Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2539 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 07:53

Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы)

ІІ

Әскери басқару әтіреті қайтып, Шаяр-Тарым лаугай майданы сақшы басқаруына қайта өтті. Майдан штабынан су қоймасына бір ұйғыр кадрдың келуі, соның бастамасы екен. Уаң зыдауян бастаған үш әскери кадр өз дивизиясынан алғаш көшіп келгенінде жүктерін үш қана кішкене есек арбамен әкелген болатын. Маужушидің «яудусы пишун»[1] ұрандатып та, әндетіп те ауыздарынан тастамай жүріп-ақ, бай су қоймасын үш жыл ішінде тақыр жерге отырғызып болды. Шошқа қорасында шиқылдап шыңғырып бес-алты торай қалды да, көл сыртындағы қой қотанда маңырап, бес-алты ешкі ғана қалды. Бұрынғы қорды Сау зыдауян жесін, оны былай қойғанда Уаң зыдауян басқарған үш жылда қысы-жазы аулаған балығымыздан кассыға бір тиын түспепті. Қыл аяғы қысы-жазы тоқтамай араланып келген тораңғы тақтай да жоқ. Таудай боп үйіліп жатқаны, қора жасаумен отқа жағуға ғана жарайтын қыртыстары екен.

ІІ

Әскери басқару әтіреті қайтып, Шаяр-Тарым лаугай майданы сақшы басқаруына қайта өтті. Майдан штабынан су қоймасына бір ұйғыр кадрдың келуі, соның бастамасы екен. Уаң зыдауян бастаған үш әскери кадр өз дивизиясынан алғаш көшіп келгенінде жүктерін үш қана кішкене есек арбамен әкелген болатын. Маужушидің «яудусы пишун»[1] ұрандатып та, әндетіп те ауыздарынан тастамай жүріп-ақ, бай су қоймасын үш жыл ішінде тақыр жерге отырғызып болды. Шошқа қорасында шиқылдап шыңғырып бес-алты торай қалды да, көл сыртындағы қой қотанда маңырап, бес-алты ешкі ғана қалды. Бұрынғы қорды Сау зыдауян жесін, оны былай қойғанда Уаң зыдауян басқарған үш жылда қысы-жазы аулаған балығымыздан кассыға бір тиын түспепті. Қыл аяғы қысы-жазы тоқтамай араланып келген тораңғы тақтай да жоқ. Таудай боп үйіліп жатқаны, қора жасаумен отқа жағуға ғана жарайтын қыртыстары екен.

Ал, «дусы пи шушыл» үш кадрдың қайта көшкендегі жүктері үш есек арба түгіл төрттен ат жегілген он дашайға[2] да сияр емес. Өздерінің бұрынғы тұрған батальоны мен мұндағы майдан штабына жалынып-жалбарынып телефон соға берді. Сөйтіп Уаң зыдауян іс жүргізушісі мен бұғалтырының үйлерін екі автомобильмен екі рет тасытты да, өз үйін ғана сол екі автомобильмен екі рет тасытты. Ең соңында өзі мен әйелі қалып, келген тағы бір автомобильге тақтай қыртысынан таудай қып тиетті де кабинкаға кірді. Уаң зыдауянның өзінің мұншалық қорқаулығына ызаланған шынсыңдар кабинканың екі жағынан үңірейісіп қарап тұр.

Менің сол әтіреттің шағын ұлттардан қалған жалғыз өкілі екендігім белгілі ғой, машина от ала бергенде қарсы алдына барып тұра қалдым. Зыдауян мен әйелі де, шофер да қарай қалды маған. Қоштасу сөзін сөйлеп, саяси нұсқаушының істеген қызметі үшін алғыс айтар деп күткендей күлімсірей қарасты. Екі қолымды мықыныма тіреп әндете жөнелдім: «яудусы бий шу, яу дусы пи шу! Дусы пи шу, дусы пи шу, яу ду...сы пи...шу...!» -айтқан ұзатар әніме көпшілік ду күлгенде, шофер тұқыра қалып, машинасын осыртты. Әйелі еріне қызара жымиып қарады да, бедірейе қалған ері маған сүзе қарады. Мен ашық кекесінді үнмен «Қош, зы.. дау...я...н!» деп қолымды көтере сермеп, тастап жүре бердім. Түтінін бүркіп-бүркіп жіберген автомашина әрең бұлқынып, ышқына жылжыды. Кеңсе есігінің алдынан ғана қош айтып тұрып қалған сақшы кадрлары да күлісіп тұр екен.

- Үш жылдық тәрбиесін өзіне жақсылап қайтардың! - деп Сүн летчик арқамнан қаға сақылдады.

- Дұрыс хұласса шықардың[3]! - деп дауыстады ұйғыр дүйжаң. Сөйтсе де «бөрік кигеннің намысы бір» дегендей өз жүзі де қызғыш тартқан екен...

Шикіл сары қазақ пен семіз қара қалмақ содан екі күн өткенде, маған жол бойындағы атызда жүгері тақталап жүргенімде кездесті.

- Рұқсат қағазың келді ме? - деп «Шөкең» сұрағанда басымды шайқай салып едім. «Даукең» бәсең ғана үнмен жақсы хабарын жылт еткізіп жымиды.

- Кешікпей келіп қалар, үш айға ғана беруі мүмкін. Бірақ, былай шыққан соң өз жағдайыңа қарап көресің ғой!...

- Ой, рахмет сіздерге! - деп қуанышпен барқ ете түсіппін.

- Үй-үй, біз білмейміз бұл істі, қатысымыз жоқ! -деп Даукең шошынғандай қолын сермеп қалды да, атын тебіне жөнелді. Шөкең артына қайырыла күліп, сұрау қоя кетті.

- Түсінген шығарсыз?

Мен бас изей күлдім. Қойшының емес, қойдың ғана қатысы болғаны ғой!

Ертеңіне таңертең майдан штабының «басқарып тәрбиелеу бөлімінен» телефон келіп, мені сол бөлімге шақырғаны естілді. Түскі демалыстан сәл бұрынырақ жетіп едім. Бөлім бастығы түскі демалысқа шығып кеткен екен.

Түстен кейін егде тартқан ханзу кожаң[4] бұрынғы қызмет орным мен үйімнің адресін қылмысым мен қалпағымды анықтап-анықтап сұрап, басын шайқай отырып жазды да, қарнын сипай түсіп, анкета кестесін қынжыла қарап ұсынды. Қарнына түсіп кеткен бірдемені қайтадан шығара алмай қиналғанын мен де түсініп, анкетаны жеделдете толтырып қайтарып едім. Оны хатшысына бере сала, өзі айта отырып, тілхат жаздырды: «Үш айдан бір күн де кешікпей, ешқандай мәселе өткізбей қайтып келемін. Егер кешіксем, қоғам тәртібін бұзатын қателік өткізсем, біреуден өш алмақ ниетпен мәселе тудырсам, бақылаушылардың нұсқауына бағынбай, оңшыл-ұлтшылдармен, шужұңжуи агенттерімен сөйлессем, әрқандай ауыр жазаға разымын!» деп ұйғырша жазып, анықтап қол қойдым. Бөлім бастығы мұны бір ұйғыр кадрға апарып, ханзушаға аудартып оқыды.

Майданның таңбасы басылған үш айлық рұқсат қағаз қолыма тиісімен, Үрімжіге жүретін автомобиль, трактор жөнін сұрап едім, жақын уақытта ол жаққа жүретін машина жоқтығын айтып түңілдіріп, «өз шығыныңмен Шаярдан қатынас машинасына түсіп кет!» деп жөнеле берді. Соңынан ере шығып, ақшамның жоқтығын, кассадан қарыз әперуін өтініп едім, жалт қарап ақшия қалды.

- Үйіңе барып қайтарлық шығының болмаса, барма!

- Жаяуласам да барып қайтайын, кожаң, рахмет! - дей сала зыттым. Артымнан қарап тұрып қалды. Сол мұздай сұрға қарай-қарай зыттым. Су басқару әтіретіне телефон беріп, рұқсат қағазын қайтарып алуынан қауіпім күшейе түсті. Ақша жоқтығын сылтауратып, қайтып келмей іздететіндігімнен қауіптенбесін бе. Әтіретіме әдейілеп кештетіп, ұйқыға кеткен кезінде жеттім де, басқа бұйымдарымды буып тастап, қағаз бен жеңіл киім салынған екі сумкамды ғана екі иығыма аса жөнелдім. Су қоймасының күнбатыс жақ сыртындағы тоғайға - Дәмелқанның қосына барып жаттым.

Неліктен түнделетіп шыққанымды сұраған Дәмелқанға сол қаупімді айтамын деп, ақшамның жетпейтіндігін тағы да білдіріп алыппын.

- Олай болса қатынас бекетіне өзің барып билет алудан да сақтан! - деп ескерткен Дәмелқан таңертең қасындағы Еділбаймен сөйлесіп, алмаймын дегеніме қоймай, жиырма юан ақша берді. Сыртта жүргендіктен өздеріне де ақша жетпейтіндігі белгілі еді. Ойлана түстім де, басқа жақын достардың бәріне арнап хат жаздым. Қашан кіресіз машина тапқанымша Шаяр базарынан күтетіндігімді, сол үшін қайта келіп, өздерінен азық алып қайтуымның мүмкіндігін ескерте кетуіме тура келді.

Су қоймасындағы өз әтіретімнен ұрланып кеткендігімді де естіген соң бөлім бастығының телефоны тыныш жатар ма. Тарым майданының базардағы іс басқару орнына барып жатуыма болмайды. Сақшы біткенге шынсың киімімен көрінбеуім де, тіпті қатынас автобусына түспеуім де қажет. Қашпай жүрген күнім бар ма, тағы да қашқын болдым дей бер!

