Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2504 0 пікір 15 Қазан, 2012 сағат 07:26

«Өнімділік-2020» бағдарламасы Оңтүстікті өнімді жұмыс істеп жатыр

ОҚО-да «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасына 11 кәсіпорын енгізілмек.

ОҚО-да «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасына 11 кәсіпорын енгізілмек.

Облыста «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша «Шымкентмай» АҚ - да өндірістік жабдықтарды жаңарту бойынша жұмыстар қолға алынған. Кәсіпорын инвестициялық жобаның кешендік жоспарын өзі әзірлеп, сараптаманы «Орталық Азиялық кеңесшілер» агенттігі жүргізді. Сонымен қатар Кентау трансформаторлық зауытының «модернизацияланған механикалық және электроқшаулау цехінің құрылысы» жобасы сараптамалық бағалаудан өтуде. 

Осыған қоса, 11 ірі және орта кәсіпкерлік нысандары: «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент»АҚ,«Асбоцемконструкция» АҚ, «Консорциум Иассы»АҚ, «Ақ- Май» ЖШС, «ЮКМЗ» АҚ, «ЛМЗ» ЖШС, «Ордабасы Кұс» ЖШС, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС, «Marai E7 Gruop» ЖШС және «Нимэкс-Констракшн»ЖШС қазірде ұлттық жобаға ену үшін бағдарлама операторының аймақтық өкілімен бірлесе жұмыс жасап жатыр. 

Орайы келгенде айта кетейік, «Өнімділік-2020» бағдарламасы Қазақстанда өткен жылы іске қосылған болатын. Ол экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігі мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа өндірістерді дамытуға бағытталған. Бағдарламаның табысты басталуын қамтамасыз ету үшін 2011 жыл пилотты болып айқындалып, осы уақытта мемлекеттік қолдау шаралары сынақтан өткізілді. Ұлттық жобада қаржылық қолдау көрсетудің бес тетігі қарастырылған. Атап айтқанда, әл-ауқатты бағалау, қондырғы сатып алу, монтаждау және іске қосу, шетелдік мамандарды тарту, заманауи басқару және өндірістік технологияларды енгізу құралдары жұмыс істейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1321
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1182
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 924
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1036