Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3373 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 16:06

Бек Датұлы. Қаржы полициясының «қармағы қауып» тұр ма, әлде біреулер биліккке жақындайтын жол тауып тұр ма?

«Қаржы полициясы «Альянс банктің» қазіргі және бұрынғы басшылары Марғұлан Сейсенбаев пен Жомарт Ертаевтың үстінен қылмыстық іс қозғапты... қозғағалы жатыр екен...» деп гу-гу еткен әңгіме ақыры шындыққа айналатын түрі бар. Тіпті осыдан бірнеше күн бұрын бұл сөзді «желбуаз өсек» деп қаржы полициясының өкілдері арнайы жиылыс жасап жар салған болатын. Осы күндері мұхит асып демалып жүрген Марғұлан Сейсенбаев та бұл «өсекке» орай өзінің ешқайда қашып кетпегенін, қыркүйек айында елге оралатынын айтып «бір хабарын» білдірген. Алайда, бірнеше күннен кейін өз сөздерін өздері жоққа шығарған қаржы полициясы «Альянс Банктен» қолды болған 143 млн. долларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдіктілер көп емес. Мұндай ірі көлемдегі қаржының қайда кеткенін қаржылық мекеменің басшыларынан басқа кім білуші еді? Демек, банктың қазіргі акционерлері мен бұрынғы басшыларының басына қара бұлт төнді деген сөз ғой. Қаржы полициясының қылмыстық іс қозғағанын алдымен банктің басқарма төрағасы Мақсат Қабашевтың мәлімдегеніне қарағанда «ұйымдасқан қылмыстық топ» туралы жаңа бір сериал басталған секілді. Мақсат Қабашев мырза атын атап, түсін түстемесе де қаржы полициясының кімді бірінші іздейтіні белгілі.

«Қаржы полициясы «Альянс банктің» қазіргі және бұрынғы басшылары Марғұлан Сейсенбаев пен Жомарт Ертаевтың үстінен қылмыстық іс қозғапты... қозғағалы жатыр екен...» деп гу-гу еткен әңгіме ақыры шындыққа айналатын түрі бар. Тіпті осыдан бірнеше күн бұрын бұл сөзді «желбуаз өсек» деп қаржы полициясының өкілдері арнайы жиылыс жасап жар салған болатын. Осы күндері мұхит асып демалып жүрген Марғұлан Сейсенбаев та бұл «өсекке» орай өзінің ешқайда қашып кетпегенін, қыркүйек айында елге оралатынын айтып «бір хабарын» білдірген. Алайда, бірнеше күннен кейін өз сөздерін өздері жоққа шығарған қаржы полициясы «Альянс Банктен» қолды болған 143 млн. долларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдіктілер көп емес. Мұндай ірі көлемдегі қаржының қайда кеткенін қаржылық мекеменің басшыларынан басқа кім білуші еді? Демек, банктың қазіргі акционерлері мен бұрынғы басшыларының басына қара бұлт төнді деген сөз ғой. Қаржы полициясының қылмыстық іс қозғағанын алдымен банктің басқарма төрағасы Мақсат Қабашевтың мәлімдегеніне қарағанда «ұйымдасқан қылмыстық топ» туралы жаңа бір сериал басталған секілді. Мақсат Қабашев мырза атын атап, түсін түстемесе де қаржы полициясының кімді бірінші іздейтіні белгілі. Марғұлан Сейсембаев өткенде өзімен хабарласқан журналистерге «кінәм жоқ еді, сондықтан қылмыстық іс қозғауы мүмкін емес, ал ондай жағдай бола қалса елге оралуым екіталай» деп екіұшты жауап берген болатын.

Апырау, ел сенетін, ер еді дейтін енді кім қалды? Бір жылдың ішінде біраз азамат күдікті атанып темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Тізбелеп айтып, бармағыңызды бүкпесеңіз де болады. Бәрібір екі қолдың саусағы жетпейді. Бұл қалай сонда? Осыншама уақыт олардың миллиардтаған қаржыны қымқырып жүргенін неге білмегенбіз. Әлде, жоғары жақта қарапайым пенде түсінбейтін «қан майдан» болып жатыр ма? Әлде, ақшаны бөлісе алмаған алаяқтар бірін-бірі арандата бастады ма? Мүмкін, бұл саяси ықпалын арттырғысы келетін топтардың ойын тәртібі шығар? Сұрақ көп, жауап жоқ. Әйтеуір, ел басқарған, биліктің бишігін ұстаған «байшікештердің» бағы бір-ақ күнде таятынын да көзімізбен көрдік. Осылардың қашып құтылғаны бар, қапы қалып тұтылғаны бар - бәріне ел мен Елбасы кеше ғана үлкен сенім артып еді ғой.

Айтпақшы, солардың бірі - бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен оның екі орынбасарына қатысты сот процесі басталған. Оған сол кездегі Үкімет басшысы Даниал Ахметов куә ретінде қатысады деп еді, олай болмады. Сот процесіне Даниал Кенжетайұлы келе алмады. Себебін ешкім білмейді. Есесіне, соңғы бірнеше күнде жаңа бір «желсөз» қаулап кетті. Даниал Ахметов сотқа куә болып бармақ түгілі өзі істі болыпты деседі. Тіпті оны шетелге қашып кеткен деген хабар бар. Әзірге, құқық қорғау орындары да, Ахметов мырзаның өзі де бұл әңгімені не растаған жоқ, не жоққа шығарған емес. Дегенмен, жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды ғой? Аңысын аңдып, ақырын күтеміз де.

 

 

«Абай-информ».

 

0 пікір

Үздік материалдар