Шаярға жаяулап күн еңкейе жеттім де, базар ортасындағы бір кемпірдің ыбырсыған аса мүсәпір деңіне жата кеттім. Таңертең шынсың киімін түгел бүктеп тастап, майданда көзге түспеген таза көйлек пен қырлы сым ғана киіп көшеге шықтым да, өсіп кеткен шаш-сақалымды жөндеттім. Майданға белгілі бурыл шашымды ықшамдатып, қалпақ астына сиятындай ғана қалдырдым. Иегіме бір шоқ қана сақал мен мұрнымның астына оймақтай ғана мұрт қойдырдым. Баса киген қалпақтың күнқағарының астынан сығалап барып, гараждан Үрімжі жаққа жүретін машина сұрастырдым. Жоқ екен. Мұнан соңғы кешке дейінгі уақытым жезөкшелерді зерттеумен өтті: құрмет-инабаты бар бүбі сипатты, көшеде тамыр-танысы мол, басқа жезөкшелерге ықпалды, үйі қалашық ішінде тұратын бір «шырайлыққа» қол арта тұруым қажет болды. Осы ауданнан аман құтылып шыққанымша күн үшін күлік жегендей, түнімен ойлап тапқан лажым осы ғана болды.

Ондай «бүбі» жезөкше Шаярда басқа жезөкшелердің иіле амандасуынан, базар жаймаларында отыратын шал-кемпірлердің орындарынан қозғалақтап сәлемдесулерінен байқалуға тиісті. Ондай сүйіктімді көзі ойнақтаған, қылтың-сылтыңы бар жас шөкендерден іздеп әурелену қажетсіз. Тек, байсалды кексе жезөкшелердің нәнсіп жүретін жарқырауық сырға-алқалы, қас-кірпіктері шеберлікпен сыпайы ғана сүрмеленген сүбелілерінен ғана табуым мүмкін. Сондай шарттарыма лайық біреуі көзіме түстен кейін күн еңкейген шақта әрең түскендей болды. Соңынан ере жүріп қадағалап зерттегенімде сыныма тола кетті. Мәдениет төңкерісі қырыққан жуан бұрымы жауырнынан енді ғана асқан, қою қара қас-кірпікті, жап-жақсы тойынған қызыл бөрте ханым мен мұндалап, көзіме жарқ ете түсті.

Менің көзім түскенін тез сезіп, өзі де едел-жедел екі-үш қарап жіберді маған. Сөйтті де, базаршылар арасынан шетке қарай беттеді. Адам аз көшенің бір бұрышына барып тоқтады.

- Менде бір ісіңіз бар ма еді? - Баяу ғана үнмен күлімсірей сұрады.

- Қапа болмаңыз, мен сізге күйіп қалдым!

- Өй-ей, не дейді мына адам! - деп жуан мойнын бір толғап тастап, сырт қарай қалды. - Менің ондай іспен хошым жоқ тұрса!...

- Еріңіз бар ма еді?

Басын үнсіз шайқай салып, төмен қарап алды. Жуан томпақ көзін жалт еткізіп жауап қатты.

- Ерім бір жылдан асты, опат болып кеткен. Бір ғана қызым бар, кәрі ата-анам бар... Үйге кіріп шай-пай ішіп шығыңыз, әнеу кішкене дарбазада! -Өзімен қатарласа жүріп едім. - Сәл тұрып, кейінірек кіріңіз! - деп күліп жіберді де, тездете жүріп кетті. Біз өкше туфлиін нықтай басып, жуан құйрығын бұлғақтата жетті де, маған тағы да тосыннан жалт қарап алып кірді қақпасына. Мен он минуттай кідіріп барып кірдім.

Кішкентай ауласы жеміс ағашына толған, аласа ғана үйлерін үзім бараны торлап алыпты.

- Келіңіз, келіңіз, ит жоқ! - деген дауысы сол баран ішінен естілді. Кішкене-кішкене екі есіктен өтіп, өзі нұсқаған үшінші есіктен кірдім. Жолымдағы алты көзді терезеден бір кәрі кемпір ғана көрінді. Басқа ешкім жоқ сияқты, жым-жырт. Үлкен сандық үстіне жиылған төрт-бес көрпелі шағын ғана сәкісін толық қамтып, өрнекті текемет жайылыпты. Оның үстіне төселген көрпені нұсқап отырғызды. Өзі сәкі кенересіне ибамен жарты құйрығын ғана қойып, қырын қарай отырып сұрады.

- Қайдан келдіңіз, үйіңіз қайда?

- Мен - Үрімжіден. Мына Тарым майданына айдалып келген оңшы едім. Қазір осында салт тұрамын. Әйеліме де оңшы қалпағын кигізіп, айырып жіберген. Бір ғана кішкене ұлым бар еді. 62-ші жылы соны ертіп, Совет одағына өтіп кетіпті. Өзінен ешқандай хат-хабар жоқ. Үй мүлкіміз Үрімжіде, бұрынғы идарамыз да қалған екен. Соны алып қайтып келуге үш айлық рұқсат алып шықтым.

- Үй мүлкіңізді Тарым майданына әкелмексіз бе?

- Солай. Қазір жұмысшымын. Қалпағым алынған болса да қайтармай қойды. Енді үйленіп алмасам, мүсәпірліктен құтыла алмайды екенмін.

«Бүбім» күрсіне түрегелді орнынан, есіктен шығып барып, «Гүлқыз!» деп шақырды да күбірлеп қана бірдеме бұйырып қайтты. Дастарқан жасап, жүгері ұнына аққұмай[5] ұны араласқан тонар нан мен қант-конфетті мол салып шай құйды. Үн жоқ. Қызыл жібек жаулығын дәміл-дәміл түзеп, көз астымен қарай берді. Мен де Ынтыққансып, көз алмай қараумен болдым.

- Менің жаңағы сөзіме не айтасыз? - деп сұрадым бір шақта. «Бүбім» күліп жіберіп бетін басты. Тұқыра отырып сөйледі сонсоң.

- Мен не деймін оған?! Сіздей адам мені қайтпек! Не қилы шырайлы жас шөкендер тұрғанда... Солардың біріне қарамай, маған «күйгеніңізге» ғажаптанып отырмын!

- Сіз бәрінен де сұлусыз. Мінезді болғандай жүріс-тұрыс тұрқыңыз қатты қызықтырды мені!

- Жоқ ей, алдап отырсыз!.. Мен намаздан басқаны ұмытқан әйелмін! Не қилы жас қыздар да тиеді сізге!...

-  Егер ұнатсаңыз, сізді жүз қызға да айырбастамас едім!

- Мені талай жігіт осылай алдап көрген. Ұнамағанмын хы-хы-хы! Мені күйдіріп... күнәға батырмақсыз! Басқа жас бірін тауып алыңыз!

Бұл жауаптан соң әдейі сөйлемей қойдым да, шай ішіп «Аллаһу акбар» айтқан соң кетпек болып түрегеліп едім, алдымнан көлденеңдеп тоса қалды.

- Отырыңыз, тамақ істетіп жатырмын! Осында қоныңыз, қашан Үрімжіге жүргеніңізше осында болыңыз!... Мені іздеп келіпсіз, дертіңізге шипа боларлық дидарым болмаса да жақсылап күтіп, өзім шығарып саламын! - деп сылдырап, мені зорлағандай басып отырғызды да, екінті намаз уақыты болғанын айтып шыға жөнелді. Аздан соң дәрет шәугімін есік көзіне әкеліп, дұға айта отырып бет дәретін алды да, үйдің күнбатыс жақ бұрышына жайнамаз жайды.

Айтқанымдай-ақ, «молда қатын» тапқаныма күлкім келді. Суық жүріс те жоқ, дәретсіз жүрмейтін таза әйел болып көріну үшін жезөкшенің былықтыра жүріп-ақ сопы-бүбі болып ала қоятындығын естіп жүргенмін.

Шашын көп тармақтап өрген жаңа өспірім әдемі қыз ыстықтан терши жетіп, тоқыма сабан сумкамен бір нәрсе әкеліп қойып шығып еді. Шешесі намаздан тұра сала дастарқанды қайта жасады. Жаңа қуырған көкөністен қуырдақ әкеліп, шайды қайтадан құйды. Бір бөтелке арақты күле әкеліп алдыма қойды да.

- Сіз ішер деп алдырдым. Өзім татпайтын тағам. Күнә болса да қонақ болған соң іші пысып қалмасын деймін. Ал, өз үйіңіздей көріп іше отырыңыз!

Жалғыз бір-екі рет көтеріп жіберген кісіге қандай ауыр болса да көтерілмейтін жүк бар ма, қаңбақша үйіріп әкеттім өзін. Екі шынының шекесін сүзістіріп жіберіп, бір рет көтеріскен соң-ақ арақ бөтелкесін өз қолына алып, өзі басқарып әкетті. Менен қалмай көтерісті де, ымырт түсісімен менен қалмай деңге барып, боқшамды көтерісіп, үйіне әкеліп алды. Сонан соңғы бар істі де өзі бсқарды. Ерінің «опат болғаны» өтірік екен. Көшеге шықпа деп ұрыса берген соң тірідей айырылысып, бала мен мүлікті тең бөлісіп алып шығыпты. «Өзі аурушаң ажыз нәрсе. Соған қарап қана үйге қамалып отыра берсем ішім пыспай ма! - деп өз ісінің «ақтығын» маған да құптатып алды. - Өзім недәуір үлкен қаридың қызымын. Әкем мені де көп оқытқан. Сондай бола тұрып, бұзық жүрісте боламын ба!.. Ондай ерге енді тимеуге мың тәубә қылдым. Ғибадат намазымды өз ата-анамның қолында оқып отыра берсем де күн көре алады екенмін!...»

