Сенбі, 18 Мамыр 2024
2482 3 пікір 2 Мамыр, 2022 сағат 10:48

Көкшетауда белсенділерді Украинаны қолдағаны үшін жауапқа тартқан

????????????????????????????????????

1 мамыр күні Көкшетауда бес адамды полиция қызметкерлері үйлерінен алып кетіп, әкімшілік сотқа тартты.

Дәл осы күні Қазақстанның ірі қалаларында оппозиция митингісі жоспарланған еді: бірақ Алматыда полиция шара басталмай жатып он шақты белсендіні ұстап әкетті, кейбір қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Көкшетаулық белсенді Гаухар Шәкенованың Азаттыққа айтуынша, белсенділердің барлығын полиция үйлерінен таңертеңгі сағат 9.30-да ұстап алып кеткен.

Гаухар Шәкенованың айтуынша, полиция оларды "14 cәуірде Көкшетау қаласының сыртына шығып, бірнеше автокөлікпен Украина жалауын ұстап, автошеру жасағаны үшін" жауапқа тартқан. Сот оны “митингіге” балап, қатысушыларын “рұқсат етілмеген митингіге қатысушылар” ретінде айыптап, ескерту жасаған. Сот процесі таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 17-ге дейін созылған.

Азаматтық белсенді мұның бәрі өздерін 1 мамырда митингіге шықпау үшін жасалған әрекет деп санайды және сот шешімімен келіспейтінін айтады. Ақпаратқа қарағанда, полиция белсенділерді осы шеру үшін 26 сәуірде жауапқа тартпақ болған, бірақ ол жолы ешқандай шешім шықпаған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1655