Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4382 0 пікір 20 Қараша, 2012 сағат 13:24

Есенғазы Қуандық. Ғылымдағы жемқорлық

ҚР   Білім және ғылым министрі

Б.Жұмағұлов мырзаға

 

Көшірмесі:

ҚР Бас прокурорына

Тәуелсіз ақпарат құралдарына

ҚР азаматы

Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы,

тарих ғылымдарының

докторы, профессор.

Министр мырза!

Бүгінде ҚР Президенті жүргізіп отырған салиқалы саясатқа бөгет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған, өз залалын  күннен - күнге күшейтіп келе жатқан зауал «сыбайлас жемқорлыққа» қарсы тұру әр азаматтың міндеті деп санап, Тәуелсіздігіміздің болашағына зиянды мына қылмыс туралы хабарлап отырмын. Тараз университетінің деканы Бердібаева Света Қыдырбекқызы қоғамға зиянды ғылымға ешқандай жаңалық әкелмеген  «ғылыми еңбек, докторлық диссертация» жазып, сыбайластықпен ғылым докторы атанып алты жыл бойы мемлекеттің қаржысын «докторлығы» үшін әділетсіз алып келеді.

ҚР   Білім және ғылым министрі

Б.Жұмағұлов мырзаға

 

Көшірмесі:

ҚР Бас прокурорына

Тәуелсіз ақпарат құралдарына

ҚР азаматы

Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы,

тарих ғылымдарының

докторы, профессор.

Министр мырза!

Бүгінде ҚР Президенті жүргізіп отырған салиқалы саясатқа бөгет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған, өз залалын  күннен - күнге күшейтіп келе жатқан зауал «сыбайлас жемқорлыққа» қарсы тұру әр азаматтың міндеті деп санап, Тәуелсіздігіміздің болашағына зиянды мына қылмыс туралы хабарлап отырмын. Тараз университетінің деканы Бердібаева Света Қыдырбекқызы қоғамға зиянды ғылымға ешқандай жаңалық әкелмеген  «ғылыми еңбек, докторлық диссертация» жазып, сыбайластықпен ғылым докторы атанып алты жыл бойы мемлекеттің қаржысын «докторлығы» үшін әділетсіз алып келеді.

Диссертация қорғайтын адамдарға қойылатын Ережені өрескел бұзғаны үшін «доктордың ғылыми еңбегі»  сараптамадан өткізіліп оны қорғатқан кеңес, ғылыми жетекшісі, оны бекіткен Министрліктің жанындағы ЖАК-тың басшысы жауап беруі тиіс. Бұл сорақы оқиғаны жасырып ақтауға тырысушылық ол сыбайластыққа жол беріп қолдаушылық болып саналады.

Диссертацияның тақырыбы: Адамның творчестволық іс-әрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері (творчестволық сөз жарысы мысалында)

19.00.01. жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология.

Психология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы

Ғылыми кеңесші психология-ғылымдарының докторы, профессор С.М.Жақыпов

Алматы 2005 жыл.

Диссертация 350 беттен тұрады.

 

Диссертация жазу барысында пайдаланған 254-әдебиеттің тек 12 -сі  ғана қазақ тілінде, 24-і ағышлын тілінде.  Зерттеу нысанасы ретінде алынған сөз жарысы, яғни айтыс туралы материалдар талапқа сай зерттелмеген. Автор бірді-екілі ақындардың айтысын ғана пайдаланып «ептілік» жасап ғылымға қиянат жасағандығы анықталып отыр. Кейінгі кезеңдегі айтыскерлердің айтыс тақырыбы, сөз саптау шеберліктері қоғамның, уақыт талабына сай өзгерісі ескеріліп, ондағы  психологиялық ерекшеліктер оның қазақ этносына, қоғамға тигізер пайдасы мүлде қарастырылмаған.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының  физика факультетінің қазақ бөлімін бітірген Бердібаева ханым ағылшынша мүлдем білмейді. Психология мамандығы бойынша іргелі білім алмаған ғылымның бұл саласына жолшыбай «жолдан» қосылған «маман».

