Жұма, 17 Мамыр 2024
46 - сөз 2711 4 пікір 26 Сәуір, 2022 сағат 14:25

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Арон секілді ерлер

Назарбаевтың мәртебесін Ата-Заңда бекіту керек деген Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобына айтарым.

Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған кім екенін айтайын ба сендерге?

Оның негізін 86-ның қақаған аязында намысты қолдан бермейміз деп алаңға шыққан азаматтар, шейіт болған боздақтар, 90 жылдары елді жаппай жұмыссыздық жайлағанда Қытайдан көк дорба арқалап үйлерін асыраған апалар мен жеңгейлер, сол кезде батысымыз пен шығыста ешірген казактарға тойтарыс беріп аузын жаптырған ерлер, Ақсайда құтырған түріктерді орнына қойған батырлар, унитарлық мемлекетте автономия талап еткен өзге ұлттарды тыныштандырған қазақтар, Жаңа-өзенде құрбан болған арыстар, Назарбаевтың алдында иілгенше түрмеде шірігенім артық деп қасқайып тұрған Арондар, елдің елдігі сөгілмес үшін 30 жыл бойы бәріне төзіп, тәуелсіздік үшін неге болса да шыдаймыз деген қазақтар, жердің қазынасынан қағылса да, елдік қасиетінен айрылмаған қазақ халқы.

Назарбаев емес, міне, осылар Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған. Мүлдем нақұрыс болмасаңдар, тым құрығанда солардан ұялмайсыңдар ма.

Мұхтар Түменбайдың жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2096
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619