Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Билік 2514 1 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 16:22

«Самұрық-Қазынада» қандай реформалар іске асты?

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау бағдарламасы таныстырылды. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қорда кадрлық реформалар жүзеге асып, соның нәтижесінде 2 миллиард теңгеден астам қаражаттың үнемделгенін айтты.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы корпоративтік орталық қызметкерлерінің саны екі есеге қысқартылды (248-ден 124 адамға дейін), Компаниялар тобында 106 кеңесші жұмыстан босатылды, «кеңесшілер» институты ұйымдық құрылымнан толығымен жойылды. Қордың барлық шетелдік өкілдіктері: Лондонда, Бейжіңде, Абу-Дабиде және Мәскеуде жабылды. «Самұрық-Қазына» тобындағы алты компанияның, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» бен «QazaqGaz» компаниясының басшылығы өзгерді. Персоналды оңтайландыру «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығына 2 миллиард теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді", - деді ол баспасөз мәслихатында.

«Самұрық-Қазына» қоры қоржындық компанияларды IPO/SPO-ға шығару және жекешелендіру арқылы Қордың ел экономикасындағы үлесін азайтуды жоспарға енгізді. Бұл ретте Қор стратегиялық активтердегі бақылау пакетін сақтайды. Алдағы 5-8 жылда «Самұрық-Қазына» стратегиялық холдинг болып қалады, алайда инвестициялық холдинг үлгісіне өтуді жалғастыра береді.

Қазіргі уақытта Қор газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, көлік және энергетика саласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың басым бөлігі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қаржы мониторингі агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Жиналыс барысында Қордың алдағы жоспарлары туралы айтылды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1191
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183