Диссертация жаңалықтары 10 халықаралық, 9 республикалық, конференцияларда баяндалды деп көрсетілген.  13 ғылыми мақала ретінде (Ізденіс, ҚаҰУ-хабаршысы, Қайнар университетінің хабаршысы)  журналдарында жарияланғанын көрсеткен. Жариялаған еңбектер тізімінде авторефератта 31 мақала көрсетілсе диссертацияда ол 32 - ге көбейген.

Ал шығарған «ғылыми» еңбектерінің 7-уі ғана тікелей айтыс мәселесіне, онда да тікелей емес жалпы фольклор тақырыбына арналған. Ал негізгі қорғалуға шығарылған тақырып айтыс туралы  материалдар өте аз. Диссертант айтыс материалдары негізінде жазылды деп жалғандыққа барған. Пайдаланған әдебиеттер тізімінде айтыс туралы 4-ақ кітап берілген.

Авторефератта көрсетілген  31- еңбектің  8-і басқа  2 автормен бірлесіп жазылған, ол  журналдың бір ғана санында 2-3 мақала болып бірақ басылған. Бұлай ету ЖАК ережесіне қайшы. Диссертант көбінесе өзімен бірлесіп жазған мақала соавторын атын алып тастап,  тек өз атынан көрсетумен әуестенген.

Авторефераттың 39-бетінде  «Тұлғаның креативтілік рефлексия мәселелері» // ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы  -2004ж. № 2 (13) 52-56 бб. Басылған мақала тек өзінікі ретінде беріліп Бердібаеваның ғана фамилиясы көрсетілген. Соавтор С.М. Жақыповтың фамилиясын алып тастаған. Ал журналда Жақыповтың аты-жөні берілген. Бұл ғалымға абырой әпермейтін ұят қылықты диссертант  қалай түсіндіреді?

ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы -2004ж. № 2-нің 22-26 беттеріндегі «Жеткіншектерді  этномәдени құндылықтарды қалыптастыру»-деген мақаланың авторлары үш адам Бердібаева С., Елубаева, Жақыпов С.М.  Ал авторефератта тағы да С.М. Жақыповтың фамилиясы саналы түрде  аталмаған. Сөйтіп журналдың бір санында үш мақала берілген, бұл дегеніңіз ЖАК -тың ережесіндегі талапқа сай емес, қайшы.

Авторефератта көрсетілген «міңгесіп» жазылған мақалаларды автордың тікелей өз еңбегі деуге негіз жоқ. Ғылыми жетекшісі С.Жақыповтың орыс тілінде жарық көрген мақалаларын қазақшаға аударып  «жиендік» жасалғандығы байқалады.

ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы -2003ж. № 1-нің 23-29 беттерінде «Психологиядағы кәсіби өзіндік сана мен кәсіби рефлексия мәселелері» деген мақала екі адам М.Бөкеншина, С.Бердібаева бірігіп жазған. Ал диссертант өзінің авторефератында  мақаланы өзі жалғыз иемденіп М.Бөкеншинаның фамилиясын мүлде көрсетпеген.

Қайнар университетінің хабаршысы. 2004 №2 санында жарияланған мақаласы журналдың 51-55 беттерінде  басылған болса, авторефератта ол мақала 52-56 беттер деп көрсетілген. Екінші мақала  журналда 70-74  беттерде басылса,  авторефератта ол 71-75 беттерде деп көрсетілген.

ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы -2003ж. № 2\11  санында Бердібаеваның «Адамның этномәдени даму мәселелері» атты мақаласы  23-28  беттерде басылған.  Ал авторефератта 23-29 беттерді көрсетіп  29 бетті артық қосып жазып ғылыми әдепсіздікке барған.

Бұл диссертацияны қорғатқан ғылыми кеңес «сыбайластық әрекетке» жол бергендігі диссертацияның мәтінінен көрінеді. Диссертациядағы шет елдер тілінде берілген термин сөздерді қолдану тәртібі өрескел бұзылған.  Диссертация қай тілде жазылғаны белгісіз, әрі сауатсыз жазылған.  Ал ережеде әрбір терминге қолданған соң анықтама беру талабы мүлде орындалмаған.  Сөйтіп мәтін адам түсінбейтін қойыртпаққа айналған, бұл дегеніңіз ғылымды қорлау болып табылады.