Сөйтіп отырып маған берген жауап түйіні, некеге емес, текеге ғана тірелгендей, «қашан кеткеніңізше осы үйді өз үйім деп біліңіз, тек мені әурелеп, күнәға батырмасаңыз болғаны!» деген еді. Үйренісе келе сол күнәға белшесінен батқанын өзі де сезбей қалғандай. Екінтіден кейінгі қаза болған намаздары да есіне түн ортасында түсіп, шекемнен еркелей нұқиды. «Барлық күнәсін» маған арта салды сөйтіп. Қылмыс көтермей жүрген күнім бар ма, мақұл деп тағы да мойындап, тағы да көтере салдым. Әйтеуір, осы күнә артушымның Лобнордағы Тылла қыздың үлкен ұстазы екендігін, ол білмейтін көп «білімнің» осы «бүбіде» екендігін, ол айтатын «дастанды» не қилы әуенмен толықтап сайрағанынан түсіндім.

Машина іздеуді де «бүбіме» көтертіп қойып, тағы да екі күн жатып едім, мен іздеген машина табыла қоймады. Тарымға барып бірдеме тауып әкелмесем, оның күтісінен ұялдым да, майданға барып қайтуға бір-екі мөшек пен бір есек сұрадым. Өз қорасында бір кері есек дайын тұр екен. «Мәдениет төңкерісінде» өлген көршісінің жаңа бөркі мен жеңіл шапанын сұратып киіп, қалың желқомның үстіне екі дағарды қабаттап жайдым да, қарғып мініп жөнеліп бердім. «Жоғалтып қоймассыз, дадамның есегі!» деп қана ескертіп қалды.

Дәмелқанның қосына түс ауа жетіп едім. Екі дағарым мен есегімді, ұйғырша киімімді көріп күліп жіберді.

- Енді келістіріпсің!.. Қашып шыққан күмәнің расқа шықты. Сені әтіретің іздеп жатыр. Қылқараң осында да келіп сұрап қайтты!.. Жә, өзің шаярлықтардың бір жақсы үйіне күшік күйеу болып кіріп те үлгергеннен саумысың?

- Тұспалыңыз дұп-дұрыс, тіпті бір балалы болып та үлгердім! - Қарқылдап күлістік. - Бірақ мықты келініңізге жүк автомобилін таптыра алмай, күшентіп қойып келісім осы!

Дағарларымның үлкендігіне қарап күлкісін тоқтата қойды Дәмелқан.

- Үй, асығатын бір ісің бар екен. Әтіретке Еділбай жаңа ғана барып келді. Асылбек дәл қазір әтіретте жүр. Ол сонау шеттегі атызда күріш бағып жатыр ғой. Ұрықтық күріштің бір дағарын тұтасымен тығып қойғанын айтып еді. Соны, сақтығыңнан жаңылмай барып қазір тауып сөйлесіп қал, саған азық керектігін айтып, сәлеміңді жеткізіп қойғанмын! - деді. - Мына қалпыңда сені көп адам тани да қоймас!

Күріш менің «қайын жұртыма» табылмайтын таңсық тамақ қой, шайға қарамай тұра жөнелдім.

Үйленгеніне екі жылдан асып, бір жарым баланың әкесі болып қалған Ақбай әтіретінің бергі жақ шетінен оңашалап үй салып алып еді. Іргесіне таяп барғанымда есектің аяқ тықырын естіп, өзі шыға келді. Бұрынғы су ағып тұратын пісте тұмсығы қып-қызыл. Мені тани қойып, жуан басын сипалай берді.

- Үйге ханзу дүйжаңымыз келіп арақ ішіп отыр! -деп сыбыр ете түсті сәлемнен соң. -Тани қоймас, пайзауаттық ұйғыр қайын ағам болып сөйлесіңіз! -дей сала өзі де ұйғырша сөйледі.

- Хош келіпсіз! Кірің-кірің!

- Үйге кіріп барғанымда үлкен табақ етті алдына жалғыз алған дүйжаң, орнынан тез түрегеліп, қол беріп амандасты. Ол да ұйғырша Ақбайдың сөзін айнытпай қайталады сонсоң.

- Хош келіпсіз, кірің-кірің! - деп есікті емес, табақты нұсқады. Табаққа «кірің-кірің» дегеніне келін сақылдап күліп, шыға жөнеліп еді. Дүйжаң ұйғырша сөзді келістіре алмағанын білгендей кеңк-кеңк күлді. Алдындағы стакан толы арақты тағып салып, сағатына қарады да, туралған еттен екі асап жіберді. «Іш бар, алдырайды!» дей сала майлы екі қабырғаны қолына ала жөнелді. Ақбай да түрегеліп алғыс айтып қалды.

- Қойымды сойысып бергеніңізге рахмет, дүйжаң!

Келін табалдырықтан қайта аттай бере сақылдап, Ақбай отыра қала қарқылдады. Ішектері түйілгенше күлген екеуіне аңыра қарап қалып едім.

- Өй-ей, сіз екенсіз ғой, аға, танымай қалыппын! - деп алып келін тағы күлді. Мұнысын оғаш көріп қалып, күлкінің сырын аша салды өзі. - Мынау дүйжаңның қойын ұрлап әкеліп өзіне сойғызып, екі қабырғасын ұстатып қайтарды!

Тағы еселеп күле баяндады Ақбай.

- Алдыңғы күні осы дүйжаң мені «ұры емессің» деп мақтаған. «Сен Маузыдұң идеясын жақсы үйрендің, ұрлық қылмадың. Басқа сабақтастарыңның бәрі ұры, мен білемін, сен оны білмейсің. Әмәт дүйжаңның семіз қойын қашқындардың ұрлап әкеткенін де білмей қалдың. Жуассың, жуастық деген жақсы, тіпті жақсысың. Бірақ, сен әтірет күзетшісісің ғой, мұнан соң ұрыларды бақылап, аңдып, маған мәлімдеп тұр! Сонда үйіңе, жеріңе тез қайтасың, ата-анаңды көресің!» деп тапсырған болатын.

«Маузыдұң идеясын жақсы үйрендік» дегеніне намыстанып қалғанын, сол идеяны расында да жақсы игергендігімді көрсету үшін ойлап тапқаным - ұрлықтың осы түрі болды. Бүгін таңертең бір қойын қорасынан ұрлап шығарып әкеттім де, арт жақтағы қара батпаққа басына дейін аунатып әкеліп, мына есік алдына байлап қойдым. Таңертең басқа жақтан іздеп кеткен дүйжаң қайтып келіп, өзінің бір қойы жоғалғанын айтты да, батпағы кеуіп көк сорыға айналған қойының қасына барды. Екі айланып қарап өтсе де таныр емес.

- Менікі мұндай емес! - деп күрсінді.

- Қайтып сіздікі болады, кеше қайын атамнан сұрап әкелгенімді көрмедіңіз бе?... Менікі мына хотын тез туады, босанғанда сойып беремін деп әкелгенмін!

- Сен жуассың, ұрылар мұны да ұрлайды, семіз екен!

- Мен де ұрыдан қорқып қалдым, дүйжаң! Сойып алып етін кептіріп сақтайын ба?

- Дұрыс, сонда жақсы болады, мен де жеймін, арақ бар ма?

- Бар! Олай болса жығайын, аяғын байлап беріңізші!..

Соны айта сала алып соғып аяғын өзіне байлаттым да бауыздай салдым.

- Тез-тез сояды, менде жұмыс бар, ет жеп, арақ ішіп кетеді! - деп өзі де іресіп, ішек-қарнын дасыға салып, мына хотынға апарып беріп еді. Бұл, ал күлмеймісің келіп. Көзімді қысып, түсімді бұзып әрең тоқтаттым өзін. Мендей ұрыға қатын бола алмайды екен мына келінің!

- Өзінің жүзі бір жыбырламай, иесіне сойғызып жатса! - деп күлді әйелі. - Мұндай пәле ұрыны көрмеппін!

Менімен бірге қолға алынған студенттердің ішіндегі ең жауасы осы жас жазушы Ақбай еді. Тіпті ынжыққа саналып жүрген осы су мұрын бос белбеудің ұрлық өнеріне мұншалық жетілгеніне мен де қатты күлдім.

Әңгіменің қызығына түсіп кетіп, Асылбекті шақыртуды да ұмытып қалыппын. Табақтағы ет желініп болып қалғанда есіме түсіп іздетсем, Асылбек кетіп қалыпты. Жайымды айтып едім, жол жөнекей бала-шағалы болып қалғаныма тағы да қатты күлген келін сол қойдың бір санын көне дастарқанға орап берді.

Онан соңғы күлкіміз Жақия жайында болды. Мен азғырған Әмірахан сол күні ажырасып, қуып шығыпты үйінен, өзі балаларының қасына барып, ерімен татуласып алыпты. Жақиядағы «бес қойлық ақшасын» даулап күн аралата келіп тұрады екен. Өзін алдап неше ай әйелденгенін де әшкерелеп дауласқан жерде оның ұрлап апарған қойын ғана жасырса керек. Жақияның өзіне ғана ымдап ескертіп, жұдырығын білейді екен. Жақия сонан соң оған көрінбей, ол келе жатқанда іннен інге тығылатын болыпты. «Ақшаңды егін пысқан соң астықпен артығымен төлейін, сөйтіп өзіңе ғана ашына болайын, қазірше келме!» деп біреуден алдыңғы күні хат жазып жөнелтіпті.

