Жұма, 26 Сәуір 2024
3126 1 пікір 24 Маусым, 2022 сағат 00:17

Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі жаңартылады

Биыл Райымбек батыр кесенесі жаңартылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Abai.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінгі күні Алмалы ауданында 45 мәдени-демалыс нысаны мен 53 тарих және мәдениет ескерткіші бар.

«Биыл Мәуленов көшесінде жаңа кітапхананы аштық, онда коворкинг аймағы мен балаларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Осылайша, аудан кітапханаларының жалпы саны 8-ге жетті. Аудан кітапханалары 10 парк пен скверлерде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары бар «Жарқын жаз» маусымдық жобасын іске асырып жатыр», – деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ол биыл Райымбек батыр кесенесі жаңартылатынын атап өтті. Жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

 

Abai.kz

 

1 пікір