1.      Трансактілік

2.      когнитивті

3.      Микроскопиялық бөлшек

4.      Аффективті

5.      Сукцессивті

6.      Интеракциоизмде

7.      Инварианттық

8.      Конструктивті валидтылығы

9.      Проекциясы

10.  Мотивациалық индивид

11.   Онтогенезде

12.  Экстраверсия интроверсия

13.  Сенсорлық моторлық

14.  Мнемикалық

15.   Интериоризация

16.  Дивергентті

17.  орелятивті психффизология

18.  онтогенетикалық

19.   Корреляцияланбайды

20.  Антропоморфизм

21.  Эсхатологиялы

22.  Неокантианствалық

23.  Аффективті интенция

24.  Патегрефиялық

25.   дадаизмнің

26.   Феноменология

27.  Ассоциативті

28.  Либидо

29.  Эрос энергиясы

30.  Эдип комплекстің

31.  эвриология

32.  экстаз

33.   праксиолгия

34.   эвристика

35.  филогенезге

36.  апперцептивті

37.  синкретизмнен

38.   симультандылықпен байланысы

39.  апперцепияның рөлі

40.  перцепцияның ерекшелігі

41.  интроверсияланған

42.  творчествоны конформдылыққа (68)

43.   дивергентті ойлау

44.   сублимация күйі

45.  фасилитация

46.   криманалды аспектіде

47.   дивергентті

48.   интуитивтіліктің базасы

49.   диахроникалық құрылу

50.   интерпретацияланатыны

51.   имплиципті теориясындағы

52.   психометрикалық процедурамен

53.   метакогнитивизмде рефлексия мәселесі

54.   эмпатия

55.  релевантты-иррелеванттылық

56.   иверсия

57.   когнитивизмдегі интроспекцияға

58.   диады

59.   экстериоризация

60.   эмпирика

61.   досегрегациялы

62.   изоморфизм (110)

63.   әлеуметтік перцепция

64.   континумында

65.   анимистік бейне

66.    өлеңдер раковинасы

67.   гипертрофиясымен

68.   интоптар

69.   аттиумдар

70.   стеротиптердің адекваттылығы

71.   рангілеу

72.   аттитюдтар

73.   пафосқа

74.   синтезия

75.   инверианттарды

76.   эмоциялардың хаосындағы интуитивті (140б)

77. спонтандылық  (140б) қазақта осындай сөз бар ма?

78.  продуктивті интуицияны

79.   сөздің интерпретециялануы

80.   релевантты

81.   аргументация тәсілі

82.   голифонизмі

83.  патарсис

84.  пародиялайтын

85.   драматикалық әндермен

86.   индивидтің интериоризациясымен

87.   репродуктивті

88.    семантикасы барлық контексте

89.   релевантты

90.   инверсияны туғызады.

91.    интериоризациялау процесі

92.  парадокстерді іздеу

93.   апаттерндерін

94.   антропоцентірлік сипат

95.  «полилогтар»

96.  этнодифференциалданған

97.  мәндерді операциялау

98.  смвоикалық жоспар

99.  этнокультурология

100.          сигнификативті жүйе

Осындай шетелдердің тілінде берілген терминдер Бердібаеваша «қазақшаланып» қазақ психология ғылымына қосылған «қомақты ғылыми жаңалық»  болыпты. Мұндай сөздерден диссертацияны оқу барысында сүрініп-жығыласың. Біз тек оның  бастапқы  тарауындағы кездескен 100 сөзін ғана дәлел  ретінде келтіріп отырмыз. Ал диссертацияның өн бойындағысы 500 ге жуық.

Диссертацияның 46-бетінде берілген 56 сілтеме-сноска Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ. Мұхаметәлінің  «Философия тарихы» атты «Жетіжарғы» баспасынан 1999 жылы шыққан кітабынан алынды деп (56) сілтеме жасап еңбектің алынған бетін көрсетпеген. Ал ол кітапта 56 сноскамен көрсетілген цитаталар ол кітапта болмай шықты. Диссертацияның 46-беттінде «Мысалы атақты қазақ ақыны, философ Асан қайғының творчествосы ағартушылық сарында болды. Сондай-ақ, мәселен, терме күй, жыр өнерлері-халқымыздың ойлау тәсілінің ерекшелігін көрсететін феномен (56) деп жазылған». Осы сөйлемдерді оқысаңыз бір-бірімен қабыспай айтылуға тиіс ойлар жан-жаққа шашырып кеткен.

