Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2585 0 пікір 5 Қараша, 2012 сағат 16:26

Кесел... кеміп жатыр

 

Баршаға аян, туберкулез, қазақы ұғымда құрт ауруы бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Мәселен, ДДҰ-ның мәліметтері бойынша төрткүл дүниеде күн сайын 9 миллионға жуық адам туберкулезге шалдықса, 2 млн-ға таяу науқас одан көз жұмады екен. Туберкулез - бұл тек қана медициналық емес, сонымен қатар қоғамдық проблема. Ендеше, бұл жағдай Қазақстанда қалай, оны емдеу, алдын алу жолдары жайында кеңінен мағлұмат алу мақсатында бүгінде сексен жылдық тарихы бар еліміздегі байырғы емдеу орындарының бірінен саналатын Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тілеухан ӘБІЛДАЕВҚА жолыққан едік.

 

Баршаға аян, туберкулез, қазақы ұғымда құрт ауруы бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Мәселен, ДДҰ-ның мәліметтері бойынша төрткүл дүниеде күн сайын 9 миллионға жуық адам туберкулезге шалдықса, 2 млн-ға таяу науқас одан көз жұмады екен. Туберкулез - бұл тек қана медициналық емес, сонымен қатар қоғамдық проблема. Ендеше, бұл жағдай Қазақстанда қалай, оны емдеу, алдын алу жолдары жайында кеңінен мағлұмат алу мақсатында бүгінде сексен жылдық тарихы бар еліміздегі байырғы емдеу орындарының бірінен саналатын Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тілеухан ӘБІЛДАЕВҚА жолыққан едік.

- Әділхан Тілеуханұлы, өт­кенсіз бүгінгіге баға беру қи­ын­дау болар, алдымен сексен­нің сеңгіріне шыққан меке­ме­нің тарихы, яғни негізі қалай қалан­ды, алғашқы ұйымдас­­­ты­­рушы­лары, басшылары жай­­­лы қыс­қаша тоқталып кетсеңіз...

- Қазақстанда туберкулез инс­титуты 1932 жылы 9 наурызда КАССР Халық комиссариатының шешімімен құрылған. Алғаш­­­­қы­да бар болғаны 25 төсек-орынды қам­тыса, сол уақытта республикада 790 ауруханалық төсек-орын бо­­­ла­тын. Институттың ал­ғашқы директоры медицина ғы­лымдарының док­торы, профессор В.И.Зюзин бол­са, Отан соғысы жылдары Қаз­КСР-дың еңбек сі­­­ңірген дә­­рі­­­гері А.М.Задворных, кейіннен Г.М. Вар­­шавский, Д.У.Тө­­лемісов, 1963-1982 жылдары ғылымға ең­бегі сіңген қайраткер, профессор Айқан Тер­лікбаев, 1982-1997 жыл­дары профессор Әлдеш Жүніс­бе­ков, 1997-2012 жылдары профессор А.А. Жәң­­гі­реев, Ш.Ш.Исмаилов, Ғ.Б. Рақы­шев басқарды. Бү­гін­де орта­лық­та 400 төсек-орын, ал жалпы елімізде 13498 төсек қоры бар. Орталықта 7 ғылым докторы, 5 про­фессор, 19 медицина ғылы­м­­­да­ры­­­ның кандидаты жұмыс жасайды.

- Деректерді сөйлетіп көрі­ңіз­ші, бүгінде Қазақстанда қан­ша адам есепте тұр? 1991-2000 жылдары Қазақстан туберкулезге шалдығушылықтан дү­­­­­ние жүзі бойынша 12-ші, ал ТМД елдері арасында алдыңғы орын­­ды иемденуінің өзі талай жайды айғақтаса керек...

