Жұма, 26 Сәуір 2024
Әліпби 3843 12 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 12:52

Қазақ халықтық латыны қабылдана ма?

Бұл әліпби – біздің ұлтымызбен мәңгіге жасайтын төл жазуымыз. Ол тек заман талабына ғана емес, ІТ қолданысына жарамды болуы керек. Үкімет рұқсат берген арнайы топ үш әліпби түрін жасап ел назарына ұсыныды. Тек бірінші ұсынылған әліпби ғана QWERTY-ге жауап берді.

Іске орыс барлауы жасырын араласып, кейбіреулердің аузын алып, жетілдіріуге тиісті әліпбиімізді баланың ойыншығына айналдырды. Ана тіліміздің түпқазығы 28 дыбыс. Бірақ 70 жылдық жазу және әріпқұлдық бабаларымыз сөйлеген 28 дыбысты 28 әріпке айналдыруға мүмкіндік бермей отыр. Осы мүмкіндік бермеудің ар жағында Кремльдің көлеңкесі тұр.

Қазақ барша термінді 28 дыбыстық қалыпқа салса, «орыс әлемінен» мүлдем қол үзеді. Ғалымдардан бөлек, еліміздің Батыс, Оңтүстік және Шығыс аймақтарының жастары QWERTY-ге жауап беретін «Қазақ халықтық латынын» өмірге әкелді. Енді солардың жазып жүрген Үкімет пен маман тілшілер ұсынуынан бөлек ұлттық халықтық әліпбиін бірізге түсірген, атын атамауды өтінген фонолог тілші ағамыздың жөнге келтірген әліпбиін жұрт назарына жоба авторының өтініші бойынша ұсынып отырмыз.

Аа - Aa, Әә - Ae, Бб -Bb, Гг-Gg ,Ғғ-Xx, Дд-Dd, Ее-Ee, Жж-Zh, Зз-Z, Ии-Jj, Кк-Kk, Ққ-Qq, Лл-Ll, Мм- Mm, Нн-Nn, Ңң-Ng, Оо-Oo, Өө-Oe, Пп-Pp, Рр-Rr, Сс-Ss, Тт-Tt, Уу-Ww, Ұұ-Uu, Үү-Ue, Шш-Cc, Ыы - Yy, Іі- Ii.

Бұл арада қазақ фонетикасын бастауыш сынып ұстаздарына оқыту керек. Өйткені, әріптің дыбыстық оқылымын, тіркестік оқылымын түзейтін Тіл реформасы мектеп партасында отыратын шәкірттен бастау алады. Кірме сөз қабылдаудың ережесі, жөн-жосығы, әлемдік әліпбилерде өзгерісіз жазылатын латын сөздері қазақ латынында жоқ әріптермен таңбалануы керек. Осы мәселелер ескерілсе, 5-10 жылда ұлттық латынға қиналмай өтеміз.

Сіз бұған қалай қарайсыздар, ағайын?!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

12 пікір