Диссертацияның 47-бетіндегі  57 сноска  пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі реттік саны-57-ші  Ғ.Есімовтың  «Анахарсис»//ҚР ҰҒА хабарлары, қоғамдық ғылымдар сериясы - 1993ж. №3 санының 30-31 беттеріне сілтеме жасалған бұл дерек-фактыны Бердібаева  «Философия тарихы» атты оқулықтың авторлары Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ. Мұхаметәлінің  Алматы, «Жетіжарғы» баспасынан 1999 жылы жарық көрген  оқулығының 207-бетінен көшіріп алған.

Пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі 48 еңбек «История китайской философии» М., Прогресс.-1989 жылы шыққан кітаптың 422-беті  көрсетілген  алайда диссертацияның  39-40  беттеріндегі  төрт сілтеме берілген ойлар цитаталар, фактылар  аталған кітаптың  422-бетінде де, жалпы ол кітапта мүлдем болмай шықты.  Сілтеме жасалған бұл кітаптың атауы толық жазылмаған. Мына деректер  көрсетілмеген, «Общая редакция и послесловие доктора философских наук М.Л.Титаренко» С.552.

Диссертацияның 309-бетіндегі пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі реттік саны 199-да көрсетілген еңбек Қ.Жарықбаевтың «Этнопсихология-ұлттық тәрбиенің өзегі» -Алматы, 2004. 215-бет. деп көрсетілген. Алайда берілген бұл еңбек басқаша аталады және баспадан шыққан жылы 2005; яғни Бердібаева диссертациясын жазып бітірген соң басылып шыққан.  Оның дұрыс атауы былай: Қ.Жарықбаев «Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі»-Алматы «Білім» 2005ж-144бет. (ISBN 9965-09-292-37.  \ ББК 88.4.Ж 32) деген ақпарат көздері дәдел.   Бұл кітап Бердібаева көрсеткендей 215-беттен тұрмайды  барлық беттер саны-144бет. Ал диссертант еңбегінің 134-135 беттерінде  осы аталған кітапқа сілтеме жасалған. Алайда ол сілтемелер кітаптың көрсеткен беттерінде болмай шықты. Диссертант бұл жерде ғылыми әдепсіздікке жол берген.

Сілтемелер тізіміндегі 49 сноска  авторлар Ж.Молдабеков, А Қасабектің.,  Шығыс философиясы -Алматы: Қазақ университеті. 2001 -306 бет.   атты кітабына  берілген. Ал диссертацияның 40-бетінде  осы аталған кітапқа сілтеме жасалған (тізімдегі  49-сілтеме) Диссертациядағы мына мәтін «Ежелгі Қытайда философиялық сананың творчестволық аспектілерінің дамуында жағымды, ерекше рөл атқарған анимизм мен антроморфизм құбылысы болды»... Ары қарай жалғасқан 6 жол аталған авторлардың жоғарыдағы кітабында болмай шықты. Диссертацияда сілтеме жасалған беттері де көрсетілмеген. Мұндай тәртіпсіздікке жол беру ғылымдағы ортақ талапқа қайшы келетінін ескертеміз.

Диссертацияның 61-бетінде   (3 абзац) «Творчество психологиясында психологизмнің көрністері екпін жасады, рух жайлы ғалымдар психологиялық деп жариялады» - деген сөйлемнен не ұғуға болады. Мұндай сөйлемдер ғылыми жаңалық ашуға қаншалықты қабілеті деп ойлайсыздар. Ары қарай 63-бетте, «Ал енді ақынға жақын келетін жазушылар творчествоны басқадай ұғынады. Оның себебі мынада: жазушы творчестваның пәні-бейне не мазмұн (сюжет)  тілімен сипатталады, шабыттануға қарағанда техниканы талап етеді. Соның нәтижесінде прозаиктің жұмысында мәнді орынды түпкі ойды тарату алады». Осы сөйлемдерден ғылыми жаңалықтардың нышаны біліне ме?  Ақын да жазушы, жазушы керісінше ақын болуы мүмкін ғой, оны даралап бөлудің себебін диссертант талдап көрсете алмаған. Яғни өзі не жазып отырғанын білмейтін күйді көрсеткен.