Асылбекті іңірлете барып, шөп күркесінен таптым. Шошқа мен масадан қорқып, күркесінің маңайын морлатып қойып жатады екен... Дәмелқанның айтқаны келіп, іріктелген бір дағар қауызды күрішті құм астынан тауып әкелді. Есегімді атыз шетіне арқандап тойғызып алып, түн ортасынан ауғанда қош айтыстым да, таң ата Дәмелқанның қосына қайта жеттім.

Қатарлас қотандағы жорға аталған Заманның басқа қотандардан өз бағымындағы қойға қосып алған бес-алты ұрлық қойы бар екен. Менің әнеукүнгі сәлемімді жеткізіп қойған Дәкеңнің өзі кеше кеште барып, сол қойлардың таңдаулы біреуін әкеліп қойыпты. Оны да мен барған соң жәркемдеп, дағарыма салды. Заман жорғаның өзі қоштасу .үшін есегіне жиырма кило ақ ұн өңгеріп, ақ жол тілеп, күн көтеріле жетті. Түскі демалыс уақытында Қапас келіп әңгімелесіп, Қапия жайынан хабар естісем дереу хат жазуымды өтінді. «Биыл неше жылдық еңбекақымды ұрлап төлетіп, қор жиямын. Оғанға дейін өздіктерінен қайтармаса, келер жаз шығысымен мен де зытамын!» деді де, іркіп жүрген елу юан ақшасын маған беріп қайтты.

Қайыршылық бұйымтайым толығымен орындалған соң кешке дейін тынығып алып, ымырт түсе құм боранға қарамай, Шаяр базарына қайта жорттым. «Қалыңдығымның» өзіндей күйлі есек дың көтеріп таңға жақын жеткізді.

Басқа көршілеріне білдірмеу үшін кішкене қақпаны ақырын ғана шертіп едім, бір семьядағы төрт жан түгел жүгіріп шыға келді. «Келді ме?», «сол ма?» деседі бір-біріне. Мені қашып кеттіге шығарып, жалғыз есектерінің қайғысында ұйықтай алмай, аза тұтып отырған сияқты. «Бүбім» алдымен жетіп, қақпаны ашып қалды да «Сол, сол! Келді!» деп айқайлап жіберді. «Айтпадым ба келеді деп!» Бұл сөзді қатқылырақ үнмен айтқанынан, ата-анасымен ренжісіп те қалғанын түсіндім.

Үстіне ет салынған дағарды есектен көтеріп ала алмай, аударып түсірген шал, «гош-гош!»[6] деп кемпіріне күбірледі де, екеулеп сүйрей жөнелді. Астыңғы мөшекті мен аударып тастадым. Балуан «Бүбі» көтеріп әкетпекші болды да, «ой жан» деп мықшия қалды. Мен көтеріп апарып клетіне кіргіздім. Күшіме де, ісіме де енді разы болды білем, мені өз үйіне қолтықтай жөнелді «қалыңдық». Табалдырықтан аттасымызбен мол ернін түгел салып, сүйіп-сүйіп алды. Қызы алдымен кірген екен. Теріс қарап тұрып сіріңке шағып шырақ жақты да шыға жөнелді.

- Өй-ей, жүзіңді топырақ басып қапты ғо, көзіңіз қане, ха-ха-ха-һа-һа...а. Гүлқыз, Гүлқыз, су әкел! -деп дауыстай шыққан «қалыңдық», үлкен шылапшынды даңғырлатып әкеліп, алдыма қойды. Еденге тасталған бірқанша темекі  тұқылы мен бөтелке тығындарына, плита үстіндегі арақ бөтелкесіне көзім түсіп тұрып қалыппын. «Бүбімнің» мен жоқта кәсібін істеп, «дастанын» тыңдайтын тағы біреуін таба қойғанын байқап, күліп жібердім. Гүлқыз бір шелек суды табалдырыққа қоя сала сырт айланып, бетін баса жөнелді. Сәби шырайлы сорлы қыздың, шеше қылығын жақтырмай, қатты ұялып қысылып жүргені көрінді. «Қалыңдық» бөтелкені қағып әкетіп, ошақ қалтарысына тыға қойды да, есікт3 жауып күршектеп тастап, сабын мен орамал ала жетті.

- Тұрып қалыпсыз ғой, жаным! - деп киімімді сыпыра бастады сонсоң. - Енді кімнен ұяласыз, ха-ха-ха-һа.

- Мен ұялып тұрғаным жоқ, алдымен өзіңізді жуындыруым дұрыс сияқты!

- Өй-ей, мен не боппын оншалық!.. Сіз кеткен соң намазым қаза болмады, бір рет гаражға машина іздеп барып келіп, сіз үшін де дұға қылып, кешке дейін таспиық тартып отырдым!.. Қазір-ақ көресіз ғой, тап-тазамын!

Қарқылдап күлдім мен жуынып отырып. «Кешке дейін жүгініп отырып таспиық тартқаныңа мына қаптап жатқан темекі қалдығы мен арақ бөтелкесінің тығындары куә болар!» дей жаздап, «күмәнқор» аталып, «сүйіктімді» бұзып алудан тайсақтадым.

- Машина табылатындай ма?

- Бұрын тату қошна болған бір ұйғыр шофер екі-үш күн ішінде бір хабар беретіндігін айтты. Өзінің Үрімжіге бір баратын ісі бар екен.

- «Тату қошнаңыз» жүре қалса, сіз ұзатып салған мені күндеп қас қылмай ма?

- Өй-ей, не деп тұрсың, жаным, ха-ха-ха-һа-һа. Қас қылатын машинаға сізді мен отырғызам ба!... Ал, киін, шай дайын боп қалған шығар!..

Өзім әкелген семіз еттің қуырдағын шешесі біздің дастарқанға әкеліп те үлгерді. «Бүбім» мені жамбастап отырған қалпын бұзбай, апалап, еркелей бұйырды шешесіне: қақпаны мықтап бекітуді, ешкімнің кірмеуін, шаршап келген қонақтың бүгін түске дейін ұйықтайтындығын айтып қайтарды. Нақтылы ана жүзді, ақ шашты кемпірден ұялғандығымнан бетімнен от шыққандай болды. Бір бөтелке арақтың сарқыны қалған екен, маған құйып, қиыла ұсынып, қаншалық намыстансам да ішкізіп тынды «Бүбім». Аймалақтап сипалай отырып тамақтандырып болғанша күн шықты. Күп-күндіз нақ төрге төсек салды да мені шешіндіріп жатқызып, өзі тыр жалаңаштанып алып құлады.

- Ал, өзіңіз көріңізші қане, таза емес пе екенмін. Міне!...

Бүйтіп Бүбі қатын тапқан сорым құрысын. Түске дейін сол жалаңаш қалпында маған жабысып алып қорылдады. Намаз түгіл «бисмилласы» да есіне келер емес. Алдыңғы күндері денем мол сиыр етіне оралғандай ғана сезіліп, әйтеуір жұмсақ тигендігінен жирене қоймай жатып келіп едім. Бүгін келіп үйіндегі былапыт әрекеттің ізін көргендігімнен бе екен, «қалыңдығымның» сол мол еті тұла бойымды түрпідей қажады. Сөйтсе де лаугай майданына қайта барып қалмаудан сақтайтындай болған соң, «ижықыз», «ажыз нәрсе» аталып қалмауға тырысып, әр несіне де шыдап бақтым.

Түс уақытында оянған «Бүбі»  таңдағы намазды тағы да ұмыттырдың дегендей шекемнен тағы бір нұқып, күліп түрегеліп шомылды да, намаз оқыды. Сонан соң мені тағы да күле сүйреп апарып түсірді шылапшынға. Төбемнен су құйып тұрып, ғұсыл дұғасын мен үшін өзі оқыды. Іш киімін киісіммен есікті шалқасынан тастап, шылапшындағы суды мықшия көтеріп апарып төкті сыртқа.

Бишара кемпір-шал мен әкелген күріштен ақтап, палау басып қойған екен.

- Әкелгеніңіз бек жақсы, ірі күріш екен, балам! - деп шешесі бір табағын разы-қоштықпен көтеріп кіріп, екеуміздің дастарқанымызға қойып шықты. «Өзіңіз де отырыңыз!» деген ұсынысыма, «біз а үйда» деп қана жөнелді. «Бүбім» Гүлқызын шақырып, бірге тамақтануға келтіре алмай күрсінді де малдасын менің тіземді мыжи құрып көмейлетті палауды.

- Бала деген соншалық ұялшақ бола ма екен! - деп күбірлеп қана кінәлайды. Екеуміздің ұятымыз түп қотарыла қашып барып, сол бейшараны басып қалғанын түйсінер емес. Оны мектепке де бермей, өзі «оқытып» жатқанын айтып мақтанды сонсоң. «Мектепке берген қыз ар-намыстан айырылады!» дегенінде, ашуыма шыдамай, палауды асап-асап жіберіппін. Қазірше қолымнан келері осы ғана сияқты. Өзім қорқып тығылып, түртпеленіп жатып, не үйрете аламын бұл «Бүбіге». Жас сұлуды сәби кезінде-ақ ар-ұяттың дәл өзіндей жауы етіп шығармақ қой!...

Шомылғаннан бергі бір сағат ішінде «Бүбім» бар ықыласымен екінші рет гримделді. Граж жаққа барып, тағы да машина сұрастырып қайтпақ екен. Менен жұп-жұмсақ қана үнмен рұқсат алып шығып еді. Сәлден соң қойқаңдай жүгіріп қайта жетті де алқына-асыға сұрады.

- Әлгі ашынасының бақасын жеген шужиді естіп пе едіңіз?

- Хотан жақ ұйғырларының «бақа» деп нені атайтындығын білсем де секретар аты бар адамның оны қалай жегені ойыма симады.

