Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3417 0 пікір 24 Шілде, 2009 сағат 05:18

«Астана» велокомандасының капитаны Альберто Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінің он сегізінші кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есептегі көшбасшылығын нығайта түсті

Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ -  Алмас Жұмабаев. «Астана» командасының капитаны Альберто Контадор бейсенбі күні «Тур де Франс» көпкүндігінің он сегізінді кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есептегі көшбасшылығын нығайта түсті.

Велошабандоз басталуы бөлек болған ұзақтығы 40,5 шақырым жарысты 48 минут 31 секундта бағындырды, ол «Саксо Банк» командасының өкілі  швейцариялық Фабиан Канчеларудан үш секундтқа ғана озып кетті. Көшбасшылар үштігін 15 секундқа кешіккен «Катюша» командасының шабандозы ресейлік Михаил Игнатьев қорытындылады.

Осы кезеңдегі жеңіс Альберто Контадорға жалпы есептегі көшбасшылығын нығайта түсуге мүмкіндік берді. Көпкүндіктің аяқталуына үш кезең қалғанда испаниялық негізгі бәсекелесі «Саксо Банк» өкілі швейцариялық Энди Шлэктен 4  минут 11 секундқа алда келеді. Үшінші орында «Астана» командасының тағы бір өкілі, «Тур де Франс» бәйгесінің жеті дүркін чемпионы  американдық Лэнс Армстронг келеді. Оның жалпы есеп бойынша алда келе жатқан Контадордан кешігу уақыты 5 минут 25 секунд.

«Тур де Франс» көпкүндігі Парижде Елисей далаларында 26 шілдеде аяқталады.

0 пікір

Үздік материалдар