұрып-соғып, содан соң терезеден итеріп жіберген.

2021 жылы маусымда Мәскеудің Никулинск соты Меджидовты ақтап алған. Қараша айында Мәскеу қалалық соты істі қайта қарауға жіберген. Биыл қаңтарда проекуратура істі Измайловск сотына жіберген, өйткені Никулинск сотының істі қайта қарағанда объективті шешім шығаратынына күмәнданған, деп жазады Кавказ.Реалии сайты.

Мұхтар Меджидов Дағыстан үкіметін 2013 жылдың қаңтар-шілде айларында басқарған. Оған дейін вице-премьер және аймақтағы заң шығару өкілдігінің депутаты болған. 2020 жылы Ресей қорғаныс министрлігінің мүлкін "жымқырды" деген айыппен қамауға алынған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2400
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1662