- «Ашынасының бақасы» деген не? - Күле қарап өзінен сұрадым. Қарқылдап күлген «Бүбім», «әлгісі» дей сала шабын қағып қалды. - Хикаясын кейін айтып берейін! Сол шужиді халық сазайы қылып, көше айландырып жүр, көремісіз? - дей сала қойқаң қағып қайта жөнелді. Түнде киіп келген бөрікті басыма кептей киіп, мен де жүгірдім соңынан.

Өсіп кеткен қырма қара сақал-мұртты жауан біреу қан базарда бірнеше жігіттің түртпегімен айдалып келеді екен. Екі қолын желкесіне қайырып байлап, әйелдің қызыл штанын басына сәлде қып орапты. «Бақа жеген шужи!», «Қоң жеген шужи!» деп ересектер «сыпайылап» дабырласа, балалар оның жеген «тағамының» атын анықтап атап, «...жеген шужи» деп айқайлап жүр. «Бұ кәпір лағынатты адамның намысын келтірмей өлтіріп, итке тастаңдар!» деп шаңқылдап, менің «Бүбім» де араласа кетті.

Коммунаның базарға жақын бір үлкен әтіретіндегі халықтың қатал талабы бойынша базарға «сазайы етіп» масқаралау үшін әкеліпті. Халықтың ең қалың жиналған базар көшелерінің түйілісіне жеткенде қылмыстыны ақырып тоқтатты бір жігіт.

- Әйелдің бақасын жеген шужи, тоқта!...

- Халайық, жолдастар! - деп тағы біреуі қатты дауыстап, базаршыларды өзіне қаратып алып сөйледі. - Бұл секретар болған малғұнның тудырған пажығалы оқиғасын көбіңіз естімеген шығарсыздар. Мұндайлардың халыққа салған хайуандық зұлымы көбейіп барады. Коммуна мүшелерінің ғазапты талабы бойынша, мұның не нәрсе екендігін халықтың алдында толық әшкерелеу үшін абақтыдан алып шықтық. Басқаларға тәжірибе-сабақ болсын, тыңдаңыздар! - Қызара қалған шешен, оқиға жайын өзі түсіндіруге жүзі шыдамайтындығын білдіріп, қасындағы қалың түкті қараға ымдады. Ол еркін сөйлейтін бейпіл ауызды адам көрінеді. Орындыққа шығып алды да ұзағына айқындап, батпита баяндауға кірісті. Жас әйелдер жағы жаулықтарымен жүздерін жауып, бір сыпырасы сырт айланып тұрып тыңдады. Солардың ортасында «Бүбім» тіпті қатты ұялғансып бұғып тұр еді. Әңгіме бітісімен шаңқ етіп сыбана ұмтылды қылмыскерге. Шу көтерген қалың базаршылар қаптап кеп берді. Арашашылар халық толқынын тоса алмай, «Сақшы! Сақшы!» деп айқайласты. Әр бұрыштан сақшылар қаптап өріп шыға келгенде, сытылып шығып, «қайын жұрт» жаққа мен жөнелдім. Іңірде әрең қайтқан «бүбім» тіпті толықтап баяндап берді. Оқиға былай туылған екен:

Осы мұртты секретар өз әтіретіндегі сұлуша әйелі бар бір мүшесін ыңғай алыстағы жұмысқа айдай беретін болған. Биылғы жаздық егін жұмысы басталысымен тоған басын күзетіп жатуға жіберіпті. Ол жерде пәлендей жұмыс та жоқ. Суға қарап қана отыруға барған қайратты азаматтың өзінің үйі кенттен шеткерірек, егіндік арасындағы жалғыз тамда. Бала туа қоймаған жас әйелінің иен қалғанын ескеріп, іңірде бір, таңға жақын бір ұрланып келіп қайтып тұрыпты. Онысын біліп қалған секретар, бұған берген міндетінің жақын жерде болып қалғандығын да біліп шақыртып алыпты да, ең алыстағы бір кішкене әтіретінің жер суғару жұмысына бұйырыпты. Үш күндік жұмыс бітпей қайтпайсың деп шегелепті сөйтіп.

Әйелінің жалғыз қалатындығына қарамай, мұншалық қуаланды бола беруінен жігіттің күмәні күшейе түспесін бе. Түн қатып жүремін деген сылтаумен үйінде кешке дейін жатыпты да, күн бата жүріп кеткен болып, жақын бір далдаға есегін арқандапты. Ымырт үйіріле білдірмей қайтып кеп, үйінің төбесіне шығып алыпты. Терезесіз үйінің бар ахуалы түңлігінен көрінетін болғандықтан шығыпты төбеге.

Әйелі үйлену тойындағы бар жақсысын киіп, сырға, алқа, сақина білезік... барлық жарқырауығымен жасанып та үлгерген екен. Шырағын жағып қойып, сандықтағы жаңа жастық көрпелерін түгел жайып төсек салыпты да, есіктен бір кіріп, бір шығып, жалтақтай беріпті кент жаққа. "Сабырынан айырылғаны соншалық, - деді баяндаушы шешен. - Етегін көтеріп жіберіп, бұтын тырнап-тырнап жіберіп қарайды екен!»

Секретардың өз үйінен шыққаны ақ көйлегінен көрінісімен, шөкен үйге кіріп құлай кетіпті төсегіне келіп, штанды сыпырып тастап, аунақши беріпті. Асыға жеткен секретар үй алдында жан-жағына қарап біраз тұрыпты да, есектің әңгісінше арқырай ұмтылыпты есіктен.

- Ой жан! - деп ыршып тұрып жалт берген шөкен тұра қашып, бұрышқа жабысқанда, секретар екпінмен келіп төсекті басыпты. Жалма жан шешініп тастап, тыржалаңаштанып алып арқырапты сонсоң.

- Ой жан, қорқамын, қорқамын! Бүгін тіпті қаһарланып келіпсіз, жаным шужи, өлтіріп қоятын ұқшайсыз! - Шөкен шыр қағып, есік жақтағы бұрышқа қашыпты. Арқыраған әңгі ыршып жетіп артына артылғанда шөкен қолтығының астынан сытыла қашыпты да, алдыңғы тығылған бұрышына жете екпеттей жығылыпты. Әңгісі тағы да арқырай жетіп басып, желкесінен тістегенде, шырқырай шалқалаған Шөкен екі бүктеле қалыпты. Үш бүктей бүрген секретар көтере түрегеліп шырқыратып апарып, төсегінде «сайратыпты».

Түңлігінен бәрін көріп, ызасынан қалшылдап жатқан үй иесі өзінің ыңғай алысқа қуылатын себебін енді толық түсініпті. Бұл «ойын» көп қатыннан зеріккен, көне заман феодалдарының (соның ішінде есекті район помещиктерінің) шабыттану  үшін шығарған ойыны екендігі мәлім. Бұған оңаша кең үй мен асығыссыз-алаңсыз мол уақыт қажет. Өзінің бұл реткі ұзаққа жұмсалуы, әйелбасты болып шаршаған секретардың осы құмарлық қажетінен туылыпты.

- Жаным, шужи, бүгін тіпті қаһарландыңыз, бек құдіретті екенсіз, аямайсыз ба мені, жаным, теңдессіз сүйіктім! - депті шөпілдете сүйіп шөкен.

- Неше күннен бері әлгі суламшың[7] түнде келіп аңдып, бұл ойынымызға шоламызды келтірмей қоймады ма! Сен бек тәттісің, Гүлайым!...

- І...і...і.. тәтті болсам бұ ижықыздан айырып әміріңізге алмайсыз ба мені!

- Біздің үйдегі әлгі мәді[8] кетуге ұнамаса қайтемін!

- Сіз мені ақыры өлтіріп қоятын ұқшайсыз, жаным шужи! Қазір де әрең қалдым! - Шөкен қатты шөпілдете сүйіпті. - Мейлі, өлсем де сіздің ойыныңыздан өлейін, жаным! Сіздей еркек жоқ!.. Қырық жігітке айырбастамаймын сізді, қараңызшы қарағайдай!... өй-ей! - деп тағы да тосыннан тұра қашыпты сонсоң. Бұл жолы ол да тыржалаңаштанып қашқан екен. Кәдімгі мәдіше қибыжықтатып, «әңгісі» жетіп келгенде қағып қалып, құйрығын «бұлаңдата» қашып, бұрыштан бұрышқа тығылып, шыр ете түсіп, ұзақ «ойнатыпты» бұл жолы.

- Аузыңыздан бір-ақ шығарайын ба!.

- Садағаң кетейін, шужиім, өйтпеңізші, өйтпеңізші!.. Айғырдайсыз!.. Бұқадайсыз, жаным! Әйел шыдай ма сізге, өлтіресіз ғой, өлемін ғой!.. Ой жан!.. Ой жан!...

Төбедегі түңліктен қарап жатқан некелі ері сабыр-тағаттан мүлде таусылғандай, екеуін де жарып тастап кетуге оқталып, пышағын қонышынан суырып алыпты да, орнына қайта тығып, өз сақалын өзі жұлып-жұлып жіберіпті. Өзі жақсы көріп келген әйелін өлтіруге әлі де қимайды екен. Батылын толық жеткізу үшін мына қылмысын тағы да көре түсуге, намыс уын қана ішуге тырысыпты.

Түңліктен қайта үңілгенде әйелі шалқалап жатқан әңгінің аяқ жағына жабысып, кез келген жерінен сүйгіштеп, аймалап-сипалап «сайрап» жатыр екен.

- Садағаң кетейін, шужи, сіз мені некеңізге рас алатын болсаңыз, ол ижықызға у беріп, өзім-ақ жайлаймын! -депті әңгісіне.

