Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 8864 0 пікір 6 Қараша, 2012 сағат 16:44

Сына жазуы күнін атап өту – ұлттық қажеттілік

Оны жыл сайын атап өту - аса маңызды ұлттық қажеттілік

Түркі жұртының әлемдік өркениеттің ұлы мұрасы саналатын көне жазу  үлгілері терең зерттелгенімен, мемлекеттік деңгейде құрметтелмей отырғанын 2009 жылдан бері айтып келеміз. Руна немесе сына жазуының күнін жыл сайын өткізіп тұру жөніндегі ұсынысымыз Үкіметтің тарапынан осыдан үш жыл бұрын құпталды, алайда жүзеге асырылған жоқ.

Бүкіл түркі дүниесі үшін аса қажетті осы өзекті мәселе туралы тағы баян­даудың реті келіп тұр. Ал сонау Сақ заманынан басталған түркі жазба мәде­ниетінің тарихы бай әрі таңқаларлық.

568 жылы Константинопольге Юс­тин­нің сарайына келген Соғда елшісі Маниах қағанның сәлемін жазба тү­рінде жеткізген. Бұл жазу «Скиф жазбасы» делінеді. Византия тарихшысы Менандр осылай атаған.

Ал Таспара қағанға 572-581 жылдары орнатылған тас қорғандағы жазу - Бұғыты жазбасы делінеді. Санскрит тү­ріндегі әріптермен Түрік қағанатының алғашқы 30 жылдың ішіндегі оқиға­лары баяндалады. Қытайға, Иран мен Византияға белгілі елшілер мен лауазымды қызметшілер жайлы әңгімелейді.

Тағы бір әліпбимен будданы насихаттайтын «Нирвана-Сура» аударылып берілген.

Осы көне әліпбилердің ішінде бізге көбірек белгілісі «руна» немесе «сына» жазуы. Оның тарихы ҮІІ ғасырға сәйкес келеді. 37-38 әріптен тұратын бұл жазу түркі фонетикасына барынша үйлесімді болды.

ХҮІІ ғасырда Петр біріншінің қыз­метінде болған неміс ғалымы Д.Миссершмид Енесей өзенінің бойынан тап­қан тағы бір руна-сына жазуы Скан­динавияның көне жазуына ұқсас еді. 1889 жылы дәл осындай жазуды орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моң­ғо­лиядағы Орхон өзенінің аңғарынан тапты. Биік қаракөк тастағы жазу түркологтарды таңқалдырды. Талайлар қызыға зерттеді, бірақ кілтін таба алмады. Бағзы жазудың сырын дат ғалымы В.Томсен ашты. Оның оқып анықтаған мәтінін академик В.Радлов 1894 жылы орыс тіліне аударып, латын әліппесімен берді. Тағы бір түрколог, әлемге мәшһүр Бартольд осы сына жазуын ғаламдық мәдениеттің жоғары сатысына теңеді. Бұл жазудың кең тарағаны сонша, жүз елуден астам ескерткіште кездеседі.

Осы көне жазбалар қазақ ғалымдары М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожа жаса­ған түркі жазуларының антологиясында жинақталған.

Мұның бәрін қозғап отырғанымыз, тиісті лауазым иелерінің назарын ба­йырғы теңдессіз өркениет ғажабына аудару. Талай жылдардан бері Ресей, бас­қа да сол тектес мемлекеттер Славян жа­зуының күнін бүкілхалықтық ауқым­да атап өтуде. Жай ғана атамай, әлемге славян мәдениетінің ұлылығын дәлел­деуді осылай дәстүрге айналдыруда. Армян халқы әлі күнге қолданыстағы көне әліпбиінің әр әрпін алтыннан құйып, шіркеуде сақтап отыр.

Ал біз ше? Кириллицадан да көне, кейбір білікті түркологтар анықтаға­нын­дай, грек-славян әліпбиіне негіз бол­ған руна-сына жазуын мемлекеттік деңгейде қастерлей алмай келеміз. Оны мектептен оқып-білу де терең ойлас­тырылмаған.

Мұндай самарқаулық - рухани са­ладағы елеулі олқылық. Қазақстан Рес­публикасында Сына жазуы күнін жыл са­йын атап өту - аса маңызды ұлттық қа­жеттілік. Біз осыған қол жеткізіп, содан кейін Түркітілдес мемлекеттердің ын­тымақтастығы жөніндегі кеңес, Ха­лықаралық түркі академиясы, ТҮРКСОЙ секілді беделді ұйымдар мен ғылыми орталықтар арқылы бүкіл түркі жұр­­­тының бірігіп өткізуіне ұйытқы болсақ, төл әліпбиіміздің, руна-сына жазуының әлемдік маңызы арта түсер еді. Үкі­мет­тен осыған ерекше мән беруді және солай болуына ықпал етуді өтінеміз.

Алдан СМАЙЫЛ,

Мәжіліс депутаты.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629