Сенбі, 27 Сәуір 2024
2297 0 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 13:22

Бауыржан Байбектің Түркияда ұсталғаны рас па?

 

 

Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің Түркияда жүріс-тұрысы уақытша шектелген. Бұл туралы Dala инсайд телеграм арнасы жазды. Арнаның екі бірдей дереккөзі Байбектің Түркиядағы жүріс-тұрысы уақытша шектелгенін хабарлаған, алайда оған Қазақстан тарапынан құзырлы органдар ресми іздеу салмаған.

Арнаның жазуынша, қазір Интерполдың тізімінде Бауыржан Байбектің есімі жоқ.

«Егер Байбектің жүріс-тұрысы шектелсе, ол Қазақстан билігінің ауызша өтінішінен болуы мүмкін. Бірақ ресми құрықтау үшін, бізден ресми өтініш болуы тиіс. Ондай құжат құзырлы органдар тарапынан шықпаған»,-деп жазылған хабарламада.

Бауыржан Байбек - Алматының экс-әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-орынбасары, "Қаңтар оқиғасынан" кейін бүкіл қызметінен кетті. Кейін оның  Дубайға көшіп кеткені туралы ақпарат шықты.

 

Abai.kz

0 пікір