Сенбі, 18 Мамыр 2024
1130 0 пікір 27 Мамыр, 2022 сағат 16:59

Президент Мырзатай Жолдасбековті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті 85 жасқа толуымен құттықтап, жеделхат жолдады.

Мемлекет басшысы қазақ халқы Мырзатай Жолдасбековті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, қарымды қаламгер ретінде жақсы білетінін және құрметтейтінін атап өтті.

"Ұстаздықтан басталған еңбек жолыңызда министр, премьер-министрдің орынбасары, елші, университет ректоры, президенттік орталықтың басшысы сияқты жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, еліміздің мәртебесі мен беделінің арта түсуіне атсалыстыңыз. Әдеби қазынамыздың қайнар бұлағы болған ақын-жыраулардың шығармашылығын жаңа қырынан көрсетіп, қазақ үшін айтыс өнерінің айрықша рөл атқаратынын дәлелдеп бердіңіз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін терең зерделедіңіз", – деп жазылған құттықтау жеделхатында.

Тоқаев сондай-ақ қаламгердің "Ежелгі әдебиет нұсқалары", "Күлтегін", "Асыл сөздің атасы", "Кісілік кітабы", "Таңғаламын өмірдің ғажабына" және басқа да кітаптарыңы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мен жаңғыртудың жарқын үлгісі екенін баса айтқан.

"Алдағы уақытта да қоғамдық-саяси істерге белсенді атсалысып, ел-жұрттың шынайы құрметіне бөленіп, мерейіңіздің үстем бола беруіне тілектестік білдіремін", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Мырзатай Жолдасбеков қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып жатқан ірі тұлға. Оның шығармалары мемлекетшілдік, отынды сүю мен елді құрметтеу, тарихты білуге шақырады және жас ұрпақтың санасына асыл қасиеттерді насихаттауға себепкер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2343
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654