Осы 63-беттің 4 абзацында «Поэзияда творчество процесі ойды сөзбен байланыстыруда өтеді, нәтижесінде ойларды техникалық сипаттау қатыспайды» деуі.

64-беттің  6 абзацындағы «А.Пуанкаренің тәжірибелерін қазіргі тілмен сөйлетсек, басқа ұғымдарды пайдаланамыз. Ұзақ мерзімді ес құрылымдары өзара әрекетті адамның «орталық процессордан» бөлек сана өрісінде жоғалтуға болады».

65-бетте, диссертант «Сонымен психология тарихындағы творчество мәселесін теориялық талдау негізінде жасаған ойлар төмендегідей» деп жазып өзінің зерттеу нәтижесін емес өзге ғалымдардың ойларын тізіп жазумен әуестенген. Мысалы, «Ассоциативті психология сана мен психиканы ұқсастырып, ассоциациялар заңын негіздеді». Екінші мысал, «Гештальтпсихология продуктивті ойлау немесе творчестволық ойлау механизмдерін жүйелі зерттеудің негізін қалады» деп өзге ғалымдардың ойларын талдаусыз қайталаумен шектеліп отырған.

71-беттегі  «Индивидуалды креативтілікті детерминациялайтын интеллекттік емес тұлғалық сапалар туралы зерттелді» (Л.Хадсон)

74-бетте 3 абзац: «Ұзақ мерзімді бақылау творчестволық мәселені шешуге көмектескен кездейсоқтыққа әкеп соқтырады, творчестволық мәселені кездейсоқ шешуге итермелеуі мүмкін. Ұзақ мерзімді шғырлану шабыттануды тудырады». Осы сөйлемдер тіркестерінен не түсінуге болады? Ал ғылым докторы дәрежесін алуға ұмтылған ғалымның жазғаны түсінікті қоғамға пайдасы бар жаңалықа толы болуы міндет. Ал Бердібаева бұл міндет биігіне шыға алмаған керісінше ғалым деген атқа сөз келтіріп лайықсыз білімсіздік танытқан.

Диссертацияның 76-шы бетінде С.Л. Рубинштейннің   1986 жылы  «Вопросы психологии»  журналының №4 санының 101-108 беттерінде жарияланған «Принцип творческой самодеятельной (к философским основам современной педагогики) деген мақаласына» 2-рет, 77-бетте 1-рет сілтеме жасалған жалпы 75-78 беттер толығымен осы Рубинштейннің жазғандарын сөз етеді. Ал пайдаланған әдебиеттер тізіміндегі 11 сноскада көрсетілген деректер жоғарыда аталған мақала мәтінінде жоқ. Сөйтіп жасалған сілтеме жалған болып шықты. Ол мақалада басқа мазмұндағы мәселелер қарастырылған.

81-бетте 2 абзац: «Психогенетика нейрокибернетика, психолингвистика және басқа да ғылымдардың қызу өсуі интеллектінің құрылымы, детерминациясы, іс-әрекет механизмдері жайлы жаңа сұрақтарды туғыза береді» деген сөйлемнен ғылыми түсінік алу мүмкін бе? Бұл жерде «қызу өсуі» деген сөз орынсыз әрі сауатсыз қолданылған.

88-бетте, 6 абзац: «Ойлау психологиясы парадигмасынан алынып, конструктивті емес, фронталды сипатқа ие болғаны кеңес психологиясындағы зерттеулерге әсер етті» (122, 123, 124 сілтемелер берілген) Қолданылған сөздер не орысша, не қазақша емес, бірақ оларға қазақша жалғаулар қосып өзінше қазақшалаған болыпты. Мұндай қойыртпақтан ғылыми жаңалық жасалына ма екен?

100-бетке дейін диссертацияда тақырыптың негізгі мәселесі болып саналатын айтыс жөнінде ештеңе айтылмайы.

100-беттің  7 азацындағы, «Психологиялық құбылыстарды, диалогты интерпртеациялау үшін ұғынылған және ұғынылмаған белсенділіктерді, барлық психикалық облыстарды мәнді қарастыру керек». Бұл сөйлем де ешқандай ғылыми жаңалық жасап тұрған жоқ. Орыс тілінен шала түсініксіз аударылып өзінің білім деңгейі -шамасы жеткенше ғана жазған.

