Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
2198 1 пікір 26 Сәуір, 2022 сағат 14:17

Атышулы генерал Ішкі істер саласынан кетті

БАҚ-та генерал-майор Серік Күдебаевтың ҚР Ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Күдебаев өз еркімен қызметтен кеткен. 

Серік Күдебаев Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарып келді.

“Алайда 26 қаңтарда криминалдық жағдайды ескере келе кадр әлеуетін нығайту, қылмыспен күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Арыстанғали Заппаров Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Қаңтар оқиғасынан кейін Алматы және Жамбыл облыстары полициясының басшылығы қызметтерінен шеттетілді”, – деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаңтар-ақпан айларында министр Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Алматы және Жамбыл облыстары ішкі істер департаменттері басшыларының барлық орынбасарлары қызметтік міндеттерін орындаудан өзін-өзі алып тастағаны, міндеттемелер мен антты бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серік Күдебаев Алматы облыстық полициясын 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап басқарды.

Ол 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2080
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612