Сенбі, 18 Мамыр 2024
46 - сөз 3074 4 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 14:31

Қаңтар оқиғасы қайталанбасын десек...

Жақында аты-шулы бір журналдың «Қаңтар оқиғасына» қатысты сауалнамадан мемлекеттік ішкі саяси төңкерістің орын алуы 20%, шетелдік лаңкестердің жоспарланған әрекеті 12% деген сандарға көзім шалды. Расында аталған сандар әлде-қайда төмендетіліп көрсетілуі мүмкін.

Бейбіт жұрттың сұрағанын арандатып кеткен жымысқы топтың болғаны анық, және сол жағдайды пайдаланып арандатушылар мен мародерлардың дүрбелеңді ұйымдасқан түрде жүйелі пайдаланып кеткенін де мойындау керекпіз.

Бұнда кез-келген елде әлеуметтік толқуды билікке қарсы әрекет етуші саяси беймәлім топтың пайдаланып кетуін, 7-қаңтардан бастап жоғарғы деңгейде қамала бастаған лауазымды тұлғалардың қатыстылығы анықталып, күдікке айналғанынан байқауға болады. Оны 16-наурыздағы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөздерінде, тергеулердің алғашқы нәтижелерінен «мемлекеттік төңкерістің» орын алғандығын, және оған лауазымды тұлғалардың қатыстылығын ресми хабарлады.

Әйтсе де, осы қаңтардағы дүрбелеңде бейбіт халықтың шейт болғаны әлі де жүректі ауыртады. Ол кезде кім кімнің қолынан қаза тапты, қай қаңғалақтаған оққа ұшқанын тауып, анықтау қиын.

Осы ретте, Президент 6-қаңтарда жариялаған төтенше жағдайлардың бірден-бір себебіне, әлгі мемлекеттік төңкерісті жасауға сырттан және іштен көптен бері жоспарлап жүрген жалдамалы лаңкестік топты ендіріп, қоғамда өз ылаңын шығарғанын ойдан шығарды деп айтуға келмейді. Өйткені, өз көзімізбен - тұрқы өзге елдің тұрпатында, әскери-спорттық киініп дайындалған жасақтардың қолдарында соңғы үлгідегі байланыс құралдарды қолданып, беттеріне бетперде тағынып, өте дөрекі қарым-қатынаста жүргендерден сол 4-6 қаңтар күндері талайын көрдік қой.

Бұлардың ұрланған екі мыңнан астам қару-жарағының оңды-солды бей-берекетсіз атуынан, бір уақытта бензин таситын камаздарды, погрузщиктер мен арнайы қорғаныс көліктерін иемденіп мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктерге бағыттап, жүйелі қимылдаулары көп нәрсенің жайын аңғартты. Яғни, он жерден бейбіт митинг болып басталған дүниенің соңын ұйымдасқан қарулы топпен мемлекеттік билікті қорқытып-үркітіп, төңкеріске ұластырған қараниетті пиғылды жоққа шығаруды, тек түйені көрмес соқыр ғана шығар.

Әлбетте, кешегі қаңтарда мемлекеттік төңкеріске себепкер болған, отаны мен адами құндылығы жоқ жалданған қаніпезерлердің қолынан бейбіт тұрғындардың, құқыққорғау органдарының отбасыларының да қайғыға жұтып, қазаларын шығаруы бәрімізді өкіндіреді. Бұл жайында Президент те бірнеше мінберлерден қынжыла хабарлап отырды. Ендігі мәселе, сол әрекеттерге жауапты тергелушілердің алғашқы тергеу шешімдерінен қоғамды хабардар етіп тұруы абзал.

Екіншіден, ашықтық принципін де бүгінгі қолға алынған саяси реформалардың ойдағыдай орындалуына жұмыла кірісіп, екінші қайта мемлекеттік төңкерістерге ұластыратын қаңтар оқиғаларын қайталатпау ләзім. Билікке деген сенімділікті қалыптастыруда Президенттің үнемі көтеріп жүрген әділдік пен адалдық ұғымдарына жан бітіретін - конституциялық реформаларды іс-жүзінде орындайтын халықпен, өзара естіп түсінісетін, әрекеттесетін қоғамды қалыптастыру. Бұған кешегі мемлекеттік төңкерістің зардаптарын болдырмауға қоғам мен билік мүдделі болуы шарт.

Мақсат Жақау

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653