Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2748 0 пікір 20 Қараша, 2012 сағат 09:26

ҚМДБ мәлімдемесі: арандатушы ақпарат

Бұрнағы күні бірді-екілі интернет порталынан, телеарнадан «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» деген мазмұнда негізсіз ақпар тарап, ел ішіне желдей есті. Алып-қашпа әңгіме ұзынқұлақтан жеткен екен. Қаңқу сөзге сенгендердің бірі жаға ұстаса, енді бірі «нағыз мұсылманның бұған қолы бармайды» деп сенді.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында болмаған оқиғаны www.altaynews.kz сайтына жариялап жіберді. Елді дүрліктірген оқиға ақиқатында болмаған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігі мәселенің мән-жайына қанықты. Аягөз қаласында ондай қылмыстық оқиға орын алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ аймақтағы өкілдігімізге Аягөз аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Тұрлыбековтің қолы қойылған анықтама келіп түсті. Онда: «Аягөз қаласы мен ауданында 2012 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Алтай ньюс» сайтында көрсетілген оқиға болмағанын хабарлаймыз», - делінген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз жаңалық ретінде жариялаған ақпарат құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына қалдырады.

Ислам ғұламалары өтірік айтуды үлкен күнәлардың қатарына жатқызған. Қасиетті Құранның 167 жерінде жалған сөйлеудің зияны мен зардабы қатаң ескертілген. Алла тағала мүбәрак кітаптың «Наһл» сүресінің 105-аятында: «Алланың аяттарына иман келтірмейтіндер ғана өтірік айтады. Әне, солар өтірікшілер», - деп ескерткен...

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

«Аbai.kz»

Редакциядан: «Аbai.kz» ақпараттық порталы мүбәрак дініміз - ісіләмның беделін түсіру мен мұсылмандар туралы жағымсыз пікір қалыптастыру жағында емес. Керісінше, хақ дінімізді бетперде тұтып елді аздырып жүргендерден ада болсақ деген ұстанымда. «Мұсылман бүлікшілері», «ислам экстермистері» деген жалалы сөздерге қабырғамыз қайыса отырып, болып жатқан оқиғаларды (Маңғыстаудағы, Атыраудағы, Ақтөбедегі, т.б.) жариялап келеміз. Бұл - біздің кәсіби міндетіміз. Біз елге ақпарат беру деген кәсіби міндетімізді атқару барысында төрткүл дүниедегі жаманды-жақсылы  жайттардан жұртқа дерек береміз. Қоғамға ой саламыз. Осы ретте пікірлер қайшылығы мен тараптар көзқарасын да мейілінше ескеруді жөн көреміз. «Abai.kz» порталының ашықтығын, алыс-жақынға ортақтығын оқырман қауым да ескере жүрсе дейміз. Ал, www.altaynews.kz сайтының ақпаратына келсек «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайдыға» саяады. Оның ақ-қарасы алдағы күндері анықтала жатар. Әйткенменде, ҚМДБ оқиғаны болмады деп жатыр. Беті аулақ, сондай сұмдықтың болмағаны бізге де керек. Сондықтан, мәселенің мән-жайын анықтап, дер кезінде баспасөзге дер кезінде жауап беріп үлгерген діни басқарамаға, діни басқараманың баспасөз қызметіне рахмет айтамыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637