Сенбі, 18 Мамыр 2024
1855 0 пікір 29 Мамыр, 2022 сағат 17:00

Алматылық оқушы 17 жасында әлемнің 11 университетінен шақырту алған

17 жастағы Қазақстан азаматы Алан Жайнар әлемнің 11 университетінен оқуға шақырту алды. Жоғары оқу орындарының бәрін қосқанда Аланға берілген грант 640 мың доллорды құрайды екен.

Алан Алматыда туып өскен. Осы жылы Республикалық физика-математика мектебінде оқуын аяқтайды. Оның сүйікті пәндері - физика, математика және информатика. Кейінгі жылдары ол бірнеше рет халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан.

Осындай жарыстардың бірі - World Invention Competition And Exhibition (VICE) дүниежүзілік өнертабыстар байқауы.

"11-сыныпта командамен бірге екінші орын алдық. Тақырыбы - компьютерлік ғылым. Біз мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын адамдар үшін байланыс қосымшасын жасадық. Халықаралық байқау Индонезияда өтті, оған 30-дан аса ел қатысты", - деді ол.

Жайнар IAACompetition астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиадада бірінші орынға ие болды.

Бүгінгі таңда Аланға мына әлемдік жоғары оқу орындары шақырту жіберген:

University of British Columbia (Ванкувер, Канада);

KAIST (Оңтүстік Корея);

City University of Hong Kong (Гонконг);

Hong Kong Baptist University (Гонконг);

University of South Florida (Тампа, АҚШ);

University of Alabama (АҚШ);

Hong Kong University (Гонконг);

Saint Louis University in Madrid (Испания);

The Hong Kong Polytechnic University (Гонконг);

Hong Kong University of Science and Technology (Гонконг);

Miami University (Огайо, АҚШ).

"Мен Оңтүстік Кореядағы KAIST университетін таңдадым. Онда оқу тегін, грант және стипендия беріледі. Университет өте жақсы, ол әлемде 41-орында. Маған елдің өзі ұнайды, ол жақ қауіпсіз. Таңдаған мамандығым бойынша - компьютерлік ғылым - KAIST 35-орында", - деп түсіндірді ол.

Алан кейін Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр.

"Мен өз еліме көмектескім келеді. Технологияның көбірек дамығанын қалаймын. Маған Оңтүстік Корея ұнайды, бұл елде табиғи ресурстар көп емес, бірақ технологиялар өте жақсы дамыған, тәжірибе алғым келеді. Өмірдің мәні - өз ізіңді қалдыру, бұл ақша емес", - деді ол.

Қазтай Жанерке Жандосқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654