Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2657 0 пікір 6 Қараша, 2012 сағат 16:47

БІЛІКТІЛІКТІ бағалаудың ТӘУЕЛСІЗ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ КЕРЕК

Қазақстан Республикасы Үкіметінің үстіміздегі жылғы 30 қазанда өткен отырысында мамандар біліктілігін растаудың тәуелсіз жүйесін құру туралы әңгіме қозғалды. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын бағдарламалық мақаласында, Назарбаев Университетінде оқыған интерактивті дәрісінде берілген осы жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады.

Отырыста әлемдік тәжірибеге жан- жақты талдау жасалды, Оңтүстік Кореяның тәжірибесін үлгі ретінде алуға болатыны айтылды. Аталмыш мемлекетте 1973 жылы «Техникалық біліктіліктің ұлттық жүйесі туралы» заң қабылданып, 7 жалпыұлттық деңгей белгіленген және бір деңгейден екінші деңгейге көшу тәуелсіз кәсіби тестілеудің қорытындысы бойынша ғана жүзеге асырылады. Нәтижесінде елдің ішкі жалпы өнімінің көлемі 100 еседен астам өсіп, Оңтүстік Корея әлемдегі технологиясы үздік елдердің қатарына қосылды.

Еуроодақ елдері де осы үрдіске ден қойып отыр. Мұнда ұлттық шеңбердің үлгісі ретінде біліктіліктің еуропалық шеңбері ұсынылды. Оның негізінде біліктіліктің салалық шеңбері айқындалып, кәсіби стандарттар жасалуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің үстіміздегі жылғы 30 қазанда өткен отырысында мамандар біліктілігін растаудың тәуелсіз жүйесін құру туралы әңгіме қозғалды. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деп аталатын бағдарламалық мақаласында, Назарбаев Университетінде оқыған интерактивті дәрісінде берілген осы жөніндегі тапсырманың орындалу барысы туралы баяндады.

Отырыста әлемдік тәжірибеге жан- жақты талдау жасалды, Оңтүстік Кореяның тәжірибесін үлгі ретінде алуға болатыны айтылды. Аталмыш мемлекетте 1973 жылы «Техникалық біліктіліктің ұлттық жүйесі туралы» заң қабылданып, 7 жалпыұлттық деңгей белгіленген және бір деңгейден екінші деңгейге көшу тәуелсіз кәсіби тестілеудің қорытындысы бойынша ғана жүзеге асырылады. Нәтижесінде елдің ішкі жалпы өнімінің көлемі 100 еседен астам өсіп, Оңтүстік Корея әлемдегі технологиясы үздік елдердің қатарына қосылды.

Еуроодақ елдері де осы үрдіске ден қойып отыр. Мұнда ұлттық шеңбердің үлгісі ретінде біліктіліктің еуропалық шеңбері ұсынылды. Оның негізінде біліктіліктің салалық шеңбері айқындалып, кәсіби стандарттар жасалуда.

Осындай талдаулардың және жаңа методологиялардың нәтижесінде Қазақстанның ұлттық біліктілік жүйесін жасау бағытында біршама істер тындырылды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен бұйрығымен біліктіліктің ұлттық шеңбері жасалып, бекітілді. Ол ел аумағындағы сегіз деңгей бойынша тұтастай еуропалық жобаға сәйкестендірілген.Ұлттық шеңбердің негізінде білім және ғылым, еңбек, ауыл шаруашылығы салаларында біліктіліктің салалық шеңберлері әзірленді. Кәсіби стандарттарды жасау қолға алынды. Кәсіби стандарттар қазірдің өзінде мұнай-газ, туризм, машина жасау, аграрлық салаларда және 118 мамандық бойынша жасақталды. Әлемдік тәжірибе ескеріле отырылып, Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп жасалған жоба аясында бұл жұмыс одан әрі жалғасуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде кәсіби біліктілік жүйесі туралы жаңа заң қабылдау міндетін қойған болатын. Осыған орай Еңбек кодексіне, «Білім туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласында аккредитациялау туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, біліктіліктің ұлттық және салалық шеңберінде, кәсіби стандарттардың және мамандарды тәуелсіз сертификаттаудың базалық түсінігінде заңнамалық база қалыптасты. Сондай-ақ, біліктілікті растаудың тәуелсіз орталықтарын құру жөніндегі жұмыстар қолға алынды.Салалық қауымдастықтарға «Кәсіпқор» холдингі әдістемелік көмек көрсетуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 57 млн. теңге қарастырылып отыр. Біліктілікті тәуелсіз растаудың және бірқатар мамандықтар бойынша біліктілік талаптарының институционалдық үлгісі жасалды.

