Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2743 3 пікір 27 Сәуір, 2022 сағат 14:24

"Болат Назарбаевтың қылмысы дәлелденсе жазаланады"

 

 

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Алтын Орда» базарындағы заң бұзушылықтар үшін «Болат Назарбаев жауапқа тартыла ма?» деген сұраққа жауап берді,- деп жазды nege.kz сайты.

Таяуда Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың «Алтын Орда» базарындағы заң бұзушылықтар туралы айтқан сұхбаты шықты. Оның айтуынша, «Алтын орда» базарын экс-президенттің інісі Болат Назарбаев пен оның туыстары басқарады.

«Біріншіден, Алматыдағы «Алтын орда» базары туралы айтқан Қанат Бозымбаевтың сұхбатын көрген жоқпын. Алтын орда базарына қатысты қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Егер қылмыс жасаса, базардың қожайыны болсын, басшысы болсын, тиісті жазаға тартылады. Менің ойымша, әділетті шешім шығады, артын күту керек», - деді Ерлан Қошанов.

«Болат Назарбаевтың қашып кеткені рас па?» деген сұраққа Қошанов «ол туралы менде мүлде ақпарат жоқ» деп жауап қайтарған.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2093
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2507
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2175
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617