- Ұлттық орталық қазіргі таңда Қазақстан туберкулез ғы­лыми зерттеу институты баста­ған өте әлеуметтік маңызды мін­дет­терді шешуді нәтижелі атқа­рып келеді. Институттың нақты тә­жірибелік, ғылыми ізденісте­рі­нің, озық тәжірибені барлық өңір­лерге ендіруге жетекшілі­гі­нің нә­ти­же­сінде 60-жылдар­дағы ушық­қан эпидемиял­огия­лық жағдайды тұ­рақтандырып, жағдайдың едәуір жақсаруына қол жеткізілді. Инс­титут Кеңес Одағы кезіндегі одақтас республикалар арасында нәтижелі жұ­мыстармен ерек­ше­лен­ді. 60-шы жылдардың ба­сын­да тубер­кулездің алғашқы сыр­­қаттану көрсеткіштері 100 мың адамға шаққанда 300-ді, ал өлім көр­сет­кіші 60-ты құраған. 80-ші жыл­дары жағдай айтар­лықтай жақсарған еді. Алайда, тәуелсіз­дік алған жылдардағы әлеуметтік- экономикалық тұрақ­сыздықтар та­ғы да туберкулезден ахуалдың нашарлауына ықпал етті. 2002 жылы сырқаттану көрсеткіші 165,5, өлім көрсеткіші 24,4 құра­ды. 1998 жылы Елба­сы­ның Жар­лығымен қабылданған мақсатты іс-шаралар, туберкулезбен күрес мәселелеріне соны пәр­мен берді. Нәтижесінде 10 жыл ішінде сыр­қаттану көрсет­кі­ші 1,9 есеге, өлім 3 есеге азайды.

- Бүгінде орталықта қанша науқас емделеді? Ұлттық орта­лық болғандықтан республи­ка­дағы жағдайды да үйлесті­ріп отыратын шығарсыздар? Ендеше, аймақтағы ахуал қан­дай, қай облыста ауру көрсет­кіші басым? Қандай түрлері көбірек белең алған?

- Қазіргі төсек қорымен Ұлт­тық орталық жылына 1300-1400 ауруды емдеп шығарады. Орта­лық­­та негізінен аурудың күрделі түрлері - көптеген дәріге төзімді туберкулез емделеді. Өкпе хирургиясы бөлімшесінде терапия­лық емге көнбеген, өкпе тесігі бар ау­ру­ларға ота жасалады. Статис­ти­каға сүйенсек 85 пайыз жағ­дайда өкпе туберкулезі, ал 15 пайызында өкпеден тыс туберкулез кездеседі.

Орталық еліміздегі барлық об­лыстарға үйлестіру, әдісте­ме­лік, же­текшілік, кеңес беру мін­дет­те­рін атқарады. Осындай қыз­меттік көмекті қылмыстық атқа­ру жүйе­сіне де көрсетеді. Нәти­же­сін­де жыл өткен сайын жағдай жақса­рып, сырқаттану және өлім көрсет­кіштері төмендеп келеді. Дегенмен де Ақмола, Атырау, Шығыс Қа­зақ­стан облыстары мен Астана қала­сында сырқат­тану көрсеткіштері респуб­лика­лық орта көрсеткіштен жоғары. Орталық барлық өңір­лер­де жылына 2 рет мониторингтік ба­қы­лау жасап, ке­шенді іс-шара­лар ба­рысына баға берумен, нор­ма­тив­ті құжаттарды уақыт талабына сәйкестендірумен айналысады.

- Мультирезистенттік туберкулез - құрт ауруының өте қа­уіпті, емге көнбейтін түрі соңғы кездері тұрақты өсіп келе жат­қан көрінеді. Оқырман­дарға тү­сінікті болсын, кеңірек тоқтал­саңыз?

