Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 2461 0 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:50

Тоқаев даулы заңға қол қойды

3 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды. Бұл заңға сәйкес, билік мессенджерлер мен әлеуметтік желі иелерінен балаларға кибербуллинг деп танылған контентті алып тастауды талап ете алады. 20 сәуірде мәжіліс заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келіскен.

Ол кезде сенат кибербуллингті анықтау үшін сарапшылар комиссиясын құру және кибербуллинг деп танылған материалды алып тастау мәселелерін нақтылайтын өзгерістер қосқан. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жобадан ақпарат министрлігінің интернет-ресурстарға, әлеуметтік желі мен мессенджерлерге өз бетінше шектеу қойып, жұмысын тоқтатуына мүмкіндік беретін "кең өкілеті" жойылғанын айтқан.

Сыншылардың айтуынша, былтыр қыркүйекте билік партиясы атынан сайланған депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева ұсынған заң жобасы биліктің қолына цензураның жаңа құралдарын береді. Заң жобасы авторлары болса, бұл өзгеріс баланы кибербуллингтен қорғауға, "қауіпті контенттің" таралуымен күреске қарсы бағытталған деп сендірген.

Медиа өкілдері заң жобасын әлі де жетілдіру керек деген пікір айтты. Жаңа өзгерістерге қарсылық білдірген жұрт петицияға қол жинап, митингілер өткізді. Заң жобасын парламент мақұлдағаннан кейін де оның қабылдануына қарсы жұрт күресін жалғастырды.

23 сәуірде Алматыда әлеуметтік желілерді реттеу туралы заң жобасына қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Жиынға отыз шақты адам жиналды. Шараға қатысушылар президентті вето құқығын пайдаланып, заң жобасын кері қайтаруға үндеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1418
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1250
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1073