Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3416 0 пікір 24 Шілде, 2009 сағат 05:18

«Гвардейский» полигонында қазақстан-ресейлік командалық-штабтық «Әуе күштері – 2009» жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ- Қазақстан қарулы күштерінің құырылқтағы әскерлерінің оқу жаттығу орталығында қазақстан-ресейлік бірлескен оперативті-тактикалық командалық-штабтық «Әуе күштері – 2009» жаттығуларының белсенді кезеңі басталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаттығулардың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Ресейдің әскери-әуе күштерінің басқару органдары мен бөлімшелерінің бірлескен соғыс қимылдарын іс жүзінде тыңғылықтау.

Жаттығудың аңызы бойынша, шартты түрде ҰҚШҰ-ның бір мемлекетіне қауіп төнеді. Қазақстан мен Ресей әскери әуе күштерінің бөлімшелері мен бірлестіктерінің басқару органдары қарапайым қаруды пайдаланып авиацияның барлық құрамымен әуе операциясын өткізуді жоспарлайды. Әскери бөлімшелер мен бөлімдердің міндеті - бірлескен антилаңкестік операциясын жүргізіп, банда жасақтары мен лаңкестік топтардың көзін жою.

Жаттығу барысында авиациялық қаруларды пайдаланатын екі елдің авиация топтарының бірлескен іс-қимылдары тыңғылықтанады.

Жаттығуға екі елдің әскери әуе күштерінің, барлығы 70-тен асатын әртүрлі ұшақтар мен тікұшақтары, жойғыш, барлаушы, стартегиялық бомбалаушы ұшақтары мен басқа да әскери техника пайдаланылады. Қазақстан әскери-әуе күштерінен жаттығуға 40-тан астам  әскери техника тартылып отыр.

Жаттығу барысын бақылау үшін «Гвардейский» полигонына Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді.

0 пікір

Үздік материалдар