101-бетте 2 абзацта «Халық творчествосындағы халық поэзиясының сөзін диалог деп алуға болады»

101-беттегі 5 абзацтағы «Халық творчествосын оның ішінде ақындық поэтикалық творчествосының психологиясын диалогты парадигмада зерттеу сұрақтары осындай принциптерді басшылыққа алады».

.... «Лирикалық өлеңдер-ішкі диалогқа құрылып, ақын өзгеше өрелі өз тыңдаушысын іздеп шарқ ұрғаннан туындайтын құбылыс. Нағыз психологиялық лирика ақынның өмірден көрген-түйгендерінен туған терең психологиялық толғаныстары  мен тербеністері»

Диссертацияның 102-бетінде мынадай қорытынды жасалған:

Ішкі диалогты бірлескен диалогты танымдық іс-әрекетті (С.М.Жақыпов) тарату барысында ақын санасы мен оған басқаның мәнді санасы (сыртқы) арасындағы өзара әрекет пен ақынның өзіндік санасының диалогты құрылымдарының дамуымен шарттанатын реттеуші күрделі жүйе деп қарастыруға болады.

104-бет. 3 абзац: «Творчестволық міндеттерді сәтті шешуде заттық-операциялық жоспарды жанамалап түсіндіретін рефлексивті жоспардың рөлі өте зор».

106-беттегі  3.1 параграфтың атауы қате құрылған. «Творчествоның дамуына этномәдени дәстүрлер мен құндылықтардың әсерін зерттеу» енді осы сөйлемнен не ұғуға болады. Қандай мәселені зерттейтіндігі анықталмаған.

- «жаңа кезеңдегі этностық парадокс, 1960-1970 жылдада халықтар өздерінің тұрмыстық мәдениет ерекшелігін, этностық идентификациясын сақтауға ұмтылды».

107-беттегі 3 абзацта: «Идентификация прецесе деп динамикалық аспектіде қарастырылды, ал сәйкестік сол процесстер сериясының нәтижесі делінді, бірақта ол идентификацияның қарапайым қосындылары емес, керісінше «ескі және жаңа идентификациялық фрагменттердің» жаңа комбинациялары» (143).

107- бетте «Этноқұрушы факторлардың біртіндеп күрделі өтіп жатқан трансформациясына қарамастан, дәстүрлі мәдениет ұлттық салт дәстүрлерде мейрамдарда жүзеге асып сақталып келеді» этноқұрушы сөзі дұрыс жазылмаған. Этно емес этнос.

141-беттегі  3 абзац: «Барлық творчество түпкі ниет пен орындау әсерлену мен айту, рационалды мен интуитивліктің бір-біріне ұласуын береді. Импровизация сәті-осы процестің дамуындағы біртіндеудің үзілісі, секірісі», - деп айтқан Станиславкийді пікірін иемденуге талпынған, оның өзін дұрыс аудармай негізгі ойды шашыратып жіберген.

142-беттегі 3 абзацтағы сөйлемнен не ұғуға болады. «Интеллектіні продуктивті интуиция ретінде түсіну,  осыған дейін ойлаудың операциялық жағы болған интеллект, енді продуктивті интуицияда орнықтылық сипатты алады. Сондықтанда айтыскер ақынның (жұмбақ айтыс) болжамдары (интеллектісі) «өңін өзгертіп интуиция облысына өтеді...» Осы ма ғылымға қосылған жаңалық.

147-беттегі 4 абзацта: «Түсіну-инсайт әуелден-ақ өзінің туындауында ескі схемаларды сақтаушы ретінде, өткен тәжірибеге сүйенуге негізделген жаңа ситуацияны тануға қарсы қойылды». Сөйлем қате құрылған берілуге тісті ой оқушылардың қабылдауларына қиындық туғызып отыр бұл жерде.

148-бетегі  3 абзацта «Пациенттің мәселелері мен басынан өткендері арқылы түсінуді талдау оларға когнитивті және сезімдік құрылуларға сәйкес келетін творчестволық тұтастай түсіну жасалады. Мұндай түсіну психоаналитиктің жаңа интерпретацияға интегралды өзіндік танымға әкелді». Автор осы сөйлемдермен не жаңалық ашпақ болды екен.