- Оған қас қылып обалына қалмай-ақ айырып аламын сізді! Мен деген, қырық әйел алып, өзіңізше жылатуға шыдайтын шужимын, жұмо! Маузыдұң идеясымен толық қаруланбаған адам шужи бола ма!.. Қазір қартайған көсемнің өзінде қырық канизек барын естіген жоқсыз ғой. Ал, мен деген..

- Жаным!.. Шужиім!.. Мұндай немеге ханым болғанша сіздің табаныңыздың астында күң болғаным жақсы!.. Өлсем сіз деп қана өлемін! Сіз үшін ғана туылыппын, не көрсем сіз үшін ғана көремін!...

Үй иесі күн батарда жолға шығарда ғана жолыққанында осы әйелі өзіне де осылай жалынып, осындай тәтті уәдесін-антын айтып «сайрап» еді ғой! Енді өзін у беріп өлтірмекші болып жатқан опасыз жезөкшеге тістері шақырлап кетіпті жігіттің. Ептеп қана үй үстінен түсіп, қайраулы пышағын етігінің қонышынан тағы да суырып алыпты да, ойлана қалып, жүріп кетіпті есегіне қарай. Пышағын қайта тығыпты орнына. Енді мүлде мас болғандай қиралаңдай жетіп, есегіне әрең мініпті. Тынымсыз тебініп, жауы жұмсаған әтіретке бет алыпты. Қайта-қайта айтып күбірлеп келе жатқаны бір ғана сөз екені өзіне де сезілмепті. «Пышақ салдым, өлді, қылмыстарына қарағанда қиналмай өле салды. Сонымен менің кегім біте ме! Күмән арқылы ғана жауын пышақтап өлтіре салған ұйғыр аз ба, бұл әдеттегі ғана өлтіру ғой!»

«Бұл әдеттегі ғана өлтіру ғой!» деп көп қайталанған сөзіне «әр күні тіпті әр сағатта бір өлтіру керек!» дегенді қосып күбірлепті соңында.

Баратын әтіретіне таң ата жетіпті де, қиралаңдағанды қойып, жұмысын сап сау адамша істей беріпті. Екінші күні кешке жақын сол әтіреттен бір үйрек сұрап алыпты. Қамдау дүкенінен екі бөтелке арақ сатып алып, жұмыс бітісімен түнделете қайтыпты. Сәскеде шырағы әлі жанып тұрған үйіне жетіпті де, сіресіп ұйықтап жатқан қатынды оятпай біраз тұрыпты. Елеген әкеліп дайындап қойып, пышағын жанып-жанып алыпты да, кеңірдегінен ала түсіпті жезөкшенің. Дыбысын шығармай бауыздап жіберіп, легенге қанын сар еткізіпті.

Үйімен іргелес салынған кішкене клетке апарып, жарқырауық алқа, сырға әлекей-шүлекейлерінің ешбіріне тиіспей, штанын ғана сыпырыпты да, бетіне жаба салыпты. Қайтып шығып үйректі бауыздапты. Жүнін жұлып тазартып, сүйекті қаңқасы мен сирақ сүйегінен біраз алып қалыпты да, ұсақтап турап, су майымен, сарымсақ, қызыл бұрыш, қалампыр, сіркемен дәмдеп-дәрілеп қуырып, бір тәленкеге салыпты. Өлген әйелдің қасына пышағын жетілдіре жанып апарыпты да, талтайтып тастап, «бақасын» айланасымен түгел ойып алып шығыпты сонсоң. Аллюмин шылапшынға оны да үйрек қуырдағына ұқсата турап, алып қалған үйрек сүйегін араластырып қуырыпты сол шылапшынға. Мұны да дәл солай дәрілеп қуырған екен. Ұп-ұқсас тәленкеге салып қарағанда екі қуырдақ бір қазанда қуырылғандай, айыра танығысыз болып шығыпты. Шәугімге шайын қайнатып қойыпты да, өз жүрегін тоқтатып, шырайын қалпына келтіру үшін арақ ішіп, асықпай тамақтанып алыпты. Үйінің төріне көрпе салып, дастарқан жасап шығыпты да, әңгі секретардың ұйқысы енді қанды-ау деген шақта жүгіріп үйіне барып «сәлем беріпті».

- «Шын жүрек, ынта-пейілімізбен халық үшін қызмет істелік!» Тапсырған жұмысыңызды толығымен орындап қайттым, шужи. Ол әтіретте үйрек көп екен. Семізінен сатып әкелдім. Шет әтірет болғандықтан қамқорлық етіп, олардың қамдау дүкеніне арақтың да не қилы жақсысынан жіберткен екенсіз. Сөйтіп, табыспен қайттым. Біздің үйге қазір жүріп, сол қамқорлығыңыздан өзіңіз де дәм татыңыз, бәрі дайын болды! - депті.

- Әп, бәрәкалла, хұп-хұп! - деп шұлғи ілесіпті секретар. - Сіз де қолыңыздан іс келетін азамат, жұмо. Бір әтіретке дүйжаң болып сайлануға шартыңыз толып қалды. Осы нәтижеңізді қолдан бермей істей тұр! Жаздық жиым-терімнен соң өзіңізді дүйжаң деп атай беріңіз!

- Қамқорлығыңызға рахмет, шужи, әйелім екеуміздің күндіз-түні тырысып, әрқандай қатерден қорықпай істеген пидайлық еңбегімізді көріпсіз! Енді ішіміз жарылып кетсе де шыдап береміз да!... Хош, кіріңіз-кіріңіз! - Хотының қане дегендей жан-жағына жалтақтай қарап кірген секретарды жігіт қос қолын жайып отырғызып алып сөйлепті. - Хотыным сізден бек ұялады екен, шужи. Бүгін сізді мейманға шақырмақ болғанымды естігенде, «ой жан!» деп әнеу бұрышқа қарай секіріп кетті. Қолымен жүзін басып ойлана қалды да, барлық тағамды өзі даярлап, дастарқан жасап беріп, «енді өзіңіз күтіп алыңыз! Жақсылап күтіңіз, жұмо!» дей сала жүріп кетті. «Мен қалай көрінемін ол кісіге, нәмарам[9] болмай, анау шеттегі қошнаның үйіне шығып тұрайын!» деп кетті. Алыңыз, шай іше отырыңыз!

Үй иесі дастарқанға әлгі қуырған қуырдақтарын да әкеліп, әйел «бақасынан» жасалған қуырдақты секретардың алдына, үйрек етінен жасалған қуырдақты өз алдына қойыпты да, екі шыныға арақ құйыпты. Иісі қалампыр бұрқырап тұрған қуырдаққа қарай түсіп, арақты ресми етсіз қағып салған секретар.

- Па-па-па, не деген қуырылған сәй! - дей сала қалақпен асап-асап жіберіпті. -Әйеліңіз тамаққа бек ұста әйел ұқшамай ма! - Арасындағы үйрек сүйегін қолымен алып көре отырып тағы асапты. Үй иесі арақты ыдысына тағы да толтыра құйып бере сөйлепті.

- Әйелімнің өзі де бек татлық әйел, ха-ха-ха-һа-һа...а, сіз көрмеген ұқшайсыз, ұят болса да айтайын, оны түні бойы қуып жүріп, әңгіше ойнағым келеді!

Секретар бұл сөзден секем алғандай алара қарап қойыпты да, арақты тағы да қағып салып, қуырдағынан асай отырып сөйлепті.

- Ерлі-зайыпты әр екеуіңіз де феодалдық идеядан құтыла алмапсыздар! Нәмарам боламын деп әйеліңіз қашып кетсе, өзіңіз онымен есекше қуалап жүріп ойнамақ болсаңыз!... Бұл не деген қалақтық!... Феодализм деген, міне, дәл осы!

- Кешіріңіз шужи, мен әлі олай ойнап көрмеппін. Бұл деген коммунизмші тұрмақ, жай адамның да ісі емес, хайуан есектің қылығы ғой, оны түсінемін. Егер олай ойнаған адамды көрсек, хайуанша бауыздап тастауға лайық шығар?.. Жеңіз шужи, жеңіз! Өзіне «бек тәттісің» дегенсіз ғой, жеңіз! - Арақты тағы құйып сөйлепті жігіт. - Бұл, және сол тәттінің тәтті жерінен ойып алынып жасалған қуырдақ! Жеңіз, шужи, жеңіз!

- Бұ ненің гошы дедің?  - Қасық толтыра алып, үңіле қарап қойып асаған секретар, бұл жолы дәмін тексере тамсанып, асықпай жұтыпты. - Сәл қаттырақ па, қалай өзі? - Табақта қалған қуырдаққа тағы да тексере қарап, үйрек жілігінің басын тапқан соң тағы да қауіпсінбей алып жей беріпті.

- Бұ, тәттінің ең тәтті мүшесінен ойып алынған ет дедім ғой! Жеңіз, шужи, жеңіз!... Ортасындағы бұртиып тұратын әлгі бір жұмсақ кереметін, міне мынау сияқты (екі саусағының арасынан басбармағын шығарып көрсетіпті.) Тілі дейміз ғой, сонысын шайнамай-ақ алдымен жұтып алғансыз. Ендігісі, әлбетте, қаттырақ шығар. Олай болатыны құйқалы еріні ғой. Екеуміздің де «қарағайымызды» бітеу жұтып жүрген бұл тажал ерін, аузыңызға жұмсақ тиер ме! Асаңыз, «бақа» жеген шужи, асаңыз!

Үй иесіне безере қарап қалған секретар айқайлап жіберіпті.

- Әйеліңіз, қане, шақыр! Шақыр деймін мен саған!

