Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 16:32

Шығыс пен Батыс арасындағы Қазақстан

Қазақстан барып көруге лайық: тәуелсіз, тұрақты, қауіпсіз және тамаша ландшафты бар экономикалық табысты мемлекет.

Біздің көпшілігіміздің футболдан  Әлем чемпионатының іріктеу матчтары өткеннен кейін Қазақстан туралы түсінігіміз қалыптасуы мүм­кін, бірақ оның демалыс орны ретіндегі әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан Еуропадан Қытайға дейін созылып жатқан зор аумағы бар мемлекет болып та­бы­лады. Қазақстан мыңдаған көкжиекті ел ретінде танымал, баруға лайық ел. Қырандар 7 мың метрге жететін биік таулар үстінде қалықтайды. Жарқыраған көлдер, ұлан-байтақ дала және ертегідей ормандар таңғажайып ландшафты құ­рай­ды. Қазақстанда 6 мыңнан астам түрлі өсімдіктер бар.

Тәуелсіздіктің, бейбітшілік пен өркендеудің 20 жылы

Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Кеңес Одағы ыдыраған соң Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде әлемдегі көлемі жағынан 9-шы орындағы мемлекет Орталық Азиядағы саяси қауіпсіздіктің тірегіне және батыстық үлгі бойынша үлкен қарқынмен дамып келе жатқан экономикалық державаға айналды. Қазақстан көршілес елдермен қоғамдастықтарға және одақтарға біріге білді. Бұл ЕО-мен тығыз байланыс орнатқан бірден-бір орталықазиялық ел. Тәуелсіздік алған сәттен бастап білім берудің ұлттық моделін әзірлеу және енгізу жөнінен жұмыстар басталды. Бүгінде халықтың сауаттылық деңгейі 99 пайыз құрайды. Оның сыртында жас мемлекет демократиялық даму жолымен сенімді алға басуда.

Ешкімге белгісіз мемлекеттен «Экономи­ка­лық таңғажайыптар» еліне дейін

Қазақстан бүгінде экономикасы ең бір ырғақты дамып келе жатқан елдердің үштігіне кіреді. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 12 000 АҚШ долларын құрайтын ел Орталық Азияда көш бастаушы позицияға ие. Табиғи ресурстар кенінің байлығы Қазақстан экономикасына инвестициялар салудағы тек бір ғана себеп. 1993 жылдан бері республикаға 160 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей инвестициялар тартылды, ол өз кезегінде, болашағы зор  жас республика аумағындағы тұрақтылыққа деген сенім белгісі ретінде қызмет атқарады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636