Тұтастай алғанда бүгінгі таңда Қазақстанда мамандарды сертификациялаумен айналысатын 20 шақты ұйым бар. Олардың 5-і халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуде. Бұл, сөз жоқ, біздің елімізде біліктілікті растау жүйесін жасау бағытында сенімді де нақты шаралар жүзеге асырылып жатқанын аңғартады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

СЕНІМДІ ҚАДАМ, ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Соңғы жылдардың бедерінде еліміздің білім беру саласы орасан өзгерістерге ұшырап отыр­ғаны белгілі. Мамандарды даяр­лаудың көпдеңгейлі қалыбы мен тәуелсіз бағалаудың сапалы үр­діс­тері тың түсініктер мен ұғым­дарға жаңарып, түбегейлі серпін алып жатыр десек артық айт­қан­дығымыз болмас. Еліміздің тағ­дыр талайы да білім берудің қар­қынды өзгерістерімен ғана жар­қын болмағы айдан анық. Елба­сының білім қоғамын қалып­тас­тыру арқылы адам капиталын құн­дыландырудың маңызын мағ­лұмдап-мәністеуі текке емес. Дөң­­гелек дүниенің түкпір-түк­пірі еліміздің білім беру сала­сы­на қызыға-қызғана қарап, озық тәжірибесінен тағылым алуға бекінгендер де бар. Әлемнің озық жоғары оқу орындары өзіміздің отандық жоғары оқу орын­дары­мен байланысын бұрынғыдан да жандандырып, қоян-қолтық жұ­мыс істеуге бейімді болып отыр.

Осыған байланысты Білім жә­не ғылым министрі Бақытжан Жұ­мағұлов 2012 жылдың 30 қа­зандағы Үкімет отырысында мамандар біліктілігін растау мен білім берудің тәуелсіз жүйесін құ­ру бағытында атқарылар істер жайлы сөз қозғап, ұлттық біліктілікті арттыруды талқылап-сара­лауға, қолдап-бағалауға шақыр­ды. Бұл да болса, Елбасының тікелей тапсырмасы болып табы­латын бастаманың біздегі білім жүйесі мен бизнес арасындағы бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі қарым-қатынасты түп-тамыры­мен өзгертуге бағытталған бағ­дар­лы байлам-ұсыныстарының жүйелі өзегі болды.

Сонымен бір қатарда өңірлер­дегі мамандарды сертификат­тау­ға «Атамекен ҰЭП» пен Рес­пуб­ликалық техникалық-кәсіптік білімді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы қатысатындығы белгілі болды. Біліктілікті жетілдіру орталықтары білім беру мен ең­бек рыногынан тәуелсіз болу керек. Сондықтан да мұндай ор­та­лық­тарға айрықша тәжірибесі мен терең білімі бар кәсіби ма­ман­дарды тарту қажет. Бұдан бө­лек дамыған елдердің озық тәжі­ри­бесін де ала отырып, қызмет­пен реттелетін кәсіптер саласы­ның тізбесін жасау қажет екендігі, оны біліктілік сертифика­ты­мен заңды түрде бекітудің мейлінше дұрыстығын айтар едік. Мамандарды сертификаттау ор­та­лықтарының жұмысын жан­дан­ды­рып, бірыңғай әдістемелік және нормативтік деңгейде жұ­мыс істеу мен әлгі серти­фикат­талған мамандардың ұлттық деректер базасын «Атамекен» ұлт­тық палатасы арқылы жұмыл­ды­рып, жүзеге асыру ұсынылғаны дұрыс деп есептейміз.

Шындығында реттелетін кә­сіптерді бірізділікке түсіре оты­рып, кәсіптік стандарттар база­сын­да жаңа оқу бағдар­лама­ларын дайындап қана қоймай, тех­никалық және кәсіптік білім мен жоғары білімді бітіру­ші­лер­дің біліктілігін растаудың тәр­тібін келісу қажеттілігі аңға­рыл­ды.

Уақыт ілгері озған сайын еліміздің білім қоғамын бәсе­кеге қабілетті немесе заманауи жаңа сапалы мамандармен қам­тамасыз ету маңызды болмақ. Бұл ма­ман­дардың хал-қаде­рін­ше қарула­нып, біліктілік дең­гейі­нің ұдайы әрі серпінді адым басуына мүм­кіндік береді. Түп­теп келгенде, мамандарды сер­ти­фикаттаудың жаңа жүйелі механизмін пысық­тауыңыз арқы­лы біз білім са­ла­сының маман­дары біліктілікті растауға бар пейілімізбен қызу қолдап, мүд­деміздің де мейлінше тұтасып, аталған жобаның ке­ңе­йіп, да­муына сеніміміз кәміл. Осы­нау аумалы-төкпелі заманда Қа­зақ­станның бәсекелік әлеуетін арт­тырып, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына, әлем­дегі технологиясы дамыған елдер қа­тарына қосылуына мүм­кін­дік бе­ретініне үмітіміз де мол.

Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

мемлекеттік университетінің ректоры,

техника ғылымдарының докторы,

профессор.

_________________________________

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2531
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1638