- Оны қайтпексіз? Енді әңгіше қуалап ойнауыңыздан қалды ол! Айттым ғой, оның бар «тәттісін» өзіңіз жеп алдыңыз! Қалған денесі клетте жатыр, қалай келмек!.. «Бақасының» орны үңірейіп қалған мүрденің қажеті не!

Орнынан атып түрегеліпті секретар. Дайын отырған үй иесі қатар түрегеліпті орнынан. Секретардың оң қолынан шап беріп ұстап қайырып жіберіп, сырт айландырыпты. Босап шығып қашу үшін жанталаса тыпырлаған секретарды үй иесі желкеден түйіп жіберіп, екпетінен түсіріпті де, көк желкеден табанымен басып тұрып байлапты.

- Кімнің «бұқа», «айғыр» екендігін енді көрген шығарсың, жүр, алдыма түс! Егер қарсылық көрсетсең, Гүлайымға түндегі істегеніңді өзіңе құйрығыңнан көрсетемін! Арамдалған жеріңді Гүлайымның бақасынша ойып алып, тағы да өз аузыңа тығамын! Көрдің бе, міне, соны істеген пышақ!..

Қолы артына қайырылып байланған секретарды айдап кентке апарыпты жігіт. Бір қолында пышақ, бір қолында әйел «бақасының» қалдық қуырдағы.

- Әй, халайық, ой, халайық!.. Инсан баласы естіп көрмеген пәжығаны[10] көргілерің келсе, мұнда жиналыңдар! - деп айқайға басыпты сонсоң. Тұра қашпақ болған секретарды ұстай алып, - бақа жеген шужи, тыныш тұр! - деп зекіріп жіберіпті де сымының құйрық тұсын дәл қылып кесіп тастап ескертіпті. - Мен сөйлеп болғанша тыныш тұрып бермесең, жаңағы айтқанымды істеймін! Мен енді құтырған адаммын, мына пышақ тұрғанда қасымызға ешкім келе алмайды. Қоңыңды дәл осы жерде, Гүлайымның «бақасынша» ойып, итке тастаймын, ұқтың ба?

Төрт күннен бергі оқиғаны жиылған халыққа түгелімен сөйлеп беріпті де, факт үшін секретарға жегізген қуырдағының сарқынын жиылғандардың алдына апарып қойыпты.

- Ал, енді сөзім бітті, сақшы шақырыңыздар! Олар келіп мені қолға алғанша мына бақа жеген шужи менің қолымда тұрады, жақындамаңдар, бұдан да қатерлі оқиға туылмасын! Өлген қатынымды да, үйімді де, мына бақа жеген шужиді да сақшыға өткізіп берген соң тастаймын бұл пышақты! Партияның маған арнаған жазасын сонан соң бір-ақ көремін! Анау әйел бақасының қалдық қуырдағы, тергеушілер көру үшін қажет, ит жеп кетпесін!..

Аз уақыттан соң екі сақшы мен құралды қорғау әтіретінің адамдары келіпті де, екеуін де айдап апарып, Гүлайымның өлігін көріп, болған ахуалды анықтап сұрапты. Сол кеште екеуін де айдап апарып, екі абақтыға қамапты сақшылар...

«Әйел бақасын жеген шужиді» сазайы етіп базарға салған мәселе осы екен.

Халық жұртшылығы бұл оқиғаның бас қылмыскері «әйел бақасын жеген шужи» деп, қатал басқарылуын талап етіпті. Ал, әйелдер жағынан (әсіресе жезөкшелер жағы болса керек) Гүлайымның некелі ерін қатал жазалауды талап етушілер көбейген екен. Үй иесі болған жігіт, өз маңайына жағымды, аса сабырлы, жуас та адал еңбекші болғандықтан, коммуна мүшелері оған қатты күйініпті де, үкіметтің абақтысынан әңгі секретарды сазайы етуге тартып алып шығыпты. Халықтың қатал толқыны енді көтерілген шақта үкімет сақшысы қаптап құтқарып әкетпесе, көпшілік додаға салып өлтірмек екен.

Сақшылар келгенше өлтіре алмай қалғандықтарына қатты ызаланған халық, енді арашашылармен соғысып кетіпті. Жезөкшелерді іздеп жүріп соққылапты жігіттер.

Сол қалаймақаншылықта менің «Бүбім» екі жақтан да шапалақ жеп қайтқан екен: жігіттер оның жезөкшелігін гримі мен киімінен танып шапалақтаса, оның әңгі секретарды алдымен барып жұлмалағанына басқа «Бүбі» жезөкшелер өшігіп шапалақтапты. Ондайдан тайынбайтын батыр «Бүбім», қан майданда айтыса кетіпті олармен.

- Гүлайымды өлтірген өзінің ері тұрса, ашынасын неге ұрасың! -деп шаңғырлапты басқа «Бүбілер».

- Әңгі болып ойнап, еріне өлтірткен сол тұрса, оның бақасын да жеген соның өзі тұрса, мұны өлтірмей кімді өлтіру керек! -деп менің «Бүбім» шаңғырлапты.

- Сенің ашыналарың да әңгі болып талай ойнаған. Ер қадірін білмейтін кәрі жәлап! Оның бақасын жегізген өзінің ері тұрса, мықты болсаң соны алып шығып өлтірмеймісің!

- Мен ешқай ашынама ондай құқық берген емеспін. Ешкімнен мұндай хайуандық, зорекерлік те көрген емеспін. Әңгі болып оқыраңдай қалғандарына «саған керегі мынау ғой, ала бер неше пәйің болса да, сені ойнатуға басқа өнерлерім де жетеді!» деп зікірінен тұтып алатынмын! Өнелерің болса мәді болып қашпай, соларыңды ғана көрсетіңдер, сөздерің бар ма және!

- Өзін бауыздап өлтіріп, бақасын осындай жақсы ашынасына қуырып берген анау қанішерді өлтірмеймісің, қолынан іс келетін шужиде нең бар!

- Ері өзінің намысы үшін өлтірді. Мұның қорлауы соншалық асып кеткендіктен қуырып жегізді. Некеленген ер адамның бәрі де әйелдерін солай қызғанады. Басқа ермен ойнағаныңды көрсе, солай намыстанады. Сол үшін мен енді ешқандай ерге некеленіп тимеу үшін хасам қылдым. Некеленбей ойнасаң, қамсыз ойнайсың! Ешқайсысы сенің бақаңды меншігіне басып қызғанбайтын болады, - дедім.

Іңірде әрең қайтқан «Бүбім» тамақтан соң мені құшақтап түрпілеп жатып, осы әңгімелерін түгел айтты да, «жауабым қалай, дұрыс шығар?» - деп сұрады менен. Үн қатпай күрсіне бердім. Естіген бұл әңгімелерім өзімнен өзімді жирендіріп, жерге тыққандай қорландырып тастап еді. Жезөкшеден ләзәттану түгіл, ондайларды менің де қыран жапқандай сабап, бұзылған бастарын жаншып кеткім келді. Қатты жиреніп қалшылдап кетіппін.

- Не болды сізге? - деп сұрады «Бүбім», бар денемді сипалап, аймалай түсіп. Шындығында түрпілей түсті. - Зеріктіңіз бе менен?

- Жоқ-ей, - дедім өз тілімен. Зеріктім деуге кіре автомобилі табылғанша шыдап бермесем, ақымақтық болар еді. - Сіздей шырайлықтан кім зерікпек!... Сіздің бір сөзіңізден ғана көңілсізденіп қалдым. «Ешкіммен некеленбеймін» дедіңіз ғой, тұрмыс құруға мені де лайық көрмейді екенсіз!

- Сізді лайық көрмейтін кім бар, жанымдай сүйемін. Сіздей ермен некеленуді қыз уақытымда бек-бек тілейтінмін. Бірақ, сіздер.. айттым ғой... бәріңіз де күншіл, қызғаншақ екенсіздер. Некеленіп алып, басқа біреумен ойнап қойсам... сіз де бақамды кесіп алып, ашынама жегізіп қоярсыз!

Өзімен бірге қарқылдап күліп ап жауап қаттым.

- Жоқ-ей, мен олай емес! Егер басқа біреумен жақындасқаныңызды білсем, ұрмай-тілдемей ғана талақ хатыңызды беріп қоя беремін!

- Әне, солай емес пе! - деп ойлана қалды «Бүбім». - Мен сізбен некеленген соң басқалармен ойнасам не болады екен! Мына бақа өзіңізге де жетеді ғой, ешқандай зиян тартпас едіңіз!

- Оныңыз жеткенімен, адамгершілігіңіз-жүрегіңіз жетпей қалмай ма! Хайуанмен некеленгендей масқараға ұшырап қалмаймын ба!

- Жоқ, жоқ, олай емес! Некеленген соң жүрегім әрқашан сіздікі болады, әр кеште де өз қасыңызда боламын!..  Пақат, күндізгі жүрісіме кең құрсақ болсаңыз, жанымдай сүйер едім сізді!.. Бір еркекпен ғана - сізбен ғана бола берсем, зерігіп өлмеймін бе!

- Шынайы махаббаты бар ер мен әйел бір-бірінен мәңгі зерікпейді!

- Біз бір ғана ерден қатты зерігеміз. Мен бес доппа[11] киіп, бес некеден ажырап келіп отырған әйелмін. Бәрінің де қызғаншақтықтарынан ажырадым. Некелену деген, шариғатта жүрегін беру деген сөз. Жүрегімді берген соң маған да жүрегін берген ерім, өзінің некелі әйелін де аяп, жүріс-тұрысыма жол қоюы шарт!

