Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2216 0 пікір 9 Қазан, 2012 сағат 06:53

Оңтүстік тұрғындары «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының игілігін көріп отыр

ОҚО-да биыл 25 557 жаңа жұмыс орындары құрылмақ.

1 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, облыста 22113 жұмыс орны құрылыпты. Осылайша, жоспардың 86,5%-ы орындалған. Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 44241 адам жұмыс іздеп келіп, оның 84,9%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Жергілікті бюджет есебінен сегіз мыңнан астам адам ақылы қоғамдық уақытша жұмыстарға, бес жүзден артық тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданыпты. 

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының игілігін 26 мыңға жуық оңтүстікқазақстандық көрген. Айта кетерлік маңызды жайт, бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланғандардың 63,5 %-ы 16-29 жас аралығындағы жастар екен. 

Ұлттық жобаның бірінші бағыты бойынша, 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, бос жұмыс орындарына 3666 адам орналастырылды. Қайта даярлықтан өткен 2500 адамның 2039-ы (81,5%), біліктілікті арттыру курсын бітірген 150 адамның 143-і (95,3%) екі қолға бір күрек тауып, 7768 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. Олардың орташа айлық жалақысы 46,9 мың теңгені құрады. 

«Жастар тәжірибесі» жобасына сай, өз мамандықтары бойынша бастапқы тәжірибе жинау үшін 6882 азамат облыстағы кәсіпорындар мен мекемелерге жіберілді.

0 пікір