Сенбі, 18 Мамыр 2024
1172 0 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 16:47

9 ай білім алып, үш ай демалу

Білім беру ұйымдарында жазғы кезеңде барлығы 1150 үйірме мен секция жұмыс істейді. Оқушылар үшін жазғы демалыс өте маңызды. Психологтар оқушының оқу жылындағы жетістігі жазғы демалысының қалай өткеніне де тікелей байланысты дейді. Яғни оқушы жазда серуендеп, қажетті физикалық жаттығулар жасау мен үйірмелерге қатысуын тоқтатпауы тиіс. Бұл баланың жетілуі мен білім алуға деген құштарлығын арттыра түседі. Міне, сондықтан Алматы қаласының білім мекемелері оқушыларға арналған үйірмелерді жаз мезгіліне сай жасақтады. 

Жазғы кезеңде алматылық оқушыларды жұмыспен қамту келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін 1-8 сынып оқушылары үшін жазғы мектеп жұмыс істейді. Жазғы мектепте негізгі сабақтардан басқа дене шынықтыру минуттары, қозғалмалы ойындар, флешмобтар ұйымдастыру жоспарда бар. 30 оқушыларды қатыса алады.

7-13 жастағы балаларға арналған жазғы мектеп жанындағы лагерь екі түрде: толық күнге тамақпен және толық емес күнге тамақсыз жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты 2022 жылғы 1 маусымнан 27 тамызға дейін. 26 мыңнан астам бала қамтылады.

Мектептерде спорттық секциялар, үйірмелер, студиялар, оқырман клубтары мен мектеп кітапханалары жұмыс істейтін болады. Білім беру ұйымдарында жазғы кезеңде барлығы 1150 үйірме мен секция (бейнелеу өнері, тоқу, қолданбалы өнер, спорт секциялары) жұмыс істейтін болады. Шамамен 28 мыңнан астам бала қамтылады.

Алматыда жазда балалармен қосымша білім беру ұйымдары (оқушылар сарайы, алты оқушылар үйі, 44 жеке қосымша білім беру ұйымдары) жұмыс істеуі жоспарланып отыр. Жазғы демалыс кезеңінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында барлығы 1200-ге жуық үйірмелер мен секциялар қолжетімді. 28 мыңнан астам бала қамтылады.

Сауықтыру демалысымен бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалар: көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар қамтылатын болады. 33 мыңнан астам бала қамтылады.

Алматы оқушылар жазда демалып, білім алуға үлкен құштарлықпен, алтын ұясына деген сағынышпе келетініне сенімдіміз.

Қазтай Жанерке Жандосқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654