- Некеленген ер-әйел бір-біріне адал болса, өзара сенімдері күшті болса, ондай адал жарының жай ойын-күлкісіне адамгершілік, жүріс-тұрысына, еркіндігіне тосқындық істемейді. Егер әйелдің мұндай заңды құқығына кім қарсы болып қамап қойса, оны біз феодал деп атаймыз... Бірақ....

- Әлбетте, міне енді лайық болдыңыз менің талабыма! Бұрынғы еркектерім түгелімен сондай зорекер феодал болған!... Жаным дейін, өзімді сатсам да үйіңізді гүлдей жайнатып, не тәтті болса әр күні соны тауып беріп тұрайын, жаным, менің сондай жүріс-тұрысыма, құқығыма тосқындық қылмаймын деңізші, ертең-ақ молда шақырып, неке оқытайын!

- Тоса тұрыңыз, менің жаңағы пікірім аяқталған жоқ!... Егер ондай бұзықтықты әйел құқығы деп еріңізге опасыздық істеп, арам жүріске салынғаныңызды, ашына тұтқаныңызды білсем, ол уақытта маған өкпелемейсіз, «бақаңыз» түгіл, оған қосып көтен ішегіңізді де суырып тастаймын!

- Ой жан!

- Себебі, некеленгеннен кейінгі арам жүріс -  бүтіндей ар-намысты таптайтын опасыздық. Ондай опасыздық істеуге ерінің де, әйелінің де құқығы жоқ. Егер менімен некеленсеңіз, сізден басқа бір әйел тауып арам жүрісте болсам, менікін де жұлып тастаңыз! Осыған разы боламысыз?

- Өй-ей!.. Некелену дегенді енді қояйықшы!... Сіз бүгін менен зерігіп қалған ұқшайсыз, құр сөзді қоя тұрайықшы, келші жаным, садағаң кетейін, айғырым! Айғырдайсыз, жұмо, бек тәттісіз! -Осылай аймалай жөнелді «Бүбім», сипалай берді. Мен бұл «өнеріне» әсерлену түгіл суына түстім. Көңілім, тіпті аязда қалғандай. Сол аяздан құтқармақ болған «ашынам», әлгі көшедегі бүбілерге мақтанғанындай «өнерлерінің» бәрін көрсетуге кірісті. Соларын түгел-ақ көрейін деп мен жаттым... (Тергеушіме баяндаудан ұялғаныммен кітапқұмар оқушыларым алдында не бетімді айтармын) қолымен істеген бар еңбегі еш болған соң бетін басты кіндігіме, дұға оқитын аузы сумаңдап жүрді. Алтын алқа, сырғасымен бұтымды безендірді. Тілінің бармаған жері жоқ. Онысымен де маған ешқандай шипа қондыра алмағанын білген соң күрсініп жіберіп тыржалаңаш түрегелді де, шырақ жағып келіп жатты. Жүрегіме енді қандай апат төндірер екен деп жатқанымда Гүлайымның «өнеріне» басты. Онан да асыра қолданатындығын байқадым: қаншықша қыңсылап-жалаңдап, мәдіше ышқынып «сайрап», әлгі былғанған аузын маймаңдата аймалады. Жүрегім айнып, лоқсып қалдым. «Ой жан, адамды қорқытатындай!» деп тосыннан ытқып тұрды орнынан. Менің қарнымнан қасқыр шыға келгендей безектей жөнелді.

- Ой жан, ой жан, өлтіріп қоятын ұқшайсыз, жуан бірдеме шығып келеді!

Астаудай құйрығын қойқаңдата қашып, бұрышқа бара қарсы қарап тұра қалды. Жарқыраған алтын алқа мен сырғадан басқа дүниесі түгел сұмдық тажал болып көрінді көзіме. «Қорқамын, қорқамын!» деп бұраңдаған сайын қорқытты өзімді. Бауаз айдаһардай толғана шабынғанда тап-тарғыл алып тасбақасы ырсия ұмтылғандай көрінді. Қарағым келмесе де қарап, күлкім келмесе де жымиған боламын. «Ижықыз» деп үйінен қашан қуып шығар екен дегендей күдіктене қараймын. Ол, мені әңгі болып қашан арқырай қуар екен дегендей, дәмелене қарап қылмыңдайды. «Өй-ей, тұрып келесіз бе, қорқытпаңызшы, ака дейін! Дада дейін! Жаным дейін, садағаң кетейін, қорқытпаңызшы! Бүгін өлтіріп қоятын ұқшайсыз! Қорқамын, өйей қорқамын!

- Мені өзіңіз қорқытпай, мұнда келіп жатыңызшы! - деп қарқылдап күлдім. - Әңгі мен мәді болып ойнаудың хайуандық екендігін, сіздің жайындай жайқалып тұрып «қорыққандығыңыздың» шылғи өтірік екендігін екеуміз де білеміз ғой!

- Сізді зеріктіріп қоюдан намыстанады екенмін! - деп қызғыш тарта келіп жатты қасыма.

- Намыстанатындай мәселе жоқ! - дей зорланып құшақтадым...

Бір-бірімізден қорқа жатып ұйықтап қалыппыз. Таңертең оянғанымда «Бүбінің» жуан саны пілдей болып кеудемде жатыр. Оятпай сол «пілінің» астынан ақырын ғана сытылып шығып алып жаттым.

- Менен рас зерігіпсіз! - деп күрсінді. Ояу екен.

- Жоқ-ей, мен зерікпеймін сізден!

Екеуміз бір-бірімізге көңілсіз ғана қарасып түрегелдік. Өткен күндегідей шылапшынға жуынуға жүгірмей, қатар киіндік.

- Сізге бүгін бір шырайлық жас шөкен тауып берейін!

- Жоқ-ей, өзіңізден басқа ешкім қажет емес!

- Өзіңізден басқасы керек емес дейді тағы да!

- Менің бүгін «ижықыз болуымнан» неге қысыласыз сонша?

- Олай демеңізші, жаным, сізді мен қашан ижықыз деппін! Сіз, ер болғанда да пілді ынжықтататын ерсіз! Кеше соншалық қиналғаныңызға қарамай, көп ет пен күрішті мен үшін әкелдіңіз, сол жақсылығыңызға лайық жақсылық қайтармасам, қарызыңыз қалады менде!

- Жоқ-ей, оның сізге ешқандай қарызы жоқ, одан қысылмаңыз! Үйіңізден мен де тамақ жеп жатырмын ғой, оның екі дүниеде де қарызы болмайды! - дегенімде ұмтылып келіп құшақтап, бетімнен сүйіп-сүйіп алды. Өзінше құшақтай жалғастырдым сөзімді. - Мен шын сөзге құмар адаммын. Сіздің санаңыздағы шындықты қазір ғана естіппін! -деп мен де сүйіп қойдым. Бүбім жүзіме таңдана қарап тұрып қалды да, бетіндегі ернімнің жұғынын сүртіп алған саусағын жалай сүйіп, сақылдап күлді.

- Сіздің мені сүйгеніңіз осы ғана! - Күлкісін жия қойып, мұңая сабақтады сөзін. -Біз өтірік айтпасақ, өтірік қылық көрсетпесек, күн жарығын көре алмаймыз... Марқұм Гүлайым да осы жолда құрбан болыпты!

 

Әділетті тергеушім, атағын алтын табаққа салып көтеріп жүрген «шужиіңызға» адамзат жүрегін тітірететін мұндай жиыркенішті ат қойғызған мен емес екендігімді түсінсеңіз керек. Өзіне жақсы атақ беріп, жаман іс істетіп қойған кім екендігі, осындай әңгілердің коммунизмші қатарына тартылып, шужи сайлануынан-ақ көрініп тұрған шығар. Сайлаған кім болса да бұл әңгіні өткен күрес жиындарында «жерлік ұлтшылдарға» қарсы арқыраған арқырасына ғана қызығып сайлап алғандығы белгілі ғой. Мұныңызды енді өзіңізге ғана арқыратпасаңыз, халық алдында базары қалмады. Бірақ, сіздің алдыңызда мұндай ақиқатты айтудан зор қылмыс бар ма!

Тұла бойы өтіріктің мерезді клеткасына толып алған жезөкше өзінің көзбе-көз өтірік мақтап, өтірік қорқып, өтірік жылайтын себебін «күн жарығын көру үшін» деп қызара мойындағанда, сіздің осы сынды өз қылмысыңыздан осы жезөкше құрлы шімірікпейтіндігіңізге таңданамын!

(Жалғасы бар)

«Abai.kz»



[1] Жекелікке қарсы тұрып, шужұңжуиді сындалық. Бұл ұран ханзуша осылай қысқартылып шыққан. Осы бес таңбалық қана ұранды басқа сөз қоспай қайталап өлеңге айналдырып әндетіп айтатын.

[2] Дашай - үлкен арба. (шомбыл-шомбыл екі дөңгелекті, үш-төрт аттық ауыр жүк арбасы).

[3] Хұласса (ұйғырша) - қорытынды, тұжырым.

[4] Кожаң (ханзуша) - бөлім бастығы.

[5] Аққұмай (қазақша) - ақ кулен.

[6] Гош (ұйғырша) - ет.

[7] Суламшы (ұйғырша) - өз әйелін басқаға қамап беруші.

[8] Мәді - есектің биесі.

[9] Нәмарам - ислам дініндегі кейбір ұлттарда әйел заты бетін жауып жүреді. Әсіресе, сыйлы ерлердің алдында жүзін ашып көрінсе ар-ұяттан безген (нәмарам) деп шектейді.

[10] Пәжыға - қатерлі оқиға

[11] Доппа (ұйғырша) - тақия. Некеленген ері мен әйел бір-бірінен доппа кию салты бойынша, неше ерге тисе сонша тақия киеді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629