Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2210 0 пікір 17 Қазан, 2012 сағат 06:23

Оңтүстіктің орман шаруашылығы оңға басып келеді

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше Орман шаруашылығы мекемелерінің орман қоры жер көлемі 1990 жылдары 3044,0 мың гектар болса, соңғы 20 жыл ішінде 88,1 мың гектарға ұлғайып,  3132,0 мың гектарға жетіп отыр. Орман қорының шөл және шөлейтті аймақтарында сексеуіл ормандарын молайтуда себу, егу жұмыстары 1995 жылдардан кейін қаржының тапшылығынан тоқтап қалса, бұл жұмыстар 2005 жылы 1000 гектардан басталып 2011 жылы 6500 гектарға жетіп  6,5 есеге өсті. 2012 жылы орманды молайту, өсіру жұмыстары 22842 га алқапта жүргізу жоспарланған, оның ішінде, сексеуіл тұқымдарын себу шөлді аймақтың 16000 гектар алқабында қазан, қараша айларында орындалады. Сексеуіл ағаштары  1000 гектарға және таулы және тоғайлы ормандарда орман ағаштары 1242 гектарға  егіледі. Сонымен қатар орманның табиғи түлеуіне ықпал жасау  4600 гектарға күз айларында орындалуда. 
Орманды қорғау, сақтау жұмыстарында, орман шаруашылықтарында орманшы-қорықшыларға қызметтік тұрғын үй (кордон) салу жұмыстары 90 жылдарда мүлдем жүргізілмесе, соңғы 10 жыл ішінде түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған болатын.  2010 жылдан бастап  19 кордонға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және жаңа 9 кордон пайдалануға берілген.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2299
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646