152-беттегі 1 абзацта «Түсінуді зерттеудің этнопсихологиялық аспектісін А.М. Ким жасады. Абайдың психологиялық  идеяларын талдаған ол (Ким)  «Ушинский мен Абайдың ойынша адам қалай ойлағанына қарай емес,  қайта өзін қалай сезінеді соған қарай ол адам ретінде өзін сезеді. Қазіргі жаңа тілмен айтсақ түсіну үшін сөздік ойлау маңызды емес қайта құндылықты-мағыналық позициясы маңыздырақ болып табылады» - дейді . (22) Ал осы ойға пікірге сілтеме жасаған автор Кимдікі емес екенін оқып тұрып адасқан. Ал Ким былай жазады: «Как указывает Т.Т.Тажибаев, Абай читал Сократа, Аристотеля, Спенсера, Милля, Ушинского и полностю разделял сенсуализм последнего...» Сонда бұл тұжырым ешқандай Кимдікі емес оны өзі жоғарыда мойындап жазған. Солай бола тұра Бердібаева ханым неге Тажибаевтің еңбегін басқа автор -Кимге теліп басқаның ойын пікірін өзі иемденгісі келген.

153-беттегі 1 абзацта: «Диалог-этнос өкілінің өз мәдениетін творчествосын, дәстүрін ұғыну процесі.» Бұл қалай сонда егер диалогқа  түскен адамдар басқа ұлт өкілдері болса бұл пікір қайда қалады.

154-беттегі  2 абзац: «Этностық сана сезімдер индивидуальды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі иерархиялық байланысын детерминациялайды және интеграцияланған индивидуалдылықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функциялары орындайды, әрі реттейді.» осы қойыртпақ сөйлем де ғылыми жаңалық болып санала ма?

162-беттегі  7 абзацта: «Трансакция біреуге коммуникацияның қандай-да» бір түрін (қарым-қатынаста) ұсынғанда ол адам сізге де коммуникация ұсынады, жауап береді. Коммуникацияның басталуы-стимул, ал жауап-реакция болып саналады. Сондықтанда трансакцияны, трансакциялы стимул қосу трансакциялы реакция деп атауға болады»

169-беттің 9 абзацындағы «...Мұнда  «Менің» төрт күйден астамы әрекет етеді себебі жасырын трансакция бүркеледі. Мысал: студент сабақтан әдейлеп мұғалімді ашуландыру үшін кешіксе, біз жасырын трансакияны көреміз.  Тақырыпқа қандай қатысы бар.

2 суреттен көріп отырғанымыздай параллель трансакцияларды яғни конфликтсіз қарым-қатынас жасаушы тұлғалардың позицияларын анықтауға болады. Ал 2 суретте деп отырғаны келесі 170 беттегі  тұтас бір бет жыпырлаған әріптерден құралған  схемалар. Бұл жерде ешқандай сурет жоқ, автор схемаларды сурет деп шатасқан. Ол «2 суреттен көріп отырғанымыз деуі» дұрыс емес «сурет» қай бетте орналасқаны көрсетілмеген. Ары қарай 3, 4 «суреттерге» сілтеме  де жасалмаған, адасып қалған керексіз схемалар «суреттер».

Диссертация мәтіні 300 беттен тұрады, ал пайдаланған әдебиеттер саны - 255. Оның  тізімдегі - 222-сі диссертацияның   166-ші бетіне дейін берілген де, қалған мәтіннің 134 бетінде сноска жоқтың қасы. Сонда қалай  бұл парақтарды жазуда ғылыми еңбектер қолданылмаған ба? Сондай да болады екен-ау.

Диссертацияның 176-шы бетінен 177-ші бетіне дейін С.М. Жақыповтан көшірген. Осы   2-бетте ғылыми жетекшісі С.Жақыповтың фамилиясы 8 рет аталып жазылған. Сноска жоқ. Жай фамилиясы көрсетілген. ЖАК тың ережесінде жоқ қолданыстар.

«болжал ойлау» деген қазақ тілінде мүлде жоқ сөздерді  қолдану ғылым докторына мүлде жараспайды.

Диссертациядағы бұдан да сорақы кемшіліктер әдейі көрсетілмеді. Егер ЖАК пен автор көрсетілген қателіктерді мойындамаған жағдайда қосымша беріліп, іске қосылады.

 

02. март 2011 жыл

Е.Қуандық

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2097
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2196
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1620