Жұма, 26 Сәуір 2024
Аласапыран 3591 6 пікір 13 Сәуір, 2022 сағат 13:04

Путин мен Лукашенко бұл жолы не дейді?

Belarus President Alexander Lukashenko and Russian President Vladimir Putin speak to journalists during their meeting at the Sirius Educational Center in the Black sea resort of Sochi, Russia February 15, 2019. Sergei Chirikov/Pool via REUTERS - RC1E0B946FE0

Ресей президенті Путин мен Беларусь басшысы Лукашенко «Ғарышкерлер күніне» байланысты Ресейдің Амур аймағы, «Шығыс» ғарыш айлағында кездесті. Кездесу барысында Украина мен ішкі саясат, екі ел арасындағы сауда қатынасы мен несие беру мәселесі де талқыланды. 

Екі ел басшыларының «Ғарышкерлер күнінде» кездескені АҚШ тарапынан Ресейдің ғарыш саласына санкцияларды күшейтумен тұспа тұс келді. Ресей Украинаға басып кірген күні АҚШ пен ЕО елдері Ресейге қатаң санкциялар салуды бастады. Көп ұзамай Ресей ғарыш саласының басшысы Дмитрий Рогозин қарсы санкциялар енгізетінін мәлімдеді. Алайда ол санкциялардың Батыстың ғарыш саласына қандай да бір әсері тиюі екіталай.  12 наурыз күні Рогозин ЕО мен АҚШтан заңсыз салынған санкцияларды алып тастауды талап етті. Осылайша Ресей ғарыш саласы араға бір ай салып қиындықтарға тап бола бастады.

Сөйтіп ғарыш саласы санкцияның астында жатқан Ресей «Ғарышкерлер күні» Беларусьпен келіссөзді ғарыш айлағында жасады. Путин Лукашенкомен пресс-конференция барысында Украинадағы Буча қырғынына алғаш рет түсініктеме берді. «АҚШ-тың Иракта жаппай қырып жою қаруы бар дегені сияқты бұл да үлкен бір фейк», - деді Путин. Ал Лукашенко болса бұл қырғынға қатысты құжаттарды Ресейдің арнайы органдарына бергенін айтады. «ФҚҚ (ФСБ) өкілдеріне арнаы құжаттар берілді, онда қалаға қалай келіп, қалай арандату жасалғаны жайлы барлық дәлелдер бар» дейді ол. «Егер сіздерге Бучаға қандай көлікпен келіп, қандай маркадағы машина болғанын, оның нөмірі қандай екенін білгілеріңіз келсе, ФҚҚ-да барлық ақпарат бар. Егер жоқ болса, онда біз сіздерге көмектесе аламыз. Ресейлік достарымызбен біз бұл сұмдық арандатуды, Батыстың лас тірлігін бірінші сағатта-ақ аңғарған едік», дейді Лукашенко. Оның сөзінше Бучадағы арандатуды ағылшын арнайы жасақтары жасаған.

Путин Украинадағы соғысты былайша ақтамақ болды: «Біз бір жағынан адамдарға көмектесіп, оларды құтқарып жатырмыз, ал екінші жағынан біз Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз. Бұл өте дұрыс шешім болды, бізде басқа амал да, таңдау да жоқ еді. Украинаны антиресейлік аймаққа айналдырды, неонацизм ордасы етті. Ол неонацизм өкілдерін дайындау арқылы Ресейге соққы беруді ойлады, тек қана уақыты мен күнін ойластырды», - деді. Путин Украинадағы барлық мақсаттар іске асады деп уәде беріп отыр. Ол Киевтің Донбасстағы геноцидіне шыдау мүмкін емес деп мәлімдеді.

Сарапшылар Лукашенко мен Путиннің кездесуінде маңызды мәселелер талқыланғанын айтады. Жабық есік форматында Путин Беларусьтің соғысқа белсенді қатысуын сұрады дейді. Қазір Беларусь Украинаға шабуыл жасау үшін өзінің аумағын беріп отыр.

Abai.kz

6 пікір