- Көптеген дәріге төзімді туберкулез (мультирезистентті) өкі­нішке орай, республикамызда алғаш сырқаттанғандар арасында - 19, қайталап ауырғандар арасында 53 пайызды құрайды. Емделіп жазылу нәтижелігі елімізде 73 пайыздан жоғары. Емделу нәти­жесі аурудың ұзақ емделу курсына шыдауына, үзбей емді жал­ғастыруға тұтастай байланысты. Бір қауіпті жері, аурудың осы түрімен ауыратын адамдар қауіп­сіздік шараларын сақтамаса, бас­қалар осы қа­уіпті ауруды жұқ­ты­рады. Сондық­тан санитарлық ағарту, психоло­гиялық қолдау жұ­мыстары қатар жүргізілуде. Емдеу нәтижесіне бас­қа да қо­сымша аурулардың қо­сарлануы (қант ауруы, басқа да созылмалы аурулар) өз әсерін тигі­зіп жатады. Қазақстанда тубер­ку­лез­дің көптеген дәріге төзімді түрімен ауырғандарды емге алу деңгейі 85 пайызға жетті, бұл ДДҰ стандартына сай, 2011 жыл­дың қо­ры­тын­дысы бойынша аурудың бұл түрі­мен сырқаттану 3,8 пайызға азайды. Бұл жағдай тұрақтана баста­ған­ның көрінісі деуімізге болады.

- Орталық республикадағы осы бағыттағы ғылыми зерт­­­теу­лер жүргізетін бірегей мекеме болғандықтан ғылымда қол жеткізген қандай жаңалық, же­тістіктеріңізбен бөлісе аласыз?

- Орталықта ғылыми жұмыс­тар ұдайы жүргізіліп келеді. Тиім­ді нәтижелері іс-тәжірибеде қол­да­нысқа енгізілуде. Ұлттық орта­лық жоғары кәсіби мамандар даярлау мәселесіне үлкен көңіл бө­ліп келеді. 80 жыл ішін­де 40 ғы­лым докторын, 168 ғы­лым кандидатын даярлап шы­ғар­ды. 67 ғы­лыми жинақтама, 8565 ғылыми мақала, 135 емдеу диагности­ка­лық әдісті жетіл­діру ісі бойынша құжаттар жа­рық көрді.

Орталықта аурудың асқынған түрлеріне ота жасау, пласти­ка­лық қайта құрылымдау оталары жүзе­ге асырылады. Соңғы уа­қыт­тарда Ресей хирургтарымен бірлесіп аз жарақат келтіретін бронхоскопия­лық оталарды жасау қолға алынды. 80 жылдың аясында өткізіл­ген конференцияда жаңа технологияларды пайдалану, жаңа зертха­налық тәсіл­дерді еңгізу, хирур­гиялық емдеу тәсілдерін талқы­лап, тәжірибе алмасу мәселе­ле­ріне үлкен мән берілді.

- Туберкулез өркениеттің дамуымен бірге келген әлеу­меттік ауру. Сондықтан оларға мемлекет жағдайында жеңіл­дік­­тер қарастырылған. Соларды атап көрсетсеңіз... Және өздеріңіздің тараптарыңыздан емделу­ші­лер­ге қандай жағдай жасалып отыр. Өйткені, бұл кесел тез арада айығып кете­тін ауру емес, науқастарға айлап, жылдап емделуге тура келеді...

- Туберкулез әлеуметтік ма­ңызы бар жұқпалы ауру. Сон­дық­тан мемлекет тарапынан бүгінде ауруды анықтау, емдеу толықтай тегін. Биылғы жылы тек қана арнайы туберкулезге қарсы дәрі- дәрмектерді орталықтан сатып алуға 4 миллиард теңге қаржы бөлінді. Туберкулезге қарсы емдеу мекемелерінің материалдық- техникалық базасы жыл өткен сайын жақсаруда. 2000 жылдан бері 46 жаңа типтік туберкулезбен күрес ауруханалары іске қосылды. Жергілікті атқарушы биліктің кө­ме­гімен 2011 жылы 258 млн. тең­генің көлемінде ауру­ларға амбу­латорлық емдеу кезінде жол ақы­сына, тамағына қосымша көмек көрсетілді. 34 пәтер берілді. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет деп санаймын.

