Сенбі, 27 Сәуір 2024
1961 0 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 14:39

Қазақстаннан кімдер кетіп жатыр?

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстаннан 5281 адам көшіп кетті. Сәйкесінше елге 4108 адам көшіп келген.

Елдер бойынша

2022 жылдың I тоқсанында мигранттардың ең көбі – 4106 адам Ресейге көшті. Германияға-617, Польшаға – 125, Америкаға – 89, Беларуске – 57, Өзбекстанға – 43, Қырғызстанға – 35, Канадаға – 34, Түркияға – 22, Израильге-19 адам көшіп кетті. Осы уақытта  Қазақстанға Өзбекстаннан – 2085, Ресейден – 810, Түркіменстаннан – 218, Қырғызстаннан – 164, Қытайдан – 125, Әзірбайжаннан – 109, Тәжікстаннан – 92, Ауғанстаннан – 76, Германиядан – 60, Моңғолиядан-56 Түркиядан-54, Ираннан-36, Украинадан-33 адам көшіп келді.

Білім деңгейі бойынша

Қазақстаннан көшіп кеткендердің арасында 1565 адамның немесе 15 жастан асқан көшіп кетушілердің жалпы санының 38,2% - ның жоғары білімі бар. Кәсіптік орта білім – 1350 (32,9%), жалпы орта білім – 830 (20,2%), негізгі орта білім-356 (8,7%) адамда бар.

Ал, келгендердің арасында 558 адам (13,9%) жоғары білім алса, 1543 адам (38,4%) орта кәсіптік білім, 1218 адам (30,3%) жалпы орта білім, 699 адам (17,4%) негізгі орта білім алған.

Мамандықтар бойынша

2022 жылдың үш айында Қазақстаннан техникалық мамандығы бар 1 мың адам кетті, 457 – экономикалық, 258 – педагогикалық, 156 – медициналық, 119 – заңгерлік, 67 – сәулет-құрылыс, 41 – ауыл шаруашылық және 817 – басқа маман иелері.

Келгендер ішінде 340 техникалық маман, 137 экономист, 118 педагог, 77 медицина қызметкерлері, 36 ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар мен сәулет-құрылыс саласындағы мамандар, 34 заңгер бар. 1323 адам басқа мамандық иелері.

Өңірлер бойынша

Қарағанды облысынан – 681 адам, Қостанай облысынан – 645, Павлодар облысынан – 643, ШҚО – дан – 631, Алматыдан – 537, СҚО – да – 421, Ақмола облысынан-291, Ақтөбе облысынан – 277, Нұр-Сұлтаннан-250 адам көшті.

Көшіп келген Қазақстанның жаңа тұрғындары Маңғыстау облысында – 1317, Алматыда – 595, Алматы облысында – 401, Шымкентте – 351, Нұр-Сұлтанда – 311, Қостанай облысында – 178, Түркістан облысында – 161 адам және т. б. қоныстанды.

Ұлты бойынша

Қаңтар-наурызда Қазақстаннан көшіп кеткендердің ішінде 3430 орыс, 551 неміс, 402 украин, 320 қазақ, 116 поляк, 110 татар, 56 Белорус, 37 өзбек, 29 кәріс, 24 Әзірбайжан, 22 дүнген және басқалары бар.

Ал,  Қазақстанға 2171 қазақ, 599 орыс, 299 Қарақалпақ, 190 өзбек, 145 Әзірбайжан, 92 тәжік, 76 украин, 75 корей, 67 қырғыз, 52 неміс, 50 татар, 48 түрік, 47 ауған және басқалар келді.

Abai.kz

0 пікір