Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2556 0 пікір 6 Қараша, 2012 сағат 16:35

Ерінің жібісін десең еліңде болсын

Биылғы қазан айының соңғы күндерінде Елбасы бастамасы­мен қолға алынған «Халықтық IPO» бағдарламасы өзінің кезекті сапалық кезеңіне аяқ басты. Біз мұндай тұжырымды аталған бағдарламаның мәні мен мақ­са­тын халыққа түсіндіру шаралары мәреге таяп келуіне байланысты қолданып отырмыз. Бұл жұ­мыс­тар мамыр айында басталғаны белгілі. Осы уақыт аралы­ғын­да Орал өңірінде 53 та­ныс­тырылым өткізіліп, үш қоғамдық дәріс оқылыпты. Бұған үш мың­нан астам адам қатысқан. Облыс орталығындағы сауда орын­да­рын­да, саябақтар мен үлкен алаң­дарда промонүктелер ашылған. Сонымен бірге, ақпараттық насихатпен айналысатын 49 адам арнайы семинар тренингке қа­ты­сып сертификат алғаны да тү­сін­діру шараларының жан-жақ­ты­лығын көрсете алады.

Ұзақ жылдар бойғы тәжі­ри­бе­лерге көз салсақ, үгіт-насихат пен ақпараттық науқандар бірден нәтиже бере қоймағанын көреміз. Ал «Халықтық IPO-ға» қатысты іс-шаралар мен түсін­діру жұ­мыстарының нәтижесі жөнінде бұлай дей алмаймыз. Өйткені, бұл мәселеде нәтиже көп күттірмей келіп отыр. Ай­та­лық, Ақжайық өңірінде аталмыш бағдарламаға қатысушы инвесторлар қатары тез толыға түсуде. Мұны брокерлік шоттардың ашы­­лу динамикасынан да бай­қауға болады.

Театр киім ілгіштен басталса, республика азаматтарының «Ха­лық­тық IPO-ға» қатысуы шот ашу­дан басталады десек қателесе қоймайтын шығармыз. Дерекке сүйенсек «Асыл-Инвест» компа­ния­сында қараша айына дейін 10043 жеке инвестор шот ашып­ты. Бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 56 есе артық екен. Сондай-ақ бұған дейін шоттардың тоқсан пайызын Алматы қаласының тұрғындары ашып келген болса, бүгінде жағ­дай күрт өзгеріп 360 градусқа бұ­рылғанын көрсетеді. Яғни, дәл қазіргі күні 68 пайыздық көр­сет­кшіпен Батыс Қазақстан облы­сының инвесторлары суы­рылып алға шығыпты. Бұдан кейінгі ке­зең­де Солтүстік Қа­зақстан облы­сы тұр, Астана, Жез­қазған, Қа­рағанды өңір­ле­рінің тұрғындары 17, Оңтүстік Қазақстан облысы 11 және Шы­ғыс Қазақстан облы­сы 4 пайыз­ды құрапты.

«Халықтық IPO» бағдарла­ма­сын іске асыруға қатысты «Казпошта» АҚ мен оның облыс­тар­дағы филиалдарының қызметі жаңа сапалық мәнге ие. Қазір мұн­дағы іс тұрғындардың атал­ған бағдарламаға қатысуына жағ­дай жасаудан, брокерлік қызмет көрсетуден және шот ашудан кө­рініс тауып келеді.

- Қазіргі күні біздің филиал арқылы 534 шот ашылды. Әрине, мұның бәрі брокерлік шот дей алмаймыз. Әйтсе де осы қадам­ның өзі тұрғындардың бағдар­ла­ма­ға қатысты кеңес алып, келешекте инвестор болуға талпы­ны­сын байқатады. Шот ашушы­лар­дың дені - зейнеткерлер мен ме­ке­ме-кәсіпорын қызметкерлері, - дейді «Казпошта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлбаршын Дәрішева.

Иә, бүгінде батысқазақстан­дық­тар «Казпоштаға» «Халық­тық IPO»  жөнінде ақпарат, кеңес алуға ғана емес, сонымен бірге, брокерлік қызмет жөнінде келісімшарт жасауға көптеп келе бастаған. Мысалы тек соңғы айларда ғана брокерлік шот аш­қан­дардың қатары Орал өңірінде бір­неше есеге өсіпті. Ендігі жерде шот ашқан азаматтар  бағдар­ла­ма бойынша «ҚазТрансОйл» «KEGOK», «Эйр Астана», «КазТрансГаз», «Самұрық-энерго», «Қа­зақстан темір жолы» секілді ұлттық компаниялардың акция­ла­рын сатып алуға бекем бел буып отыр. Сонымен бірге, олар қазіргі нарықтағы акциялар мен пайларды сатып алу мүмкіндігіне де ие. Ең бастысы облыстағы ауыл тұрғындарының «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысуға ықыласты екендіктері де сүй­сін­діреді. Бұл істе облыстың Бөрлі, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе, Ақ­жайық аудандары тұрғын­дары­ның белсенділігі жоғары деуге болады.

Соңғы күндері бұқаралық ақ­парат құралдары жазып хабарла­ға­нындай қазақстандық компа­ния­лар арасында бірінші болып «ҚазсТрансОйл» компаниясы өз акцияларын құнды қағаздар ры­ногына шығаруды қолға алды. Елімізде өндірілетін мұнай-газ­дың 58 пайызын тасымалдайтын отандық компания өткен жылды 25,9 миллиард теңге таза пайдамен аяқтаған екен. Осындай та­бысы мол отандық компанияның акциясын сатып алу арқылы қа­рапайым тұрғындар осындай пайдадан үлеске ие болып жатса, игілік деген сол емес пе?

«Елде болса ерніңе тиеді» деген даналық сөз бар. Халықтық философияның бұдан артық тіркесін тауып айта алар ма екенбіз? Халқымыздың даналығы мен болашақты болжағыштығы да осы бір ауыз сөздің астарында тұ­нып тұрғандай. Жоғарыда ай­тыл­ғандай «Халықтық IPO» бағ­дарламасының кезекті сапалық кезеңін қазақстандық компаниялар акцияларының нарыққа шығу сәтімен байланыстыра аламыз. Халық көптен күтіп жүрген сол сәт, сол күн де босағадан аттады. Ендеше, іске сәт, қоржын тол­сын, ағайын демекпіз?

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2237
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1635