Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3399 0 пікір 24 Шілде, 2009 сағат 03:39

Орыс тілінің отаны Қазақстан мен Ресей ғана болып қалды

Ресей өкіметі ТМД елдеріне саяси ықпал етудің құралы етіп орыс тілін пайдаланып келеді. Осындай ерепейсіз саясат ұстануына байланысты бүгінгі ұлтшыл орыс билігі бұрынғы кеңестер одағының отарынан азаттығын алып шыққан тәуелсіз республикалардың тарапынан қарсылыққа да ұшырап келеді, жеңіліс те тауып жатыр. Мысалы, билік басына саясаткерлердің жаңа толқыны Ющенко мен Тимошенколардың келуіне байланысты орысқа ең жақын славян елдерінің бірі украиндар тек өз тілдерінде - украин тілінде ғана сөйлейтін болды. Қапақаз жұрты, соның ішінде гүржілер  орыс тілінің бар жоғын ұмытқан да сияқты. Орта Азияда Өзбекстан Ресеймен қарым-қатынастың барысында «өкпелесең өзің біл» саясатын ашық ұстануда. Алайда, аймақтағы көршілердің бәрі бірдей орыс тіліне дәл өзбектер секілді өзгеше көзқарас танытуда десек жаңсақ сөйлеген болып шығамыз. Орыс тілі Қазақстан мен Қырғызстанда һәм Тәжікстанда анық билік тілі ретінде өмір сүруде. Әйткенменде, қазақтарға қарағанда қырғыздар мен тәжіктердің өз тілдеріне деген құрметі, махаббаты еркеше байқалып тұрады. Соның айғағы десек болады, мәселенки Қырғызстанда Жоғарғы Кеңеске келіп түсетін заң жобалары тек қырығыз тілінде талқыланып, қырғыз тілінде қабылданады. Оның үстіне, Алатаудың арғы жағындағы ақ қалпақты ағайындарымыздың арасында орыс диаспорасының саны күрт кеміп кетіпті. Ал Тәжікстанда «Мемлекеттік тіл» туралы заңға өзгерістер енбекші.

Ресей өкіметі ТМД елдеріне саяси ықпал етудің құралы етіп орыс тілін пайдаланып келеді. Осындай ерепейсіз саясат ұстануына байланысты бүгінгі ұлтшыл орыс билігі бұрынғы кеңестер одағының отарынан азаттығын алып шыққан тәуелсіз республикалардың тарапынан қарсылыққа да ұшырап келеді, жеңіліс те тауып жатыр. Мысалы, билік басына саясаткерлердің жаңа толқыны Ющенко мен Тимошенколардың келуіне байланысты орысқа ең жақын славян елдерінің бірі украиндар тек өз тілдерінде - украин тілінде ғана сөйлейтін болды. Қапақаз жұрты, соның ішінде гүржілер  орыс тілінің бар жоғын ұмытқан да сияқты. Орта Азияда Өзбекстан Ресеймен қарым-қатынастың барысында «өкпелесең өзің біл» саясатын ашық ұстануда. Алайда, аймақтағы көршілердің бәрі бірдей орыс тіліне дәл өзбектер секілді өзгеше көзқарас танытуда десек жаңсақ сөйлеген болып шығамыз. Орыс тілі Қазақстан мен Қырғызстанда һәм Тәжікстанда анық билік тілі ретінде өмір сүруде. Әйткенменде, қазақтарға қарағанда қырғыздар мен тәжіктердің өз тілдеріне деген құрметі, махаббаты еркеше байқалып тұрады. Соның айғағы десек болады, мәселенки Қырғызстанда Жоғарғы Кеңеске келіп түсетін заң жобалары тек қырығыз тілінде талқыланып, қырғыз тілінде қабылданады. Оның үстіне, Алатаудың арғы жағындағы ақ қалпақты ағайындарымыздың арасында орыс диаспорасының саны күрт кеміп кетіпті. Ал Тәжікстанда «Мемлекеттік тіл» туралы заңға өзгерістер енбекші. 1989 жылы қабылданған заңда тәжік тілі мемлкеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде бекіген-ді. Шілде айының 22-інде Мемлекттік тіл күніне байланысты орталық телараналардың бірінен сөйлеген сөзінде тәжік президенті Эмомоли Рахмон  ел парламенті аталған заңға қатысты өзгерісті тездетіп талқылап қабылдауға тиіс екендігін екпін түсіре айтты. Ресейдің РИА «Новости» ақапарт агенттігі тартқан бұл ақпар қазір орыс басылымдарында жарияланып, қызу пікір туғызуда.

 

 

«Ұлттың ұлылығы өз тілін сақтап, өз тіліне құрметпен қарауынан көрініс табады» дейді Рахмон мырза. Рахмон мырза осы сөзін ширата келіп «Тәжік тілі әдебиеттің, мәдениеттің ғана емес, мемлекет істерін атқаратын тіл. Заңның тілі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» деді.

 

 

БАҚ-тың тілі дегеннен шығады, ел басшысы Тәжікстандағы бүгінгі баспасөздің тілін қатаң сынға алып, тілдің көркемдігін, тазалығын, құнарын сақтай білудің қажеттігін ескертті. Тәжік халқының жетекшісі ескерткен осы жайтты біздің әріптестердің де қаперіне сала кеткеніміз артық болмас. Қазір  теле-радио бағдарламасын жүргізетін жартылай әртіс, жартылай журналистердің ішінде қазақ тілінің «құлағын кесіп құнтитып, мұрнын кесіп шұнтитып» сөйлейтіндер сәнге айналды. Жә, бастапқы тақырыпқа оралайық.

 

 

Расында, тәжік тілі - Шығыс шайырлары атанған Фирдоуси, Сағди, Санаилардың, беріде иран мен тәжікке ортақ ақын атанған Лахутидың тілі. Ұлы жібек жолында өркендеген мәдениеттен сусындаған  тәжіктер өздерінің арғы тегін біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда жасаған соғдылардан бастайды. Арабтардың тарапынан болған шабуылдардың ақырында бүгінгі тәжік этонсы қалыптасып, ислам дініне жығылған.

 

 

Тәжік жері су ресурстарына бай. Бағбаншылық пен мақта шаруашылығы жақсы дамыған. Өзін азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын шағын ел. Ел билігі тоқсаныншы жылдары толқып басылған оппозициядан гөрі сыртқы күштермен астыртын байланысы бар деп танылған әсіре діншіл моджахеттерден көп сақтанады. 1991 жылдан бастап ресми Душанбе Ресей баспасөзінің ел аумағында таралуына тиым салған болатын.

Қысқасы, таяу күндердің бірінде Тәжікстан толықтай мемлекет тіліне көшіп іс-қағаздарына дейін тәжік тілінде сөйлететін сыңайлы. Ендеше ұлтшыл орыс саясаткерлерінің ықпал ету құралына айналып кеткен орыс тілі тек Қазақстан мен Ресейді ғана отан тұтып қала беретінге ұқсайды.

 

 

Айтпақшы, «ашыған сүт» мәселесінен кейін Ресеймен арасы бұзыла бастаған Белоруссия Гүржістанның мемлекттік тұтастығын мойындап, Тблисиге бартын азамттарына Сыртқы істер министрлігі арқылы гүржі халқының заңдарын сақтап жүруді талап етіп жатыр.

 

 

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар