Жұма, 26 Сәуір 2024
1860 0 пікір 22 Маусым, 2022 сағат 14:23

Мәсімов қамауда тағы қанша уақыт ұсталмақ?

ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі, яғни мемлекетке опасыздық жасау бойынша тергеліп жатқан Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі қашанға дейін ұзартылатыны күзде белгілі болмақ. ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов осылай деп мәлімдеді. 

Мәжілістің кулуарында ҰҚК төрағасының орынбасарына "Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі қашанға дейін ұзартылуы мүмкін?" деген сұрақ қойылды.

"Менің ойымша, бұл мәселе күзге таман нақты белгілі болады. Істің материалдары жариялауға жатпайды. Олар құпия болып саналады. Сот органдары соттың ашық немесе жабық өткізілуін шешеді", - деп жауап берді Асқар Әмірханов.

Abai.kz

0 пікір