Жұма, 17 Мамыр 2024
2320 0 пікір 28 Сәуір, 2022 сағат 15:50

Теннисші Александр Бублик: «Қазақстанның атынан шығатынымды мақтан тұтамын»

 

 

 

 

 

 

Қазақстандық теннисші Александр Бублик: «Мен Дэвис Кубогында, Азия не болмаса Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шығатынымды мақтан тұтамын",- дейді. Спортшы 2016 жылға дейін Ресейдің атынан өнер көрсеткен.

«Менде бұдан былай ресейлік паспорт жоқ, өйткені екі елдің азаматтығын алып жүру мүмкін емес. Менің Ресей теннис федерациясына ешқандай қатысым жоқ. Мен қазақпын, Қазақстанның атынан шыққаныма алты жылға жуықтады,-деді Бублик.

Сонымен қатар ол Ұлыбританияның лаун-теннис қауымдастығының (LTA) ресейліктер мен беларусьтерге Уимблдон-2022 және басқа да турнирлерге қатысуға тыйым салу туралы шешіміне қатысты пікір білдіріпті.

«Бұл үкімет пен ұйымдастырушылардың шешімі. Бұлай істеуге олардың қақысы бар. Мен үшін спорт бір сәтке болсын даңғаза тірліктен тынығу. Сондықтан спортқа саясатты қатты араластырудың қажеті жоқ», -дейді теннисші.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619