- Егер жүрегіңіз, болмаса аяғыңыз ауырып емделмесеңіз - ол әркімнің жеке басының шаруасы, ал егер сіз жұқпалы туберкулез дертіне шалдығып емделмесеңіз - кешіріңіз, ол ме­нің де, өзгенің де, мемле­кет­тің де шаруасы. Өйткені, ондай кесапатты кеселді кез келген жерде, кез келген жағдайда өзі­ңізге жұқтырып қоймай, өзгеге де жұқтыруыңыз мүмкін. Яғни...

- Аурудың алдын алу, ауырып қалған жағдайда үздіксіз емде­ліп, жақсы нәтижеге жету әрбір адамның өз жауапкершілігінде болу керек. Сонда ғана бұл істе жоғары нәтижеге жетуге болады. Бұл істе медицина қызметкерінің аурудың жан дүниесін түсіне білу, мінез-құлқына әсер ету қабілеті қажет-ақ. Ал керекті алдын алу шаралары: балалар арасында егу жұмыстары жүргі­зі­леді. Ауру қаупі жоғары топтарды жылына кемінде бір рет тексеру шаралары атқарылады. Ал қылмыстық атқа­ру жүйесінде жы­лына 2 рет про­филактикалық тексерулер жүргі­зіледі. Жасөспі­рімдер арасында бұйрыққа сәйкес жылына кемінде 1 рет флю­рографиялық тексеруден өткі­зіледі. Ал әрбір ересек тұрғын өз қалауымен жылына 1 рет тексеруден өтуі абзал.

Жалпы, туберкулез ауруымен күрес мәселесі дұрыс бағытта. Осындай мемлекеттік қолдау аясында жақын жылдары сырқат­тану және өлім көрсеткіштерін төмендетуде үлкен жетістіктерге жетуге толық мүмкіндіктер бар.

- Әділхан Тілеуханұлы, ор­та­лықтың сексен жылдық ме­рейлі жасына орай халық­ара­лық конференция өткізіп жатыр екенсіздер...

- Конференцияның мақсаты басқа мемлекеттердің озық іс-тәжірибесін Қазақстанда жүргі­зіліп жатқан туберкулезге қарсы іс-шаралармен салыстырмалы түрде талқылау, ауруға диагнос­тика қою және емдеу тиімділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияны қол­дану арқылы емдеу сапасын кө­теру жолдарын қарас­тыру болып табылады. Ал жиын­ның негізгі мә­се­лелері: аза­маттық және қыл­мыс­тық атқару жүйесін­дегі көпте­ген дәріге тө­зімді туберкулез мәсе­ле­лерін тал­дау; амбула­ториялық емді пай­далану аясын кеңейту; ауру­­лардың үздіксіз емделуге ынтасын жоғарылату; ауру­дың күрделі түрле­рін анықтау; бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып жатқан туберкулез және адамның иммунды тапшылық вирусы ауруларының қа­тар кезде­суін анықтау болып табылады. Конфе­ренцияға Ресей, Әзер­бай­жан, Өз­бекстан, Грузия, Қырғыз­стан, Колумбия универси­теттері­нен әлем­ге танымал ғалым­дар мен профессорлар шақырылды.

Туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығында 31 қазан мен 1 қараша күндері шеберлік сы­нып­­­тары өткізіліп, 10-нан ас­там адам­­ға күрделі оталар жасалды. Арнайы білімін жетілдіру са­бақ­тары жүргізілді. Бұл іс-шара­ларға бар­­лық облыс пен қала­лар­дан мамандар қатысты. Бола­шақ­та ма­ман­дардың кәсіби шебер­лі­гін көте­ру мақсатында осындай іс-шара­лар ұдайы жүргізілетін болады.

Әңгімелескен

Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2237
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1635